С дыбысы мен әрпі

Тастаева Райхан Гайсиевна

Сабақ мақсаты:

Коррекциялық – білімділік: С дыбысын буында, сөзде, сөйлемде дұрыс айтуға машықтандыру.

таныстыру. Дыбыс, буын туралы ұғымдарын кеңейту.

Коррекциялық – дамытушылық:  Артикуляциялық мүшелерінің икемділігін арттыру. Қолдың

ұсақ моторикасын дамыту. Дұрыс тыныс алуларын дамыту.Сөздік  қорларын молайту.

Коррекциялық – тәрбиелік:   ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Кезең: Дыбыс айтуды машықтандыру.

Көрнекілік:айна, атикулияциялық суреттер, заттық суреттер,  плакат, үлестірмелі материалдар.

слайд

Сабақ барысы:

І.  Ұйымдастыру

-Амандасу

-Артикуляциялық жаттығулар

, «Сағат тілі», «Терезе», «Күрекше»,

-Тыныс алу жаттығулары

Шаттық шеңбері

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық.

Таза ауаны жұтайық,

Жүрекке жылу сыйлайық.

ІІІ.  Жаңа сабақ

-Балалар мына суретте не бейнелеген? (Ай, тістелген тоқаш)

-Бұл бейнелер қандай әріпке ұқсайды? (С) С дыбысының артикуляциялық кескінімен, әріп

таңбасымен, жазылуымен таныстыру. Ерін жымиып тұрады, тістердің арасы шамамен  1 мм

ашық, тілдің ұшы төменгі тістерге тіреліп тұрады.

-«Шалқан» ертегісін білеміз бе? Ендеше ертегі кейіпкерлеріне көмектесейік.

1- тапсырма. Әженің тапсырмасы:

Суретпен жұмыс. Сәбіз. Сағат. Саңырауқұлақ. Самаурын.

2-тапсырма. Немересінің тапсырмасы:

Буындарды, сөздерді оқы.

Са –со- су-сы

Со- су- са-сы

Сұ – со- са- сы

Сы – со -сұ – са

Са – су- су –сұ

Сы – су- сұ – со

 

Са-са-са- ызыңдайды маса,

Сі-сі-сі-әжемде әйбәт мәсі,

Ыс-ыс-ыс-келіп қалды қыс,

Із-із-із-жеңіп шықтық біз,

3 -тапсырма. Иттің тапсырмасы:

Суреттегі сөздерді буынға бөл. Са-қи-на, са-бын, сыз-ғыш, са-дақ, сөм-ке

4- тапсырма. Сергіту сәті. Мысықтың тапсырмасы.

Орнымыздан тұрайық,

Белімізді жазайық.

Бір отырып, бір тұрып

Біз бір дем алайық

5-тапсырма. Тышқанның тапсырмасы.

Жаңылтпашты бір тыныста оқыңдар, с дыбын анық айт.

 

Сорпа іштік,

Сорпа ыстық,

Сондықтан,,

Қорқа іштік..

-Шалқанды жерден шығардық. Ертегі кейіпкерлері алғыстарын білдіруде. Жарайсыңдар!

Үйге тапсырма: С дыбысын дәптерге жазып, толтыру.

Қорытынды. Бүгін біз қандай әріпті өттік? С дыбысынан басталатын қандай сөздерді білесің?

Бағалау. Баланы мадақтау.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *