Желаяқ
Каиржанова Жазира Нұрышқызы
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі:
Оқушыларға Сейдахмет Бердіқұловтың өмірі мен шығармашылығын, мәтіннің мазмұнын, идеясын ашу, таным мүмкіндіктерін анықтау.Қазақтан шыққан тұңғыш спорт шебері туралы түсінік беру.
ә) Дамытушылық:
Оқушылардың ой-өрісін дамыта отырып, қорытынды жасай білуге, ізденуге машықтандыру.
б) Тәрбиелік:
Салауатты өмір салтын ұстануға, спортқа деген белсенділіктерін арттыруға, күнделікті денені шынықтыруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, топпен жұмыс, сұрақ-жауап.
Сабақтыңбарысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылар сыныпқа музыкамен кіреді.
-Балалар, бүгін біз үшін ерекше күн! Сыныбымызға көптеген қонақтар келіп отыр.Ата-дәстүр салтымен қонақтарымызбен амандасайық.
Психологиялық дайындық.
Арайлап бүгін атты күн,
Шашып бізге шапағын
Тілейміз сізге ақтаңның
Қуанышын шаттығын
Қайырлы таң,
Қайырлы күн,
Күліп шықты күн бүгін!
2.Топқабөлу. Топ қапшықтан әртүрлі доптарды таңдайды. Кім қандай допты таңдады, сол түс бойынша парталарға отырады.
1-топ.Қызылдар
2-топ.Көктер
2.Үй тапсырмасын сұрау.
- Үй тапсырмасын сұрау
Тест сұрақтары
1.Қажымұқанның шын аты кім?
А) Мұқан Ә) Әлтай Б) Сәттіғұл
2.Қажымұқан палуандармен бірге қай қалаға келді?
А) Алматы Ә) Жмеринск Б) Қарағанды
3.Парижде цирк аренасына Қажымұқан неге мініп шықты?
А) атқа Ә) пілге Б) түйеге
4.Қажымұқан көтерген бөшкеде неше шелек су болды?
А) он Ә) қырық Б) отыз
5.Тісімен сүйреп шығарған, арбаға тиелген жүк салмағы қанша?
А) 50 пұт Ә) 60 пұт Б) 75пұт
- Жаңа сабақ.
Балалар, қазір біз сендермен шағын сөзжұмбақ шешеміз.Егер сөзжұмбақты дұрыс шешсек, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады.
Ж | а | м | б | ы | а | т | у | |||||
т | Е | ң | г | е | і | л | у | |||||
а | Л | а | м | а | н | |||||||
к | ө | к | п | А | р | |||||||
т | а | Я | қ | а | т | у | ||||||
Қ | ы | з | қ | у | у |
1.Нысананы көздеп ататын ұлттық ойын
2.Ат үстінде шауып келе жатып жердегі затты алатын ұлттық ойын
- Бәйге түрі
- Ұсақ малды ат үстінде тартысып ойнайтын ұлттық ойын
5.Қазылған шұңқырдағы таяқ сынықтарын лақтырып ойнайтын ойын
- Жігіт пен қыздың атқа мініп ойнайтын ойыны
Қандай сөз шықты?
-Желаяқ
-Желаяқ дегенді қалай түсінесіңдер?
Оқушылар жауабы тыңдалады.
-Бүгін біз Сейдахмет Бердіқұловтың ‘Желаяқ’ мәтінімен танысамыз.
Сейдахмет Бердіқұлов өмірдерек
Ғұсман Қосанов 1935 жылдың 25 мамырында сол кездегi Семей облысы, Новопокровка (Бесқарағай) ауданының Изатолла ауылында туған. Сол ауылдағы Абай атындағы 7 жылдық мектептi тәмамдаған. Семей қаласындағы №13 темiржол училищесiн, Кишиневтегi (Молдова) дене тәрбиесi техникумын, Алматы дене тәрбиесi институтын бiтiрген. 1960 жылғы Рим олимпиадасының күмiс жүлдегерi (4х100 метрлiк эстафета). 1964 жылғы Токио олимпиадасына қатысушы. Еуропа чемпионы, КСРО бiрiншiлiгiнiң күмiс жүлдегерi, Қазақстанның бiрнеше дүркiн чемпионы, КСРО халықтары спартакиадасының жеңiмпазы. Қазақ жастары арасынан жеңiл атлетика бойынша тұңғыш спорт шеберi. 1990 жылы өмiрден өттi.
5.Кітаппен жұмыс.
1,2-топ Оқу орталағы.Мәтінді бөліктерге бөліп оқыту.
Түртіп алу стратегиясы.Түсінбейтін сөздер бар ма?
Сөздік жұмысы.Түсінік бере кету.Дәптерге жазу.
- Сұрақтар қою.
а) Әңгіме қандай тақырыпқа арналған?
ә) Әңгімедегі желаяқ пен Ғұсман Қосановтың арасында қандай байланыс бар?
б) Ол спорттың қай түрінің шебері атанған?
в )Оның ерекше жеңімпаз екенін неден байқадың?
г) Қазақстанда қандай спорт шеберлерін білесіңдер? Мая Манезе,Зульфия Чинчанло,Светлана Подопедова,Серік Сапиев,Александр Винокуров,
Қанат Ислам,Данияр Елеусінов т.б
- Сергіту сәті.
8.Топпен жұмыс
а) 1 топ 17-ші олимпиада ойындары қай жерде, қай жылы өткізілді?
ә) 2 топ Спорт,денсаулық туралы мақал-мәтелдер айту, мағынасын ашу.
9.Венн диаграммасын толтыру.
Ғұсман ағай мен желаяқты салыстыру
10.5 жолды өлең құру.
Кім?
Қандай?
Не істейді?
Сөйлем
Кім?
Қортынды
Ой толғаныс.
Әңгімеден біз нені ұғындық?Не білдік?
Ғұсман ағайдай болу үшін сен не істер едің?
Білемін | Білгім келеді | Не үйрендім? |
12.Бағалау
- Үйгетапсырма:Мәтіндіоқу ‘Мен спортшы боламын’эссе жаз