Тіршіліктің тірегі сен –Жер ана

Чайканов Джексенбай Джалгасбаевич

Мақсаты: Оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту; табиғатты қорғауға, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, Табиғат – Анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу; шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге

Сабақтың барысы:

І. Кубизм әдісі

ІІ. «Табиғат менің – Жер анам» өлең шумақтары

IІІ.  «Табиғатсыз адамның күні жоқ … » мақал мәтел сайысы
ІV. Ой – толғау (Үй тапсырмасы)
а) «Мен табиғатты сүйемін немесе табиғатпен сырласу» слайд шоу
ә)  «Болашақ энергиясы» постер қорғау
б) «Табиғат – тіршілік нәрі» шағын шығарма жазу

V «Шын жүректен» табиғатқа тілек айту
VІ. Сабақты қорыту.

І. Ұйымдастыру:
1-Жүргізуші: Армысыздар ұлағатты ұстаздар, құрметті, қадірменді қонақтар .  22-сәуір халықаралық жер күніне орай ұйымдастырылған, «Табиғаттың тірегі сен –жер ана» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Видео назар аударайық

1971 жылы 21 наурызда  БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімен  жарияланған  бұл  атаулы күн  бүгінде дүниежүзінің 167 мемлекеттінде атап өтіледі. Дүниежүзілік Жер күні де сәуірдің 22-інде  атап өтіледі.

Бұл атаулы күн алғаш рет 1990 жылы халықаралық мейрам ретінде атап өтілді Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев «Жасыл ел» атты мемлекеттік бағдарламасы дажастарды, студенттерді жұмыспен қамти отырып, қоғамдық маңызы бар бірқатар іс-шараларды қолға алып, жүзеге асырғаны шындық. Экологиялық ахуалды жақсартуүшін, қоршаған ортаны қорғау мақсатын көздеген бағдарлама өз жалғасын тапқаныайдан анық.
Күн сәулесі төгілгені әдемі,
Алуан түрлі қызыл гүлдер әдемі.
Сылдыр қаққан мөлдір суда әдемі.
Биік – биік шыңдарым да әдемі.

Айдын көлде аққу қандай әдемі
Сұңқар құстың самғағаны әдемі
Даланы әнге бөлеген құстарым қандай әдемі
Мөлдіреген көздері киігім қандай әдемі

1 Жүргізуші:
Қоғамдық өндірісті, экономиканы игеру мен дамыту барысында табиғатты тоздырып жібергенімізді байқамай қалдық. Табиғи байлықты игеріп, оның дүлей күшін жеңдік деп жүріп, өзімізге қастаңдық жасадық.
Семейді полигонға айналдырдық, Аралды апатқа ұшыраттық, тың жерлерді эрозияға душар еттік, өзендерді жойдық, көлдерді құрғаттық.

Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,
дарқандыққа қазаққа дала берген секілді.
Еркелікті, ерлікті желден алған секілді,
мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді – деп Қадыр Мырза Әлі айтқандай. Бүгін біз кубизм әдісімен оқушыларға сұрақ қоямыз

1. Экология сөзінің мағынасы қандай?

2.  Дүниежүзілік Жер күні қашан?

3. Қазақстанда қанша қорық бар?

4. Өзіміз тұратын облыста қандай қорық бар
5.  Маңғыстау облысының қай ауылдарында құм көшу ахуалы бар?

  1. Жердің сыртқы қабатын ата

2 Жүргізуші:
Табиғат – адам өмір сүрер тіршілік етер ортасы. Онсыз өмір жоқ. Міне, осы табиғат көріністерін, оған бөлінген қазақ даласындағы өмірді, тұрмыс-қалды суреттеуге ұлы Абай атамызда көптеген өлеңдері арналған және бұрын табиғат көріністерін мұншалық терең әрі жан – жақты жырлаған ақын болған емес. «Табиғат менің – Жер анам» өлең шумақтарына кезек берейік

Қасиетті жер ананың бойындағы табиғат байлықтары жер бетінде бүкіл адамға ортақ қазына.Жер,Табиғат,Отан,Атамекен деген ұғымдар бір бірімен үндес әрі мағыналас. Туған жеріміздің тамаша табиғатын сүйе білу,қорғай білу,қастерлей білу-бәріміздің борышымыз.Жеріміз тыныш болсын!

 

«Табиғатсыз адамның күні жоқ … » мақал мәтел сайысы

  1. Таулы жер бұлақсыз болмас,

Сулы жер құрақсыз болмас.

  1. Жауынмен жер көгереді,
    Батамен ел көгереді.
  2. Сәуір болмай, тәуір болмас.
  3. Жел дауылды шақырады,
    Бұлт жауынды шақырады.
  4. Қыстағы қар – жерге ырыс,
    Жердегі ылғал – елге ырыс.
  5. Таумен тасты су бұзар,
    Ел арасын қу бұзар.
  6. Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын
  7. Судың да сұрауы бар
  8. Бұлақ көрсең, көзін аш

Бәрі:Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,

Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ.

Ой толғау
І топ – «Мен табиғатты сүйемін немесе табиғатпен сырласу» слайд шоу
ІІ топ – «Болашақ энергиясы» постер қорғау
ІІІ топ – «Табиғат – тіршілік нәрі» шағын шығарма жазу

Сабақты қорытындылау кезеңі: Сабақты қорытындылау кезеңі: «Жүректен жүрекке» Оқушылар сабақ соңында табиғатқа тілек айтып, тақтада ілініп тұрған күннің сәулесіне кезегімен мынандай сөздерді апарып іледі

Гүлдей бер, Жер – Ана!
Аспаның ашық болсын!
Аспаныңды бұлт торламасын!
Тоғайың аң мен құсқа толсын!
Суың мөлдір, таза болсын!
Өзен, көлің, теңізің балықтарға толсын!
Орманың қызыл, жасыл гүлдерге толсын!
Күнің жарық болсын! т. б.
Хормен:
Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік, бір ағаш егейік.
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз, таза ауа үшін терімізді төгейік.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *