Ы.Алтынсарин «Бақша ағаштары»
Акилова Айымжан Абдрашевна
Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларды қазақтың педагог – ағартушысы Ы.Алтынсариннің өмірі және шығармашылығымен таныстыру, мәнерлеп оқуға үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ой – өрісін, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру және оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: миға шабуыл, сұрақ – жауап, ой қозғау, ыстық орындық,
Күтілетін нәтижелер:
– Сұрақ бойынша жауап айтады.
– Әңгіме мазмұнына шолу жасайды.
– Әңгіме кейіпкерлерін талдай алады.
– Өз ойын жазбаша, ауызша жетзеді.
Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, плакаттар, Ыбырай суреті, маркерлер, стикерлер.
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 4 мин.
а) оқушыларды сабаққа әзірлеу
ә) Психологиялық дайындық
б) Топқа бөлу
в) Топ ережесімен таныстыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 8 мин.
а) сұрақ – жауап
ә) әр топқа тапсырма беріледі, постер арқылы түсіндіреді, мәнерлеп оқиды.
ІІІ. Жаңа сабақ:
а) Ой қозғау: Ыбырай туралы мәлімет (видеоролик көру)
ә) Жаңа сабақтың тақырыбын ашу (3 топқа тапсырма беріледі, топтастыру).
б) Жеміс ағаштары (слайд)
в) Постер бойынша жаңа сабақты әр топ кезек кезегімен қорғайды.
г) Сергіту сәті.
д) Топтық жұмыстарын қорғау
Сабақты қорыту: «Ыстық орындық» кейіпкер атынан сөйлейді. 8 мин.
Ішіне Сыртына
Үйге: «Бақша ағаштары» мәтінін оқып, мазмұнын айту. 2 мин
Бағалау: Екі жұлдыз бір тілек жазып, тақтаға ілу.
І. Ұйымдастыру кезеңі:а) Оқушылармен жылы амандасу, сабаққа қажетті құрал – жабдықтарды алғызу, назарларын сабаққа аудару.
ә) Психологиялық дайындық:
Балалар, бір – біріміздің қолымыздан ұстап,
алақан арқылы жылылық сезініп жақсы лебіздер
білдірейік.
Аспанымыз ашық болсын.
Деніміз сау болсын.
Күніміз жарылқасын
Әлемде тыныштық болсын.
Отбасымыз аман болсын.
Тәртіпті, әдепті болайық.
Бақшамыз жайпай түссін.
Жеңісті де, жемісті күндеріміз көп болсын.
б) Топқа бөлу.
Ал енді балалар, менің қолымен ненің суретін
көріп тұрсыңдар? (жеміс түрлері). Менің
қолымдағы жемістердің суретін кезек – кезек аламыз.
1 – топ: «Алма» тобы
2 – топ: «Алмұрт» тобы
3 – топ: «Шие» тобы
Топқа бөліп отырғызу.
в) Алтын ереже:
- Сабақта бір – бірімізді тыңдаймыз!
- Әдебиеттік оқу пәні нақты болғандықтан дәл жауап
береміз!
- Сабақта өзіміздің тапқырлығымызды, шапшаңдығымызды көрсетеміз!
- Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
– Ал енді балалар, үй тапсырмасын кім айтады?
– Үйге ақын Несіпбек Айматовтың «Атам туралы» өлеңін мәнерлеп оқып, мазмұнын айту.
І – топ. (1-2 шумағын оқып, жаттау, постер құрастыру)
ІІ – топ. (3-4 шумағын оқып, жатқа сұрау, постер құрастыру)
ІІІ – топ. (5-6 шумағын жатқа айту, постер құрастыру)
Осы өлеңнен не үйрендіңдер, не білдіңдер?
1 оқушы: Осы өлең шумақтарынан мен үлкендерге құрметті қалай көрсету керектігін түсіндім.
2 оқушы: Бұл өлең шумақтарынан әдерьілік пен ізеттілікті кімдерден үйренетінімді түсіндім.
ІІІ. Жаңа сабық:
Жаңа сабақты түсіну, бұрынғы білімді еске түсіру.
Ыбырай суретін көрсету
Бұл кім?
Видеоролик (Ы.Алтынсарин)
Биыл «Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 175 жыл толуда» балалар.
Алтынсарин екі түрлі ірі мәселені алдына мақсат етіп қойды:
– бірінші – мектеп ашу, бала оқыту – жалпы халық ағарту жұмысы да,
– екінші халықтық ой санасын жаңалыққа қарай бейімдеу жолындағы тәрбиелік істері.
1 – топ
2 – топ
3 – топ
Берілген тақырып бойынша бұрынғы білімдерін еске түсіру. Тақырып бойынша мәліметтерді ортаға салу.
Аспай піскен,
Қайнамай түскен не? – деп ойлайсыңдар балалар.
Жеміс, – дұрыс.
Бақта, жеміс ағаштарын көрсету.
Слайд жеміс ағаштары туралы.
Постер бойынша әңгіменің мазмұнын 1-2-3 топ кезек кезегімен оқып, мазмұнын айтып қорғайды.
Бақша ағаштары
1 – топ. Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді.
- Мынау ағаш неліктен тіп – тік, ана біреуі неге қисық біткен? – деп сұрады баласы.
2 – топ.
– Оның себебі, балам, анау ағашты бағу – қағумен өсірген. Ал мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен, – деді атасы.
– Олай болса, бағу – қағуда көп мағына бар екен ғой, – деді баласы.
3 – топ.
– Бағу – қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым. Мұнан сен де өзіңе әбірет алсаң болады. Сен – жас ағашсың, саған да күтім керек. Мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем деймін. Ал сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы түзік кісі болып өсерсің. Бағусыз, бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің, – деді.
Сергіту сәті
1-2-3 – топта мәтінді оқып, мазмұнын айтады.
1 – топ 2 – топқа түсіндіреді.
2 – топ 3 – топқа түсіндіреді.
3 – топ 1 – топқа түсіндіреді.
Сабақты қорыту:
Берілген білімді өзінше жинақтау, өз бетімен бекіту. Тұжырымдау.
1 – топ түзу ағаштың суретін салу
2 – топ қисық ағаштың суретін салу
3 – топ Ішіне Сыртына
Түзу қисық
Бағу – қағу бағусыз
Қарау қараусыз
Бақылау бақылаусыз
«Ыстық орындық» (Кейіпкер атынан сөйлейді.)
Үйге: Бақша ағаштары мәтінін оқып, мазмұнын айту.
Бағалау: Жиынтық бағасын қою.
Пікір ағашын толтыру
Екі жұлдыз бір тілек жазып, тақтаға ілу.