«Қазақстанның табиғат зоналары»
Сабақтың тақырыбы: «Қазақстанның табиғат зоналары»
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның табиғат зонасының ерекшеліктері мен өзіндік заңдылықтары бойынша алған білімдерінің қандай деңгейде екенін байқау арқылы, оқушылардың ақыл-ой белсенділігі мен іскерлік белсенділікті қатар қолдануға ықпал ету.
Сабақтың барысы:
І. Ой қозғау.
1. Кластер құру 2. «Футбол» ойыны
ІІ. Сергіту сәті.
1. Слайд, табиғат зоналарындағы өсімдіктер мен жануарларды көрсету.
ІІІ. Мағынаны ажырату.
1. Географиялық диктант
2. Сандар сөйлейді
3. Тест
ІҮ. Ой толғау.
1. «Домино» ойыны 2. Эссе жазу
Оқушылар «Орманды дала және дала», «Шөл және шөлейт» деп аталатын екі топқа бөлінеді.
Ой қозғау
1. Кластер құру
1-топ орманды дала және дала зонасын құрады.
2-топ шөл және шөлейт зонасын құрады.
2. «Футбол» ойыны. Екі топтағы оқушылар қағазға жазылған сұрақтарды бірі біріне лақтырады.
1-топ.
1. Орманды дала зонасында қандай жануарлар мекендейді?
2. Дала зонасының топырағы қандай типтерге бөлінеді?
3. Дала зонасында қандай дәрілік өсімдіктер кезедеседі.
2-топ.
1. Ең ірі сазды шөлдерді атаңыз.
2. Шөл зонасындаңы ең ірі құмды шөлдерді атаңыз.
3. Шөл және шөлейт зонасының топырағының түрлерін атаңыз.
Сергіту сәті. Оқушылар тапсырмаларды белсенді орындағаны үшін табиғат зонасындағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесі туралы слайдты музыка арқылы көрсету.
Мағынаны ажырату.
І. Географиялық диктант (сұрақтардың тұсына иә, жоқ белгілерін қояды).
1. Шөлейтте қой және жылқы шаруашылығы басым дамыған. иә
2. Шөлейт зонасы Қазақстан жерінің 117 млн. га жерін алып жатыр. жоқ
3. Дермене дәрілік өсімдігі дала зонасында кездеседі. жоқ
4. Ойыл, Жем, Торғай шөлейт зонасының өзені. иә
5. Сарышұнақ тұқымдасынан ірі суырлар дала зонасында кездеседі. иә
3. Сандар сөйлейді: 1) 77 млн. га 2) 2200 кшқ 3) 300-350 мм 4) +70 С 5) 16 кг
Жауаптары:
1. 77 млн. га – дала зонасының аумағы.
2. 2200 кшқ – дала зонасы батыстан шығысқа қарай созылуы
3. 300-350 мм – орманды дала зонасының жауын-шашын мөлшері
4. +70 С – шөл зонасындағы құмның беткі температурасы
5. 16 кг – дала зонасындағы дуадақ құсының салмағы
3. Табиғат зоналарына байланысты тест сұрақтары
1. Орманды дала зонасының өзендері
а) Жайық, Сарысу б) Есіл, Тобыл г) Ертіс, Ақсу
ә) Торғай, Шу в) Сағыз, Нұра
2. Солтүстік ормандардың бұланы кездесетін табиғат зонасы:
а) дала ә) шөл б) шөлейт в) таулы г) орманды дала
3. Орманды дала зонасындағы қара топырақты қабаттың қалындығы:
а) 35 см ә) 60 см б) 45 см в) 85 см г) 75 см
4. Дала зонасында өсетін дәрілік шөптер:
а) селеу, боз б) итмұрын, шайшөп г) қарағаш, ши
ә) жусан, жолжелкен в) қамыс, кактус5. Қазақстандағы өтпелі табиғат зонасы:
а) шөл ә) дала б) орманды дала в) шөлейт г) таулы
6. Құмды шөл:
а) бетпақ дала б) Арал маңы Қарақұм г) Жем
ә) үстірт в) Торғай
7. Дала зонасында таралған топырақ түрі:
а) қара топырақ б) қоңыр, сұр топырақ г) күлгін топырақ
ә) қара және қызыл топырақ в) ашық қара қоңыр топырақ
8. Дала зонасының ірі құсы
а) бозторғай ә) тырна б) күйкентай в) безгелдек г) дуадақ
9. Шөлейт зонаның топырағындағы қарашірік мөлшері:
а) 1-2 ә) 2-3 б) 5-6 в) 7 г) 9
10. Қазақстандағы тасты шөлдер:
а) Нарын, Тайсойған б) Мойынқұм, Қызылқұм
ә) Бозанай, Қосдәулет в) Үлкен, Кіші борсық
г) Үстіріт, Бетпақдала
Ой толғау: 1. «Домино» ойыны
? |
Ең ірі сазды шөл |
|
Бетпақдала |
Ең ірі құмды шөл |
|
Қызылқұм |
Сортаң топырақта өсетін ағаш тектес өсімдік |
|
Қара сексеуіл |
Орманды дала зонасы Қазақстан жерінің қанша пайызын алып жатыр? |
|
29% |
Шөлейттің негізгі топырағы |
|
Ашық қара қоңыр топырақ |
Сүңгуір, гагаро құстары қандай табиғат зонасында кездеседі? |
|
Дала зонасы |
|
|
1. Эссе. Бір шумақ табиғат туралы өлең жазу.
Қорытынды. Сонымен, Қазақстанда төрт табиғат зонасы кездеседі екен. Әрбір табиғат зонасының өзіне тән климаты, өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесі болатынын, табиғат зонасының қалыптасуы ендікке және жылу мен ылғалдың таралуына байланысты қалыптасатынын білдік.
Сабақ М.Мақатаевтың өлеңімен аяқталады.
Үйге тапсырма. §38-39 (таңдауы бойынша табиғат зоналарының біріне сипаттама беру).