Білім беру саласының қазіргі жағдайы және дамуы
Далеуова Зауреш Асауовна
Даму жолындағы қоғамда ең алдымен білім дамуға тиісті. Ал білімді дамытатын сол үрдістің субъектілерінің принципті түрдегі жаңа әрекеттері мен жаңа қарым-қатынас нормаларын меңгеруі болып табылады. Жаңа қоғамдағы білімге айырықша көңіл аударарлық мәселе білім емес, оны меңгеруге деген қабілеттілік, есте сақтау емес, психиканың негізгі механизмі-ойлау, шыдамдылық емес, оқу үрдісіне деген белсенділік, оқу нәтижелеріне жету арқылы өз орнын анықтау; жауапкершілік; жай оқу емес, жеке, қоғамдық, кәсіби өмірді нұрландыру үшін оқу.Білім-тоқтаусыз, толассыз үрдіс. ХХІ ғасыр білімін адамның қызығушылықтарының дамуы, оның өзінің дамуы деп түсіну ләзім. Бұл-әр адамның өзін-өзі жасампаздықпен қайта құра алуы, қоғамдық талаптар тұрғысынан өзіне сыни баға бере алуы, айналаны өзгертуге қатыса алуы. Білім арқылы адамның интеллектуалдық, рухани күші артып, тұлғалылығы қалыптасады.Даму да, білім де ешбір адамға қолдан беріле салмайтындығы туралы көптеген ғұламалар айтып кеткен. Кімде-кім оған қол жеткізгісі келсе, әрекет етуі, ақыл-парасатын, қарым-қабілетін жұмсауы қажет. Бұл тұрғыдан алғанда, кез келген білім, ол-өз бетінше білім алу. Шығармашылық әлеуеттің дамуы жаңашылдықтың қажеттілігін сезіну арқылы, оған деген өзінің сенімдерін қалыптастыру арқылы көрінеді де, өз білімін көтеруге негіз болады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамсында: «Орта білім беру міндеттерінің бірі-азаматтыққа, адамның құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарауға, елжандылыққа, өз Отанын сүюге тәрбиелеу» деп көрсетіледі.Ел Президентінің 2004 жылғы 19 наурыз айындағы Қазақстан халқына «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» Жолдауында: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен, оның ішінде патриоттықпен айқындалатынын ерекше атап көрсетеді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында және Қазақстан Республикасы білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде білім беру мәселесінің жай-күйі жан-жақты талданып, адамгершілік құндылықтарды нығайтуға ерекше назар аударып, Қазақстандық патриотизм мен интернационализм негізінде білім алушыларды тәрбиелеудің тиімді жүйесін енгізу қажеттілігі баса айтылды.Дегенмен де білім жүйесінің аса күрделі және жауапты сала екендігін, оны реформалауда қателіктер жіберілсе, бірнеше ұрпақтың тағдырына, мемлекетіміз бен ұлтымыздың тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне зиянын тигізуі мүмкін екенін, сондықтан білімнің пәрменділігін және сапасын арттыру үшін бүкіл білім жүйесінде қысқа мерзім ішінде күрт өзгерістер жасаудың қауіпті де, қатерлі екенін әрқашан ескергеніміз жөн.
Қазіргі білім жүйесінің басты кемшілігі оның білім жиынтығын беруге бағытталғандығында ғана емес, сол білім мазмұнының шашыраңқы, қазіргі өркениеттің өзгермелі сипатына, ғылыми жаңалықтарға, тез жетілдіріп өндіріске еніп жатқан жаңа технологияларға сәйкес дер кезінде жаңарып, жетіліп, бейімделіп отыруға қабілетсіз, консервативті, орталықтандырылған, жабық және шектеулі түрде болуында деп есептеймін. Оның үстіне, соңғы он бес жылдың көлемінде мектептердің оқу-материалдық, кадрлық базасының моральдық та, материалдық та жағынан барынша ескіріп, құлдырап кетуі білім сапасына орасан зор зиянын тигізгені белгілі.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында болашақ, келесі ғасырда, жаңа мыңжылдыққа өткен құндылықтар туралы айтты: «Біз өзіміздің болашағымызды және жастарымызды қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті.біз ненің іргесін тұрғызғымыз келетінін, таңдап алған мақсатымызға алып келетін өз дамуымыздың траекториясы, даңғылы қандай болуға тиіс екенін анық білуге және ұғынуға тиіспіз». Міне сондықтан еліміздің даму бағыты айқындалған уақытта білім берудің маңыздылығы мен оның мәнділігіне көңіл бөлініп, сапалы білімге қол жеткізуде нақты міндеттер қойылып, болашақтағы атқарылар іс-шаралар айшықталуы қажет. Білім беруді қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымынан, мәдени құндылықтарынан, ұлттық дәстүр, рухани негізден бөле-жара қарауға болмайды.Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің реформалануы, қоғамның демократиялық бағытта дами бастағанын көрсетеді. Ал жаңа типті инновациялық мектептердің негізгі мақсаты-жеке тұлғаны толық дамыту және білімдендіру болып табылады. «Инновация»-(лат.тілінен-nouis-жаңа) аударғанда жаңалау, жаңа, өзгеру-деген мағыналарды көрсетеді.Инновация дегеніміз-жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз-тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру, яғни инновациялық үрдісті мазмұнды дамыту, жаңаны ұйымдастыру, қалыптастыруды анықтайды, ал «жаңаша» деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс-тәсілі мен технологияларын қамтитын құбылысты айтады.
Көптеген ғалымдарымыздың еңбектерін қарап отырсақ, «Инновация» дегеніміз-білім беру үрдісін өзгертуге бағытталған педагогикалық жаңалық енгізу. Ал жаңалық енгізу, мәселелерді тиімді жолмен шешу үшін қажет»,-дейді және ол міндетті төмендегідей екі талапты көрсетеді. Инновацияныңғылымимағынасы да әртүрлідеңгейдесипатталады, мәселен:
- инновациянықиынмәселенішешудетуындайтынерекшебірқажет идея ретіндеқарастыру;
- инновациянымектепжұмысынжоғарысатығакөтеругебағыттау.
Ғылым мен халыққа білім берудің дамуы елімізді техниклық прогреске жеткізері мәлім. Ал техникалық прогресс-қоғамдық және жеке бастың өмір сүру деңгейін көтеруші; Ол еңбек өнімділігінің жоғарылауына әкеледі. Сонымен, білім беру жүйесін қоғамдық өмірдің өзге салаларының да негізі деп білуіміз керек.
Бүгінгі таңда білім беру саласында әртүрлі сипаттағы және бағыттағы «инновациялар» енгізілуде. Азды-көпті мемлекеттік реформалар жүргізіліп, оқыту әдістері мен технологияларына жаңалықтар кіруде. Білім беру саласынаенгенжаңалықтарғамынаөзгерістердіжатқызамыз:
- оқу-тәрбиемекемелерініңжаңашылбасқарылуын;
- білімніңқоғамдағыорны, жәнесолжүйеніқаржыландырудеңгейін;
- тәрбиежәнебілімжүйесіқұрылымын;
- білім беру мазмұнын, яғниоқужоспарларындағыжәнебағдарламаларындағыөзгерістерді;
- мектептіңішкіұйымдастырушылықәрекеттерінайтуға.
Мектеп-ешуақытта қоғамның, мәдениеттің, ғылым мен білімнің жаңалықтарынан тыс қалып қоймай, үнемі оқушылардың бойына іскерлік пен дағдыларды қалыптастырып, дүниетанымдарының кең болуын қамтамасыз етіп отырғаны жөн. Ал қоғамның жаңалықтарынан алшақтау, дамыған мактептен білім алған оқушының теориялық және практикалық білімдері, ақпараттың дамып отырған уақытында жеткіліксіз болып қала бермек. Міне сондықтан мектептің білім мазмұнын қайтадан қарап, заман талабына сай өзгерту, бүгінгі таңдағы басты мәселеге айналып отыр. «Елдің дамуы оның білім беру жүйесі арқылы бағаланатын болады»-деп Елбасы айтқандай, шынында да білім беру бүгінгі таңда үлкен капиталға айналу үстінде. Білім беру капиталға айналған уақытта, оған деген көзқарас өзгеріп, капиталды жинақтау жолдарын қарастыруымыз қажет. Сол үшін де артта қалып бара жатқан мектептерге өкімет тарапынан қолдау көрсетіліп, олардың материалдық-техникалық базаларын нығайтып, жаңа бағыттағы білім мазмұнын ұйымдастыруды қолға алу қажеттілігі туындап отыр. Қазіргі уақытта қоғмдық, саяси-әлеуметтік жағдайлардың өзгеруіне байланысты барлық салада өзгерістердің пайда болуына әкеп соғуда.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен бүкіл өркениетті әлемдегі ақпараттық даму білім берудің дәстүрлі қалыптасқан жүйесін, әдістері мен технологиясын қайта қарауды талап етуде. Бұл процесс білімнің жаңа аймақтарына енудің қажеттілігі мен оны жеке тұлғаның толық көлемде меңгеруінің толық көлемде меңгеруінің қиыншылықтары арасындағы қарама-қайшылықтары ретінде белең алып отыр.Білім берудің дәстүрлі технологиясын қолдану, алдымен студенттердің, мысалы, экономика және онымен іргелес ғылымдар саласы бойынша білімдерді экстенсивті жинақтауымен ғана байланысты болады. Бірақ өте кең көлемдегі оқу және ғылыми мәліметтерді меңгеру қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда болашақ мамандардың кәсіби және өмірлік қалыптасуы үшін жеткілікті шарт болып есептелмейді. Сондықтан ақпаратты сұрыптаудың жаңа тәсілдері мен жаңа ақпараттық технологияларды меңгеру дағдылары нарық жағдайында бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруғы міндетті талапқа айналып отыр. Бұл дағдыларды мектепте, колледжде, жоғары оқу орындарында қалыптастыру мәселесі қойылуда.Оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын қолдану білімді меңгеру және бекіту процестерін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Өйткені оқушының немесе студенттің өз жұмысының жалдамдығын, оқу мақсатына жету кезеңдерінің сатысын өзі таңдай алу мүмкіндігі, тұлғалық ерекшелігі мен даярлық деңгейіне сәйкес тиімді жаттығуы оқу процесін дараландыруға және ізгілендіруге жағдай жасайды.Ақпараттық-есептеу технологиясын қолдану оқу еңбегінің зияткерлігін күшейтеді. Экономикалық процестерді макро және микро деңгейлерде берілген қасиеттері бойынша оқу бағарламасының мақсаты мен міндеттеріне сәйкес модельдеу қиялдың, шығармашылықтың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызады, оқытудың мотивациясын күшейтеді.Интеграциялық процестердің тарихи-гнесологиялық негізі ғылым мен білім беру таным ерекшеліктеріне алғышарт ретінде алынып, оның мәні дүние мен адамның өзі жөніндегі білімдердің интеграциясы мен дифференциясының кезектесуі адамзаттың өмір сүру ортасын сақтаудың жаһандық проблемасының шешімін іздестіру болып табылады.Қазіргі зерттеулерде білімді интеграциялау проблемасы негізінен дидактикалық жүйені құрылымдау принципі ретінде қарастырылады. Сонымен қатар ақпарат әлемінде өз мүмкіндігін кәсіби тұрғыдан жүзеге асыруға қабілетті тұлғаны жан-жақты қалыптастыру тәсілі ретінде де зертелуде. Білімді интеграциялау теориясын талдау интеграцияның жүйелік, модульдік, фрагментті-ұғымдық деңгейлерін бөліп қарастыруға мүмкіндік береді. Интеграцияның жүйелік деңгейіне жету дегеніміз дүниенің біртұтас ақпараттық бейнесін түсінуге бейім теориялық ойлауды дамыту болып есептеледі. Білім интеграциясының модульдік деңгейінде қандайда бір өлшем (уақыт, кеңістік, моралдық-адамгершілік, т.б.) бойынша жекелеген пәндік аймақтағы дағдыларды қорыту жүзеге асырылады.
Оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары және оларды қолданудың мүмкіндіктері В.С.Гершунский, В.М.Ленива, Е.И.Машбиц, Г.К.Нұрғалиева, Е.С.Полат, В.Г.Разумовский, т.б. ғалымдарының еңбектерінде зерттелген. Аталған еңбектер білім беру процесінде жаңа ақпараттық технологияны қолданудың психологиялық, педагогикалық мүмкіндіктерін ашып көрсетеді. Жаңа ақпараттық технологиялар білім мен мәліметтерді әртүрлі формада, әртүрлі күрделілілік деңгейде ұйымдастыруға, қажетті модульге тез арада қол жеткізуге, қолайлы жылдамдықпен бірнеше рет қайталап отыруға мүмкіндік береді. Білім беру процесінде табиғи және дәстүрлі лабораториялық жағдайда кейде қол жетпейтін көрнекіліктерді пайдалануға, мотивацияны жоғарылататын материалдарды жақсы меңгеруге көмектесе алады. Жаңа ақпараттық технологияларды білім беру процесінде қолдану білімнің жаңа сапалық деңгейіне қол жеткізеді, өйткені бұл потенциалдық мүмкіндік ақпараттық технологияның мәнінде жатыр
Қорыта айтқанда, оқытудың жаңа ақпараттық технологияларды тұлғада жекелеген пәндік білімдерді қалыптастыруға бейім. Сондықтан болашақта бұл мүмкіндіктерді білім беру процесінде пайдаланудың маңызы зор.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Имжарова З.У.«Инновационная педогогическая технология».
- Загашев И.О. «Критикалық ойлау технологиясы».