«Электрбайланыс» кафедрасының оқыту материалдарына қол жеткізу үшін білім беру платформасының ашық жүйесін пайдалану арқылы ақпараттық ресурстарды әзірлеу.

Марданова Гүлжанат Алмазқызы
Барат Ақбота Есбергенқызы

Жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасы әрбір нақты адамның өз мүмкіндіктерін есепке ала отырып, соны іс жүзінде көрсету мен жетілдіру арқылы білім беруді жекелеп жүргізудің сипат алғанын көрсетеді. Бұл оқушылардың және мұғалімдердің өздерінің әртүрлі жеке мүмкіндіктеріне сәйкес алуан түрлі білім беру бағдарламаларын жасау арқылы іске асырылады. Білім беруді жетілдірудің осы бағытындағы маңызды фактор болып білім алушылардың қазіргі және болашақта қолданылатын ақпараттық коммуникациялық технологияларды(АКТ) пайдалану арқылы оқуға деген өз ынтасын, өздерінің жеке басының когнитивті іс-әрекет жасауға икемділігін қалыптастыру ісі саналады.

Қазір – ақпаратты өркениет заманы болғандықтан, ғаламтор желісін пайдаланушылар көбейіп, берілетін мәліметтер көлемі артып отыр. Телекоммуникацияда  және мәліметтерді тарату әлемінде де жиіліктер қорына қарқынды сұраныстар өсіп келе жатыр болып отыр. Осы сияқты, сұранысты қамтамасыз ету үшін  білім беру платформаларының ашық жүйесін пайдалана отырып ақпараттық ресурстар қорын әзірлеп оларды көбейту мен ЖОО-да оқыту материалдарына оңай қол жеткізу, білім берудің онлайн түрін енгізу бүгінгі күннің өзекті мәселесі..

Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында «Орта білім беру ұйымдарының 90%-ында электронды оқыту жүйесі қолданылады» деп жоспарланған[1].

Электронды оқыту – білім саласындағы нарықтық қатынастарды жетілдіру жолы болып табылады. Бүгінде, ақпаратты өңдеу мен халықаралық деңгейде еңбек түрлерін бөлу– әлемдік экономиканың ең негізгі ерекшеліктері болып отырған кезде, білім алу кез келген маманның жеке және кәсіби табысының негізгі көзі болып қала береді.

Электронды оқытуды ұйымдастыруда оқу процесін ұйымдастыруды қамтамасыз ететін электронды оқыту ортасын таңдау маңызды. LMS\LCMS (Learning Management System) таңдауда негізгі критерийлерге келесі критерийлерді жатқызуға болады[2]:

– функциональдылық. Жүйеде форумдар, чаттар, білім алушының белсенділігін талдау, курстар мен оқушыларды басқару сияқты әртүрлі деңгейдегі қызметтер жиынының болуын білдіреді;

– сенімділік. Бұл параметр басқару ыңғайлылығын және шаблондар базасымен контентті қайта баптау қарапайымдылығын сипаттайды. Басқару ыңғайлылығы мен сыртқы әсерлерден қорғау жүйеге қолданушының қатынасына және оны қолданудың тиімділігіне маңызды әсер етеді.

– тұрақтылық. Әртүрлі жұмыс режиміне және қолданушының белсенділік дәрежесіне қатысты жүйе жұмысының орнықтылық дәрежесін анықтайды;

– құндылылық. Жүйенің өзіндік құнынан, сонымен бірге ондағы курстарды жасауда және ендіруде кеткен шығындардан құралады;

– контентті жасаудағы құралдардың болуы. Оқу контентінің құру редакторлары курстарды жасауды жеңілдетумен қатар, әртүрлі мағынадағы білім беру материалдарын біріктіруді де жинақтайды;

– SCORM пайдалану. SCORM стандарты электрондық курстармен ауысудың халықаралық негізі болып табылады және жүйеде оны пайдаланбау мобилділік пен ауыспалы курстарды құрудың мүмкіндігін төмендетеді;

– білімді тексеру жүйесі. Онлайн режимінде білім алушының білімін бағалауға мүмкіндік береді. Негізінен бұндай жүйе тесттерден, тапсырмалардан және білім алушының форумдағы белсенділігін бақылаудан тұрады;

– қолдану ыңғайлылығы. Жаңа жүйе таңдау кезінде оны қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ету керек. Бұл маңызды параметр, өйткені кейбір оқушылар пайдалану кезінде қиындық тудыратын технологияларды қолданбай қоюы мүмкін. Оқыту технологиясы барынша түсінікті болуы тиіс. Оқу курсында көмек мәзірін оңай таба алатындай және бір бөлімнен келесі бөлімге тез әрі жеңіл өтетіндей болуы керек;

– модульділік. Электронды оқытудың қазіргі заманғы жүйесінде курс басқа курстарда қолдана алатын микромодульдер жинағынан немесе оқу материалдарының блоктарынан тұрады; – қатынауды қамтамасыз ету. Білім алушылар оқу бағдарламасына қатынас жасауда уақыт және кеңістік бойынша орналасуына байланысты қиындықтармен, сонымен бірге білім алушының мүмкіндігін шектейтін факторлармен кездеспеуі тиіс..

Кредиттік оқыту технологиясы Қазақстанның жоғары білім жүйесіне ұлттық білім беру бағдарламаларын халықаралық мойындау, студенттер мен оқытушы-профессорлық құрамның ұтқырлығын қамтамасыз ету мақсатында енгізілді [1-2]. Кредитті технология бойынша оқытудағы маңызды құралдардың бірі ретінде алынған оқу әдістемелік кешені. Оқу әдістемелік кешен – білім алушының оқу барысындағы дәрістері, зертханалық жұмыстары, практикалық/семинарлық сабақтары, білім алушының өз бетінше орындайтын жұмыстары мен білім алушының оқытушымен бірге орындайтын жұмыстарының тақырыптары мен оны ізденуге пайдаланылатын әдебиеттер тізімі көрсетілген құрал. Қазіргі уақытта әрбір студентке тиімді, әрі қарапайым қол жетімділік негізі болып отырған, ол – ұялы телефон,интернет желісі. Сондықтан да осы «Электрбайланыс» кафедрасының кез келген пәнінен ақпарттармен силлабус және түсінбеген күрделі сабақтардыі видеоролигін көру бәріне қол жетімді болғаны  ыңғайлы болар еді.

Ақпараттық ресурстар кешені кез келген білім алушыға жеткілікті құрал. Бұл кешенді қолдану ыңғайлы әрі жеңіл. Түсінікті белгілерде жазылған нұсқаулық сөздер арқылы керекті бөлімдерге өте отырып, «Электрбайланыс» кафедрасында оқытылатын кез келген пәннің оқу әдістемелік кешенінің толық мазмұнын, видео және аудиосабақтарды ала алады. Бұл – мобильді, электронды кешеннің студенттерге қол жеткіліктігінің ең басты тұсы. Оның негізгі артықшылығы кішкене көлемдігі мен тез түсініктілігі. [4-6].  Ондағы мағлұматтардың жинақы әрі түсінікті бөлімдерге бөлініп, нұсқау белгілермен көрсетілуі ешқандай қиындыққа алып келмейді. Бұл ақпараттық ресурстар кешені қазақ және орыс тілдерінде жазылған. Онда білім алушының оқу барасындағы қажетті тапсырмалар тақырыптарын алу жолындағы ең ыңғайлы құралы болады. Әрбір студент оны тез түсініп, ұғынып ала алады.

 

Әдебиеттер:

 

1.Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын. –Астана: Ақорда, 2010 жылғы желтоқсанның 7-сі. №1118.

  1. Андреев А.А., Солдаткин В.И. Дистанционное обучение: сущность, технология, организация. – М., 1999. – 196 с.

3.Агапонов С.В. «Средства дистанционного обучения». Методика, технология, инструментарий. – СПб: БХВ-Петербург, 2003.-336 с.

4.Тихомиров В.П., Солдаткин В.И., Лобачев С.Л. Виртуальная образовательная среда: предпосылки, принципы, организация. / Международная академия открытого образования. – М., 1999. – 164 с.

5.«Методика и технологии дистанционного обучения» сайтынан алынған материалдар. Ido.tsu.ru/bank.php/course.

6.http://www.studentsworks.ru/ сайтынан алынған материалдар.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *