Рухани жаңғыру – өскелең ұрпақ негізі
Каршикенова Марал Бакытовна
Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: Рухани жаңғыру –өскелең ұрпақ негізі
Сабақтың мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.
Оқыту нәтижесі: Оқушылар рухани жаңғырудың – табысты ел болуымыздың кепілі екенін біледі.
Түйінді идея: Рухани жаңғыру болашаққа бағдар
Көрнекіліктер: ноутбук, суреттер, плакат т/б.:
Тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Шаттық шеңбері
Күшті болсаң ,әлсіздерге қамқор бол
Үлкен болсаң кішілерге қамқор бол,
Азамат боп арқа сүйер шағыңда,
Ата-анадай кісілерге қамқор бол
Канеки оқушылар көзімізді жұмып тыңдап, көз алдымызға елестетіп көрейік
Кіріспе сөз: Аудиодан тыңдау
Біздің халқымыздың тарихында кейінгі ұрпақ мәнгі қастерлеп,ардақтап өтетін күн- 1991 жыл 16 желтоқсан. Бұл күн – біздің Тәуелсіздігімізді дүние жүзі мойындаған күн! Тәуелсіздіктің қайта оралғаны – біздің ата – бабаларымыздың осыншама байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалғанының арқасы. Президентіміз Н. Ә. Назарбаев еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария етті. Басты мақсат- Қазақстанның ең дамыған 30 мемелекеттің қатарына қосылуы. Ол –
«Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Қазақ елі өткен жылдар қыруар іс тындырды. Біз үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырдық. Әрбір отандасымыздың жүрегіне өз еліне деген шексіз мақтаныш сезімін орнықтырдық. Қазақстандықтар ертеңіне, елінің болашағына сеніммен қарайды. Еліміз бойына ата-бабамыздың ел мен жерге деген сүйіспеншілік қасиеті дарыған, Егеменді елімізге аянбай қызмет ететін, ой – өрісі кең, алғыр да жүректі,салауатты азаматтар қажет – дейді Н.Ә.Назарбаев.
-Оқушылар, бұл тыңдағанымыз не туралы айтылған? -«Тәуелсіз» дегенді қалай түсінесіздер?)
-Қәне балалар кезінде не ойладық?қандай ой туды?(оқушылар жауаптары
-Отан Қазақстан туралы
Ендеше,бүгінгі сабағымыз «Қазақстан ұрпағы» яғни, келешек ұрпақ өзіміз туралы болмақ
Сабақ тақырыбын ашу
Енді балалар мына тақтаға назар аударсақ:
– Өзіміз құрастырған құстың бейнесі
-Осы құсты қайдан көрдік?
Жауаптар
Енді оқушылар осы құстың сыртындағы түстерден алып көрсек,осы алған түс белгілерімен сәйкес столға отыруларың сұралады. Сары, жасыл сарғыш
Алған түстерімізді жоғалтпаймыз. Сабақ соңында қажет болады.
«Ой қозғау» Видеоролик көрсету.
Таныстырылым: Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Мәңгілік ел -рухани жаңғыру» мақаласында оқушылар арасына кеңінен насихаттау болып табылады.Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпы адамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау. Жалпыадамзаттық, мәдениет аралық білімдері мен сыни ойлау, зерттеушілік дағдылары дамыған, отансүйгіш тұлға. Өзінің даму барысында, өмір бойы оқуға қабілетті, жоғары адамгершілік құндылықтары бар, жоғары білімді, зияткерлік жеке тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған мектеп қауымдастығын құру.
Ендеше, оқушылар осы «Қазақстан – Мәңгілік ел» деп отырмыз ғой.
Сол Мәңгілік ел жайлы не білеміз?
Оқушылар
1-оқушы: Мәңгілік ел – Мәңгілік ел ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді.
2-оқушы: Ол арман – тұрмысы байқуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді.
3-оқушы: Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. мәңгілік елдің іргетасын қаладық. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарғажетелейтін идея бар.
Бәрі: Ол – Мәңгілік ел идеясы. (бәрі бірге)
4-оқушы: Тәуелсіздікпен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – мәңгілік елордамызды тұрғыздық.
5-оқушы: Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – мәңгілік ел! .
6-оқушы: Мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан 2050» стратегиясыныңтүпқазығы.
7-оқушы «Қазақстан 2050» – мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол.
Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. (бәрі бірге)
Ендеше бір сөзбен біз
Бәрі: -Біз өз Отанымыздың патриотымыз. -Мы патриоты нашей старны – We are patriots of our countries
Енді топтармен мына бір тапсырманы орындап көрсек
«Өз еліме қосар үлесім»
1-топ Эссе жазу Жазушылар тобы
2-топ Өлең құрастыру Ақындар тобы
3-топ Сурет салу Суретшілер тобы
(3-топтың оқушылары өз ойларымызды ортаға саламыз! Қанатты, нақыл, рухты сөздерімізді айтуға болады.)
Мұғалім: Расындада оқушылар дұрыс айтасыңдар
21 – ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры».
-Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.
-Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.
-Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
-Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!
-Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! – деген елбасымыздың айтқан керемет сөздері бар.
-Иә «Қазақ елі осындай» деген ниетпен Социалова Аружанның орындауындағы әнді тыңдасақ
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық болмыстан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі.
Осы елбасымыздың айтқан рухты жаңғыртуды қорыта айтсақ
Аяқталмаған сөйлемді бір сөздермен аяқтасақ
«Рухани жаңғыру – дәуір талабына сай жаңғыру» «Рухани жаңғыру – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу» «Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі»
Ендеше, оқушылар бүгінгі сабағымызға бағанағы алған түстеріміздің артына оз ойларыңды жазсаңдар содан соң құсымызды ұшырсақ
Қорытынды сөз: Күй әуенімен:
Алда әлі ұзақ жол , үлкен асулар бар . Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім , талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып , мерейін үстем етер , әлем таңғалар , талай-талай жаңалық ашар білімділер керек . Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын , бүгінімізді ертеңіне жалғайтын , қазақ елінің ертеңі , болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ біздер екенімізді сезінейік.
“Сен де бір кірпіш дүниеге , Кетігін тап та бар қалан!”- деп Ұлы ақын Абай атамыздың сөзімен сабағымды аяқтаймын.