Ішкі мүшелердің топографиясы
Дуйсебаева Жансая Рысбаевна
Сабақтың тақырыбы: Ішкі мүшелердің топографиясы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Мүшелер жүйесі туралы түсінік беру.
Дамытушылық. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік. Ұқыптылыққа, тазалыққа баули отырып, дүниетанымдық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақты өткізу әдісі: түсіндірмелі көрнекілік, сұрақ, жауап
Сабақтың көрнекілігі: бұлышқет және жүйке ұлпаларының құрылысы
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу; ә) оқушыларды түгелдеу; б) сынып тазалығына көңіл бөлу.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
1. Адам туралы қандай ғылымдар бар?
2. Физиология қандай ғылым?
3. Салауатты – өмір салты дегеніміз не?
ІІІ Жаңа сабақ.
Мүшелер мен мүшелер жүйесі Ағза – біртұтас тіршілік иесі. Әр түрлі ұлпалар бірімен – бірі қосылып, мүше түзеді. Мүше дегеніміз – белгілі пішіні, құрылысы, орны бар бір немесе бірнеше қызмет атқаратын дене бөлігі. Ағзаның ішкі қуыстарында (мысалы, кеуде, құрсақ, жамбас) орналасқан мүшелерді – ішкі мүшелер деп атайды. Әрбір мүшеде барлық ұлпалар кездеседі, бірақ олардың біреуі ғана басым болады. Мысалы, дәнекер ұлпасы ағзаның ішкі ортасын, эпителий ұлпасы — асқорыту, тынысалу мүшелерінің сілемейлі қабықшасын түзеді. Бұлшықет ұлпасы – өңеш, ішектер мен қуықтың қабырғаларын құрайды. Жүйке ұлпасы – ми мен жұлынды және жүйкелер мен жүйке түйіндерін түзеді.
Мүшелердің пішіндері, мөлшері және орналасу орны жағынан бірінен – бірінің айырмашылығы бар. Шығу тегі, құрылысы және атқаратын қызметі ұқсас мүшелерді мүшелер жүйесі дейді.
Адам денесіндегі атқаратын қызметі біріне – бірі байланысты мүшелер бірігіп мүшелер жүйесін. түзеді. Мысалы, тірек – қимыл, зәржыныстық, эндокриндік мүшелер жүйесі бар.
Адам ағзасында (денесінде) болатын мүшелер жүйесі: 1. Эндокриндік жүйе – арнайы заттардың (гормондар) көмегімен ағзадағы барлық үдерістерді реттейді. Мүшелер қызметінің гормондар арқылы реттелуін гуморальдық реттелу дейді.
2. Жүйке жүйесі – барлық мүшелер мен мүшелер жүйесін біртұтас етіп біріктіріп, олардың жұмысын реттейді.
3. Сезім мүшелері (сенсорлық жүйе) – сыртқы ортадан арнайы тітіркендіруді қабылдайды әрі о5ан жауап қайтарады.
4. Тірек – қимыл жүйесіне бұлшықеттер мен қаңқа жатады. Олар тіректік, қозғалыстық және қорғаныштық қызмет атқарады.
5. Жүрек – қантамырлар жүйесі – жүрек пен қантамырлар ағзада қанайналымды қамтамасыз етеді.
6. Тынысалу жүйесі тынысалу мүшелері (мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмекей, кеңірдек, ауатамыр, өкпе) қан мен қоршаған орта арасындағы ғазалмасуға қатысады.
7. Асқорыту жүйесі – ағзада тағамның қорытылуы мен сіңірілуін қамтамасыз ететін асқорыту мүшелерінің жиынтығы.
8. Зәршығару жүйесі – зат алмасудың нәтижесінде ағзада түзілген (тұз, несеп) өнімдерді ағзадан сыртқа шығарады.
9. Жыныс жүйесі – ағзаның артына ұрпақ қалдырып, тіршілігін жалғастыруды қамтамасыз етеді.
Ағзаның біртұтастығы. Адам денесіндегі мүшелер жүйесі бірлесіп, біртұтас ағза түзеді. Ағзаны құрайтын барлық мүшелер жүйесі бірімен – бірі тығыз байланысты. Әсіресе, жүйке жүйесі және эндокриндік мүшелер жүйесі бірімен – бірі үйлесімді түрде қызмет атқарады. Олар ағзаның жүйке – гуморальдық реттелу қызметін қамтамасыз етеді. Жүйке жүйесі хабар береді, эндокриндік мүшелер жүйесі бөлетін гормондарды қан, басқа мүшелерге таратады. Барлық мүшелер мен мүшелер жүйелерінің жұмысы бірімен – бірі тығыз байланыста үйлесімді болғандықтан, ағза – біртұтас тіршілік иесі деп аталады
IV. Қорытынды. Қорыта айтқанда, ағза – біртұтас тіршілік иесі. Әр түрлі ұлпалар бірімен – бірі қосылып, мүше түзеді. Мүше дегеніміз – белгілі пішіні, құрылысы, орны бар бір немесе бірнеше қызмет атқаратын дене бөлігі.
V. Бекіту сұрақтары:
1. Бұлшықет ұлпасының қандай топтары бар?
2. Миофибрилла деген не?
3. Жүйке ұлпасына тән қасиеттерді ата?
VІ. Бағалау.
VIІ. Үйге тапсырма. Оқу.