Шәкірт жағдайын кім ойлайды?

Елеусизова Зина Ерболатовна

Мұғалім еңбегі сағатпен өлшеуге көрінбейтін, ақыл-ойға ауыр жүк артуды  міндеттейтін іс-қимылдардан тұратындығымен ерекшеленетіні әлдеқашан дәлелденген ақиқат. Мәселен, бүгін ұстаз мектепте  үш сағаттық жұмыс тым қысқа көрініп, ертеңгі тоғыздан кешкі алтыға дейін мекемеде болатын өзге  маман иелерінің таңданысын  туғызары анық.. Бірақ, олай ойлау мүлде дұрыс емес. Осы үшін қырық бес минөтті өткізу үшін  қолдан әзірлеуге  тура келген жағдайда тіпті  бір сабаққа әзірлік екі-үш сағатқа созылыпкетуі әбден мүмкін. Бұдан шығатын қорытынды: мұғалім  жұмысының үштен екісі үйде орындалады екен.

Бүгінгі мектеп оқушылары, расын айту керек, өмірді кітаптағыдай деп түсініп қабылдайтын бұрынғы алпысыншы жылдардың балаларынан, яғни аға буыннан бөлек. Олар көп нәрселерді өмірдің өзінен үйренеді. Мұғалімдерге де сын көзімен қарайды. Оларды таңдандыру үшін Ильинше айтсақ, «әрбір сабақ – жаңалық» болуы шарт.

Жаңашыл мұғалім  В.Ф.Шаталов бұл жөнінде  былай дейді: «…педагогикалық жоғары оқу орнының дипломы – бар жағы аса үлкен де күрделі іске кірісуге тиісті құқық беретін құжат қана. Ал ұстаз еңбегінің күрделілігі – әрбір оқушының жүрегіне жол табуда, әрбір баланың бойындағы қабілетті  дамыту үшін жағдай жасауда. Ең бастысы: мұғалім оқушының өзін тұлға ретінде сезінуіне көмектесуі керек, оның бойында өзін, өмірді, әлемді тануға деген қажеттілікті оятпа  білуі керек…»

            Қай заманда да, мұғалімге күрделі міндеттер жүктелген. Яғни өзгеріске, жаңалыққа толы бүгінгі заман мұғалімге сегіз қырлы, бір сырлы ерен қасиет иесі болуды міндеттейді. Дамудың әлемдік деңгейімен иықтасу үшін ұстаздың барлық қырлары  түгелдей дерлік алмас қылыштай жарқырап тұруы ләзім.

Мұғалімнің өз пәнін терең меңгеруі оның алғашқы қыры десек, шәкірттерге ғылым  негіздерін үйрету барысында келесі қырын – кәсіби шеберлігін ұштай  түсуге тура келеді. Алдыңғы балалар сезімін селт еткізіп қана қоймай, оларды баурап ала білу, сөз жоқ, ұстаз шеберлігінің айғағы.

Бір сыныптағы отыз оқушы кескін, келбет  жағынан бір-біріне қалай ұқсамаса қабілеті, қабылдау, зейіні, есте сақтау, т.б. жақтарынан да әрқилы. Бір оқушы мұғалім түсінігін бірден қабылдап алса, екіншісі баяу қабылдайды, ал үшіншісіне аталмыш тақырыпты меңгерту бұдан кейінгі бірнеше қосымша сабақтардың үлесіне тиетін қиын іс.

Баяу қабылдайтындар саны сынып құрамының үштен бірін, тіпті үштен екісін қамтыған жағдайда жұмыс екі есеге жуық қиындай түсетіні мәлім.  Мұғалім барын сала еңбектенеді, яғни мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас заңдылығы  бұзылған.

Мұғалім үйретеді, оқушы үйренбейді. Мұғалім сөйлейді, оқушы үндемейді. Мұндай қарама-қайшылық ұстазды тығырыққа тірейтіні рас. Ойы онға, санасы санға бөлінген ұстаз тығырықтан шығудың жолдарын қарастырады. Білім шуағымен бала санасын нұрландыра білсе, өз көкірегі де нұрланбақ. Сапалы біліммен бала санасын өсіргенде ғана өз мәртебесі биіктемек.

Сонымен қатар тұйыққа тірелген адам көкейінде «Не істеу керек?және «Біз жаңашыл бағытқа қалай барамыз» деген сұрақтар  туындайтыны белгілі.б.э.д. 469-399ж өмір сүрген ежелгі гек филосовы «Талпыныс үстінде жақсара түспесең,жақсы өмір сүрі мүмкін емес.» деген өсиетті сөзі бүгінгі таңда мұғалім қауымның жоғары да айтқан мұғалім үйретеді, оқушы қабылдамайды деген сұраққа жауап беретіндей деңгейдеміз. Сұрақ – әрекетке, әрекет – ізденіске, ізденіс- еңбекке, еңбек – нәтижеге бастайды.

Бұрын өткізіп келген сабақтарын ой елегінен  өткізе келе, ұстаз өз ісінде бірдеменің жетпей жатқандығын іштей  мойындауға мәжбүр. Сабақ оқушылардан өткен тақырыпты сұрап, жаңа тақырыпты сөйлеп-сөйлеп шығып кетуден ғана тұрмайтынын, өзі ойлағаннан әлдеқайда күрделі құрылым екенін сезінуі тиіс. Оқушы кемшілігін өз кемшілігім деп қабылдаған ұстаз ізденістің иірім жолдарына түсуге тәуекел етпек.

Балаға әсер ету жолдары түрліше. Ізденісті ол әр баланың ішіне үңілуден бастайды. Әркімнің жан-дүниесінің есігін ашатын кілтті қолға түсіруі – сезімталдық, көрегендік,сергектік. Оқытып жүрген оқушыларының өзіндік ерекшеліктерін  жете зерттеп біліп алған соң, әдіс-тәсілдерді солардың қабылдау деңгейіне орай іріктеп, талдап қолданады. Пайдалыларын жетілдіре түседі.

Білім – теңіз, оның тереңіне сыр-сипатын жетік білетін, құпиясына қанық адамдар ғана бойлай алмақ. Ондай адамдарды дайындайтын мұғалімнің бірі екіншісіне ұқсамайтын жан-жақты өткізген сабақтары. Сондықтан болар В.А.Сухомлинский «Сабақ жасөспірімдердің иентеллектуалды өмірінде құр ғана сабақ болып қоймас үшін, ол қызықты болуы керек. Егер осыған қол жеткенде ғана мектеп жас өспірімдер үшін рухани өмірдің тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына, кітап- мәдениеттің баға жетпес қазынасына айналады» деп айтқан. Шынында да жай ғана сабақ құнарсыз тағам секілді адам бойына жұқпайды. Қызықты сабақтар – мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік еңбегі, көтерілген белесі.

Өмір – түсінуге қиын күрделі жайттарға, табиғат – ғажайып құбылыстарға толы. Сан алуан құпиялардың сырын ашатын ғылым десек, сол сыр көпшілікке тіл арқылы жеткізіледі. Бүгінгі таңда ғылымның әр саласында ашылып жатқан күрделі жүйелер күрделі ұғымдарды туғызады. Жас өренге ғылым негіздерін үйрететін мұғалімнің тілді меңгеруі, яғни тіл шеберлігі – жарқырап тұруға тиісті келесі қыры.

Ата-бабаларымыз сөзге, оның мағнасына терең мән берген. Сөзді  жетесіне жеткізе жүйелеп сөйлей білуді өнерге балаған. Билеріміздің бойында туа біткен шешендік өнер мен терең ойшыл – парасат астасып, оларды даналық деңгейде көтерген. Ендеше ізденімпаз ұстаз да шешендер мен көсемдердің, ұлылар мен ойшылдардың, ғалымдардың, жыраулар мен  ақындардың әр нәрсе жайлы оймақтай ойларын жадында сақтап, көкірегінің бір бұрышына түйіп алып қажетіне  жаратуы тиіс.

Мұғалімге керекті сапалық ерекшеліктердің келесісі – байқағыштық. Ішке енген бетте сыныпты шола қараған ұстаз балалардың бет-әлпетін, ондағы өзгеріс күйді байқап та үлгереді. Жалпы сезімталдық, байқығыштық, көрегендік сапалар адамның ішкі ойын оқуға, сырт көзден құпияланған іс-әрекеттерін ашуға көмектесетін ерекшеліктер.

Әр жүректі білім шуағымен нұрландырудың жолын тапқан ұстаз – нағыз сабақтың жасампазы. Терең білімі, толассыз ізденімпаздығы әр  жүрекке жол таба білетін сезімталдығымен шәкірттер сүйіспеншілігіне бөленген  сондай мұғалімді балалар шөлдегенде  сусынды керексінгендей қажетсінетіні сөзсіз.

Бала жүрегіне жол таба білетін сезімтал, байқағыш, көрген ұстаз қашанда қағылез болатыны баршамызға аян. Шәкірттерінің танымын байытып, санасын жетілдіреді, имандылыққа баулиды. Шәкірт жайын ойлайтын қағілез мұғалімдер ХХІ ғасырдың  есігін керемет білім кілтімен ашуда.  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың мына сөзі мұғалімдер мен шәкірттердің ұранына айналды. «Алдағы уақытта Қазақ елінің табыс­ты жолын лайықты жалғастыру сен­дер­дің еншілеріңде».

Ұлы Абай:

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат,  рақым ойлап қой!

Бес асыл іс көнсеңіз – деп бекер айтпаған. Адамзатты терең ойға кемел білім жетелейді. Оқыңдар! Білім алыңдар! Талаптана біліңдер! Тынымсыз еңбек етіңдер! Тұлпар дүлдүлдігімен, адам білгірлігімен озады. Беталысы күнде өзгерген алмағайып дүниеде адамзат үшін ешқашан өзгермеген, өзгермейтін темірқазықтар бар. Ол – білім! Ол – еңбек! Ел болашағының баянды болмағы баста бұлықсыған білім мен қолда ойнаған еңбекке байланысты.

 

 

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *