«Жаратылыстану ғылымдары-әлем айнасы» олимпиада

Курманова Балжан Бахытжановна

          Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек

Н. Ә. Назарбаев

Мақсаты:

  • білімгерлердің оқуға деген қызығушылығын, шығарамашылығын дамыту;
  • логикалық ой-өрісін, зейінін, жадында сақтау қабілетін дамыту;
  • жеңіске ұмтылуға және қарсыластарын құрметтеуге тәрбилеу;
  • ойлау, салыстыру, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

 

Көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта

 

                                      Барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: «I wish you» шаттық шеңбері

 

 

I-кезең.   Жазбаша түрде  тест парақшалары арқылы тест  тапсырды. Тест  әр білімгерге  арнап,  5 пәннен 50 тапсырмадан  құрылды.  70%-100% аралығында ұпай  иеленген білімгерлер II -ші кезеңге жіберіледі.

II-кезең. Ауызша түрде өтіледі, ұпайлар санымен бағаланады.

Жоспар:

  1. «Айтылым» бөлімі – «Ұшқыр ойдан-ұтымды жауап»
  2. «Оқылым» бөлімі – «Халық айтса, қалып айтпайды »

ІІІ. «Тыңдалым» бөлімі- «Тарих сыр шертеді»

 

Кіріспе: Бүгінгі таңда әлемдегі бірқатар алып мемлекеттер дағдарысқа ұшырап отырғанда, нарықтық экономика алға басқанда, осы дағдарыстан шығу үшін бізге өте терең  білім қажет. Білімді болу үшін іздене білуіміз керек. Бүгін өткізгелі отырған білім мен білікті байқау «Жаратылыстану ғылымдары әлем айнасы»  сайысы осының айғағы. Біз бүгінгі олимпиаданың екінші кезеңі сайыс түрінде өтіледі. Сайысымыз 3 бөлімнен тұрады. Әр бөлімдегі тапсырмаларға жауаптар ұпайлар бойынша есептеледі. Әр сұрақ күрделігіне қарай  ұпаймен бағаланған. Ұшқыр оймен, ұтымды жауап беруге тырысайық.

 

  1. «Айтылым» бөлімі – «Ұшқыр ойдан-ұтымды жауап»
  2. Қай кезде екі санына қарап «он» деп атаймыз. (2 санына келгенде әр сағатта он минут кетеді). 2 ұпай
  3. Адамдар жер асты канализацияларына жету үшін люктар қолданады. Көп жағдайда люк қақпағы дөңгелек болады, неге квадрат немесе тіктөртбұрыш етіп істелмейді? (Квадрат немесе тіктөрт-бұрыш етіп жасауға болмайды, себебі: қақпақты ашқан кезде канализация ішіне түсіп кетеді. Қақпақтың диагоналының ұзындығы оның ені мен ұзындығынан ұзын. Шеңбер қақпақ оларға қарағанда қауіпсіз, ол ашқанда түсіп кетпейді, диагоналы жоқ.) 5 ұпай
  4. Адамның тұмауға және жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу қабілеті қай металмен байланысты? (күміс) 2 ұпай
  5. Ол көп мөлшер де суды залалсыздандыруға және ағартқыштар, дәрі- дәрмектер, еріткіштер алу үшін қолданылады. Бірінші дүниежүзілік соғыста 1915 жылы оны Германия тұншықтырғыш улы зат ретінде қолданған. Бұл қай зат? (хлор) 3ұпай

5.Табиғат байлығын бастапқы табиғи қалпында келеұшек ұрпақтардың игілігі үшін сақтайтын ғылыми зерттеу ордасы қалай аталады? (қорық) 2 ұпай

  1. Өсімдіктің вегативті, генеративті мүшелері (тамыр,сабақ, жапырақ. Гүл, жеміс, тұқым)

2 ұпай

  1. Автокөлігіңіздің артқы орында-рында балаңыз отыр. Қолында газ толы шар бар. Бала шардың жібін шар төбеге тимейтіндей етіп ұстап отыр. Бүкіл терезелер жабық. Солға бұрылып жатырсыз. Шар солға кете ме, оңға кете ме, әлде ортада қала ма, немесе басқа әрекет жасай ма? (Шар солға кетеді. Ауа шардың ішіндегі газдан ауыр. Сол себепті автокөлік солға бұрылған кезде ауа оңға қарай ығысады да, шарды солға итереді) 4ұпай
  2. Жердің шегінен басқа денелерді қалай атайды?(ғарыштық денелер) 2ұпай .
  3. Мәлімет сақтайды, бұған 1,44 Мбайт деген сан сәйкес келеді. Бұл қандай құрал ?

(дискета) 2ұпай

  1. Дүниежүзілік компьютерлер арасындағы байланыс ортасы қалай атайды? (интернет) 2ұпай

 

  1. «Оқылым» бөлімі – «Халық айтса, қалып айтпайды»

Жаратылыстану пәндеріне байланысты аударылған мақалдар беріледі, сол

мақалдардың  дұрыс жағын айту керек. Дұрыс аударылған мақалға 5 ұпай

 

  1. Өсімдікті жемісіне қарап, бағала (Жігітті досына қарап, бағала)
    2. Есеп шарттан құралады (Теңге тиыннан құралады)
    3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)
  2. Тәжірибенің сыры, физикке мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім)
    5. Веб – дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)
    6. Білмесең, «анықтама»- дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)
    7. Бір қосындыдан, екі қосынды артық (Бір ақылдан, екі ақыл артық)
    8. Антивирусы күштіні – Вирус ала алмайды (Досы күштіні – жау алмайды)
    9. Күлсең ескірген компьютерлерге күл (Күлсең кәріге күл)
  3. Химиялық бар құбылыс, дүмпуі жер жарады.(Айдағаны бес ешкі,ысқырығы жер

жарады)

 

  1. «Тыңдалым» бөлімі– «Тарих сыр шертеді» тақырыбы бойынша жаратылыстану пәндерінің тарихынан сыр шертетін қызықты сұрақтарды тыңдап, жауабын айтады. Әрбір сұрақ жауабы 5 ұпай

 

1.1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц Паскальдің идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеу машинасын арифмометрді құрастырды. Дөңгелек орнын цилиндрді қолданғанда,  бұл құрал күрделі қосу мен алу амалдарымен қоса көбейту, бөлу амалдарын квадраттау амалдарын орындайтын болды. Осы арифмометрді негізге ала отырып орыс өнер тапқыштары П. Л. Чебышев пен В. Т. Однер қандай есептеу құралын жасады?  (калькулятор)

  1. Отаны-Оңтүстік Америка. Оның қолдан өсіріле бастаған алғашқы жері-Чили мен Перу. Оны Чилиден испандықтар 1536 жылы Еуропаға алып келіп, әуелі Испанияның өзінде өсірген. Кейіннен ол Испаниядан Италияға, Голландияға, Англияға және басқа елдерге тараған көрінеді. Перуліктер оны папа деп атаған, папаның күнге кептірілгенін чуньо деп атаған. Жерден қазып алынған папаны да кептірілген чуньоны да перуандықтар суға қайнатып немесе отқа көміп пісіріп жейтін болған. Француздар оны жер алмасы деп, итальяндар әуелі тартуфоль деп атаған. Ресейге тарауына І Петрдің еңбегі зор.   (картоп)
  2. Ол ерте кезден белгілі. ХIV – XVI ғасырларда қалайы өндіруші кеншілер мен металлургтер қалайы рудаларын өртеу кезінде оның біраз бөлігі шлакқа кетіп, шығындалатынын байқады. Қалайы өнімін төмендететін болғандықтан, ондай руданы «қасқыр көбік» деп атады. Оған берілген атау немісше «қасқырдың сілекейі» деген сөз. «Қалайының қас жауы» атанған бұл элемент қалай аталады? (вольфрам)
  3. Александриядаөмір сүрген ежелгі грек математигі Эратосфен  жай сандардың кестесі жасауға арналған өзінің тәсілін ұсынды.Ол математикада ойлап тапқан тәсілі арқылы сол кездегі белгілі әлем картасы мен аспан денелерінің картасын жасаған. Осы кесте қалай аталады? (Эрастофен елегі)
  4. Ампер басқалардан ұмытшақтығымен ерекшеленген екен. Бір күні ол үйінен шығарда есігіне хат жазып кетіпті. «Мырзалар! Ампер үйде жоқ, бүгін кешке келіңіздер» – деген сөз жазыл-ған екен. Біраз уақыттан кейін Ампер үйіне келіп хаттағы жазуды оқып, қандай әрекет жасады деп ойлайсыз? (кері қайтып, үйіне кешке келіпті).

 

Жанкүйерлермен жұмыс: әр тапсырма 5 ұпайдан, ұпай саны сайысқа қатысушының ұпай санына қосылады

  1. Өсімдіктің өсімді мүшелері (тамыр, сабақ, жапырақ)
  2. Жер күнді қанша уақытта бір айналып шығады? (365 күн 6 сағат)
  3. Екі елі неше сантиметр? (3-4 см)
  4. Ең жақын жұлдызды ата (күн)
  5. Бақаның дернәсілі қалай аталады? (итшабақ)
  6. Жер өз білігін қанша уақытта бір айналып шығады? (24 сағ)
  7. Ат шаптырым неше километр? (20-35км)
  8. Оттектің аллотропиясы (озон)
  9. Ток көздерінде неше полюс бар? (2, оң және теріс)

10.Түрді латын тілінде қос атпен атауды ұсынған ғалым? (К. Линней)

  1. Суық тигенде тамырдан жіберілетін, медицинада «ыстық укол» деген атпен белгілі

бейорганикалық қосылыс? (кальций хлориді)

  1. Ойлау мен жаттығу арқылы орындалатын жаттығу? (есеп)
    13. Қант ауруы кезінде не себептен инсулин салынады? (жетіспеген

инсулинді толықтырады)

  1. Процент дегеніміз не? (санның жүзден бір бөлігі)
  2. Сіз ұшақта отырсыз, Сіздің алдыңызда жылқы, артыңызда көлік тұр. Сіз қай жердесіз? (Әткеншекте.)

16.Жасыл адамды көрген жағдайда не істеу керек?  (Көшеден өту.)

17.Шамды бұрау үшін қанша программист қажет? (Бірде-біреуі қажетсіз. Бұл

программистер шешпейтін аппаратты проблема.)

18.Квадраты өзінің жартысына тең болатын санды тап.(0,25)

19.Ет, балық, банкілерді тұздау қандай құбылысқа негізделген? (диффузия)

  1. Бағалануы: Ұпай сандары бойынша жеңімпаздар анықталады
  2. Қорытынды: Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер,

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер – білімнің биік шыңынан көріне беріңдер.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *