Жаңартылған білім беру аясындағы бастамалар
Бекжанова Сандугаш
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Қазақстан -2050» Стратегиясы – барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы делінген.
Бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды.
Көкшетау қаласы «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығында ұйымдастырылған «Жаңартылған бастауыш білім беру бағдарламасы» атты үш апталық курсын және «ҚР Бастауыш білім беру жалпыға міндетті кәсіби құзыреттілікті дамыту» тақырыбы аясында екі жұмалық курсын оқып шықтым. Курста алған күннен бастап, жалпы білім беру мазмұнының өзгешелігімен, ерекшелігімен таныстым , білімімді жетілдіру мақсатында жаңа заман ағымына сай өзіме қажетті көп мәліметтер алдым, көп жаңалықтар алдым. Білім беру бағдарламасы туралы түсінгенім мен ұғынғаным мол. Өрлеу курсында әр аға оқытушылар білімдерін аямай дәріс берді. Айта кетсек, топ жетекшіміз Аенбаева Аяжан Ешимбаевна және Сагындыкова Гүлдана Мырзабековна бізді жақсы қарсы алып, осы өтілген курста баршамызды біріктіріп, бірлесе жұмыс істеу жолдарын өте жоғары деңгейде ұйымдастырып отырды.Әр бір берген білімдері ұстаз жолында көп нәтиже береді.Өйткені осы оқытылып жатқан бағдарлама бойынша әрбір ұстазға білімдерін жаңа талапқа сай жетілдіреді. Осы дәріс беретін аға оқытушыларға мың алғысымды айтқым келеді. Елімізде осындай ұлағатты білімді, өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын ұстаздар саны көбейсе, мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған болашақ жас өспірім оқушыларының білімі сапалы да саналы болатынына сенімім мол. Бұл аталып өтілген ұстаздарымыздың сабақтары өте тартымды, әрі қызықты, әсерлі өтеді. Біз осы курсқа келіп, осындай алтын жанды аяулы ұстаздардан білім алғаныма қуаныштымын. Осы бағдарлама бойынша былтырғы оқу жылынан бастап оқушыларға білім берудемін. Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Сонымен қатар Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің серіктес әріптесі ретінде колледж студенттерінің тәжірибеден өтуі кезінде өз тәжірибемнен болашақ мамандарға үйретуден жалыққан емеспін. Студенттерге мамандықтың қыры мен сырын меңгеруде үлгі сабақтар өткізіп, студенттерге әдістемелік кеңестер беріп отырамын. Өз сабақтарымда оқытудың жаңа әдістерін, технологияларын мүмкіндігімше пайдаланамын. Менің сыныбымда тәжірибеден өткен студенттер жақсы әдістемелік көмектер алып, оқытудың жаңа әдістерін қолдану жолдарын меңгеріп, өздері де сол әдістерді сабақтарда қолдануда. Бұл бағдарлама бойынша жетістіктермен қатар, жекеленген пәндер бойынша қиындықтар да кездесті. Атап айтсақ, ағылшын тілі, орыс тілі пәндерінен кезекші сөздерін қолдануда қалыптастырушы ортаның жоқтығынан оқушыларда тілге төселу баяулық танытуда. Әйтсе де пән мұғалімдерінің шеберлігімен оқушыларға жеке жұмыстар жүргізіп, саралау жұмыстары жүргізілуде. Алған білімімді сабағымда қолдана отырып, бірлескен оқу, берілген төрт дағдыны үнемі назарда ұстап отыру, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың стратегияларын тиімді пайдаланамын. АКТ – ны қолдану, коммуникативті қарым –қатынасқа түсу, жеке жұппен, топта жұмыс жасай білуді үйренудемін.
Қорыта келе бағдарламаның мәні, баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Сондықтан заман талабына сай болып жатқан өзгерістерден қауіптенбей, мақсатқа сай, нәтиже аламын деп сенемін.