Денеміздің саулығы – халқымыздың тағдыры
Ордақызы Гулфариза
Елбасының «Қазақстан-2030» бағдарламасында «Қазақстан азаматтарның денсаулығы, білімі мен әл –ауқаты» тармағында азаматтарымыздың өз денсаулығына деген жауапкершілікті арттыруға ерешке көніл бөлінген.
Соңғы жылдары жастар арасындағы нашақорлық аса өзекті проблемаға айналды. Өкінішке орай,олардың дені 15 – 25 жас аралығындағы жастар.
Нашақорлық- адам ағзасын өте тез уландыратын аса қауіпті психикалық дерт. Әсіресе, оны жас ағза тез қабылдайды. Олар еріккеннен ермек үшін есірткі,наша, гашиш шеге бастайды. Жастардың көбі шылыман нашаға қалай тәуелді болып қалғандарын білмей калады, ал кейбіреулердін наркомандар тегін сыйлап, алдап-арбап жүріп , торына тусіріп, нағыз нашақор етіп шығарады. Олардың ойлау қабілеті тікелей нашаға тәуелді болады да, басты мақсаты наша қолдау болып турады . нашақорлық қоғамга материладық және моральдік зиян алып келеді. Ол адамды кез-келген қылмысқы итереді, өз жанұяларына немқұрайлық тудырады, жақындарының өміріне де аса қауіп төндіреді. Нашақор әйелерге жүкті кезінде іштегі баланы уландырады. Нашақор ата-анада пайда болған баланың өмірге деген көзқарасы өзгеше болады. Олар өзіне деген сенімді жоғалтады, өтірік айтуға және қылмыс жасауға дайын тұрады.
Қазіргі уақытта жастар арасындағы нашақорлықтың кең көлемді өсуі Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіруде.Сондықтан бүгінгі заман талабына сай, салауатты өмір салты қалыптасқан өркениетті ұрпақ тәрбиелеу кезек күттірмес міндет. Салауатты өмір салтының негізгі құралдары мен жолдары денсаулыққа деген жауапкершілікті қалыптастыру, әр турлі спорт және сауықтыру шараларына қатысу,сонымен қатар, жастардың дені сау болуы үшін жақсы дәстүрлер мен әдеттерді қалыптастыра отырып,нақты шешім қабылдауға үйретуміз қажет.
Адам неғұрлым дене еңбегімен көбірек шұғылданса, спортпен айналысып, бұлшық еттерін ұдайы жаттықтырып жүрсе, соғұлым қайратты да, денсаулығы нақты болады.