Т.Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі
Боханова Шолпан Молдановна
Сабақтың мақсаты: 1.Өнер құдіретінің ботасы өлген боз іңгеннің зарын шынайы бейнелеген жазушы әңгімесінің мән-мағынасын ашу.
2.Танымдық қызығушылығын ескере отырып, жеке тұлғаны жан-жақты дамыту.
3.Жеке тұлғаның білімді өз ізденісімен, өзі анықтай білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
1.Блум таксономиясы бойынша білім дағдыларын қалыптастыруға дағдыланады.
2.Сыни ойлау дағдыларын Блум таксономиясы арқылы бағалаудың әдіс-тәсілдерін қолдана алады.
Әдіс-тәсілдері: жеке жұмыс,топтық жұмыс,постер қорғау
Т.Ахтановтың «Күй аңызы» бойынша видео қарау.
Мұғалім сөзі: Құрметті әріптестер!!!
Сіздермен бүгінгі семинарда жүздесіп отырғаныма өте қуаныштымын.
Партаның үстіндегі мазайкаларды алып, ұлттық аспаптарды құрастырып,топқа бөлінулеріңізді сұраймын.
Ұлттық аспаптар:1.Домбыра 2.Қобыз 3.Жетіген 4.Үскірік 5 Сылдырмақ
Деңгей бойынша сұрақ-тапсырмалар
Білім 1.Т.Ахтановтың шығармашылығына шолу жасай отырып,
«Күй аңызы» әңгімесінің идеясы мен тақырыбын ашу.
2.Шығармадағы өнер құдіреті арқылы адамдар арасындағы психологиялық тартысты, оқиға шиеленістерін зерделеуге үйрету.
3.Өнер құдіретін сезінуге, халықтық өнерді сүюге тәрбиелеу.
Түсіну1.Жазушы күй туралы,күйші туралы неге тебіреніп жазды деп ойлайсыңдар?
2.Ботасы өлген аруана Естемес күйшіге қалай әсер етті? Әсер етсе, жолда күй неліктен толық шықпады?
3.«Нар идірген» атты күй дүниеге қалай келді?
«Нар идірген» күйін ойнату
Қолдану 1.Жаңылдың портретін мәтіннен тауып оқыңдар,өз сөздеріңмен көркем етіп айтып беріңдер.
2.Екі жолаушының жазушы суреттеуіндегі портреттерін оқи отырып, мінездеме беріңдер.
Сергіту сәті«Адай» күйін ойнату
Әр топ өздеріңіз таңдаған аспаптарыңыз бойынша қимыл жасауларыңызды сұраймын.
ТалдауШығарманы композициялық құрылысына талда.
Шығарманың композициясы | Дәлелдеме |
1.Оқиғаның басталуы | Екі күйші.Ботасы өлген боз іңген |
2.Оқиғаның байланысы | Аяқталмай қалған күй… |
3.Оқиғаның дамуы | Нар соңынан ерген екі жолаушы |
4.Оқиғаның шиеленісуі | Естеместің қызға көзі түсуі |
5.Оқиғаның шарықтау шегі | Әке шарты. Қыз қулығы. |
6.Оқиғаның шешілуі | Естемес күйшінің «Екі күйші,
өнерлеріңді бірдей салыңдар»деген қыз сөзінің мәнін түсінуі «Нар идірген» күйінің дүниеге келуі |
Сіздердің қорғаған жұмыстарыңыз блум таксономиясының қай кезеңіне жатады?
Жинақтау1.«Екі күйші,өнерлеріңді бірдей салыңдар»деген қыз сөзінің астарында не бар еді? Өз сөздеріңмен ашып айтып түсіндіріңдер.
2.Күйшінің қызға деген сезімінің суреттелуі.
Күйші сезімінің оянған сәті | Сезімнің өшкен сәті |
Жас жігіттей құлшынып шыға келуі. «Бір жылдан бері мен аңдамаған мінезін осы бүгін көрсетті-ау» (Оразымбет ойы)
Бір тізерлеп отыруы күйшінің мына тартысы бөлек еді.Қайтадан сергіп,балапандай талпынады. Естемес күйге елігіп,өзге дүниені ұмытып кетті.Күйші көңілі де күй қанатына ілесіп,алысқа самғады. |
Дір етіп,бір шошынып қалған күйі әлгі тапқан жайма шуақ биігінен төмендеп,қайтадан мұңды сазға ауысып,күңіреніп барады.
Жалт еткен арманынан айырылып қалғандай. Күйшінің де көзінен жас тамып кетті: «Заманым өткен екен ғой» деп ах ұрып жалт бұрылды. |
Бағалау «Нар идірген» күйі туралы аңызбен астас өз ойың.
Әр топ бірін-бірі бағалайды.
Рефлекция Домбыраға қатысушылар өз тілектерін жазып жапсырады.
«Адай» күйін ойнату
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай:«Шығармашыл тұлға – өзі үйрене жүріп, өзгені де үйрете алады»
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718