Үлкен – кіші
Умирзахова Раушан Сериковна
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарапайым математика
Тақырыбы: «Үлкен – кіші»
Мақсаты: Заттарды көлеміне қарай және санына қарай салыстыруды үйрету.Қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту.Шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.
Ғажайып сәт.
-Балалар, бүгін бізге қонақ келгенін білесіңдер ме?Ол бізге тәулік мезгілдері туралы әңгімелеп бермекші.Мен бір жұмбақ жасырайын, жауабын тапсаңдар келген қонақтың не екенін білесіңдер.
Балалар қызығушылық танады.
Жұмбақ.
Тиіскенді түйреген,
Кимі бар инеден.
(Кірпі)
-Балалар, жұмбақ не туралы?
Кірпі туралы.
Осы кезде шымыдылықтың артынан ақырын кірпі шығып, балалармен амандасады.
Кірпі балаларға бір тәулікте төрт мезгіл болатынын, олар:таңертең,күндіз,кеш,түн деп аталатынын айтады.
-Сендер үлкендер мен балалар таңертең, күндіз, кешке,түнде немен айналасатынын білгілерің келе ме?
Иә, білгіміз келеді
-Таңертең үлкендер жұмысқа, ал балалар балабақшаға,мектепке барады.Күндіз үлкендер жұмыс істейді,ал балалар сабақ оқиды.Кешке бәрі демалады,ал түнде ұйықтайды.
Совет Әлімқұловтың тақпағын тыңдаңдар.
Кірпі шымылдықтың артында тұрып тақпақты оқиды.
Таң
Таң шапағы алаулап,
Дала нұрға боялды.
Мүлгіген бақ манаурап,
Ұйқыснан оянды.
Жүзін желдің өтіне
Тостыгүлдер желбіреп.
Жапырақтар бетіне
Мөп-мөлдір шық қонды кеп.
«Бұл қай кезде болады?» ойыны.
Тәрбиеші балаларға бірнеше сұрақтар қояды:
-Балалар,тақпақта тәуліктің қай мезгілі туралы айтылған?
Таңертең туралы
-Біз таңертең не істейміз?
Ұйқыдан тұрамыз, төсегімізді жинаймыз, жаттығу жасаймыз, жуынамыз, таңғы асымызды ішеміз.
Кірпі таңертең тамақтанғаннан кейін балалар балабақшаға баратынын,оқушылар мектепке, ал үлкендер жұмысқа баратындарын айтады.
-Бала не істеп жатыр?
-Бала оянып, жуынып, жаттығу жасап, таңғы асын ішіп отыр.
«Үлкен және кішкентай» ойыны.
Кірпі балалардан суреттен оның достарын табуды ұсынады.
-Суреттен нені көріп тұрсыңдар?
-Кірпілерді көріп тұрмыз
-Кірпілер бірдей ма?
-Әртүрлі.
-Олар қандай екен?
-Үлкен және кішкентай
Кірпі суретте сүті бар екі кесе салынғанын айтады:үлкен кесе үлкен кірпіге арналған.
Содан соң кірпі балалар бір тапсырма береді:үлкен кірпіден үлкен кесеге қарай,кішкентай кірпіден кішкентайкесеге қарай жол салыңдар.
Үлкен кірпі қай кеседен сүт ішеді?
Үлкен кеседен ішед
-Кішкентай кірпі қай кеседен сүт ішед
-Кішкентай кеседен ішеді.
Сергіту сәті:
Бір деп – тік тұрамыз
Екі деп – екі рет айналамыз.
Үш деп – үш рет секіріп.
Төрт дегенде – отырамыз!
«Бір және көп» ойыны.
Кірпілер тек сүттті ғана емес, алманы да қатты жақсы көретінін айтады.
-Балалар, кірпі қысқа азық жинап алмақшы екен.
Кірпіге көп алма қайда, бір алма қай жерде тұрғанын айтып жіберіңдерші.
Кірпі мынадай сұрақтар қояды:
-Ағашта неше алма бар?
-Бір алма бар.
-Жерде неше алма жатыр?
-Көп алма жатыр.
-Қай жердегі алма көп?
-Жердегі алма көп.
Кірпі ағаштағы өсіп тұрған бір алманы қоршап сызуларын тапсырады.
Жеке көмек көрсетеді.
Кірпі тапсырманы дұрыс орындағаны үшін балаларға рахмет айтып, қоштасады.
– Балалар бізге қонаққа кім келді?
-Кірпі
– Балалар, сендер тәуліктің қандай бөліктерін білесіңдер?
Кірпі
-Таңертең
– Ағашта неше алма бар?
-Бір алма бар.
– Жерде неше алма жатыр?
-Көп алма жатыр.
– Қай жердегі алма көп?
-Жердегі алма көп.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Заттардың көлемі мен санын, тәулік мезгілін – таңды атайды;
Нені игерді: Заттардың көлемі бойынша және саны бойынша болатынын;
Нені білді: Қарындашпен жұмыс істеуді, көлеміне қарай заттарды сызық арқылы қосуды.