Қосу амалына шығарылатын есептер
Ельчибаева Марина Жакановна
Сабақтың мақсаты: әр түрлі объектілерді пайдалану арқылы қосындыны табуға арналған есеп жайлы оқушылардың білімдерін жетілдіру.
Міндеттері:
- Санауға, есептеуге дағдыландыру;
- Оқушылардың ауызша есептеу дағдыларын, ойын арқылы танымдық қабілеттерін, ой – өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
- Тиянақтылыққа, ұқыптылыққа, әдемі жазуға тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ.
Әдістері: сұрақ – жауап, талдау, ойын, өзіндік, тест тапсырмалары.
Көрнекілігі: компьютер, электрондық оқулық, слайд тақтасы.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
ІІ. Өтілген тақырыппен жұмыс.
- 10 көлеміндегі сандарды санау.
(Слайд 1)
- Өздерің жаттаған санамақты еске түсіріп айтып беріңдер.
Санамақ.
Бір дегенім – бесік,
Шықтық содан өсіп.
Екі дегенім – елім,
Далам, тауым, көгім.
Үш дегенім – үміт,
Үміт артар жігіт.
Төрт дегенім – төзім,
Төзе білем өзім.
Бес дегенім – бақыт,
Бағалайтын уақыт.
Алты деген – ақыл,
Тыңдағаның мақұл.
Жеті деген – жалау,
Жүректегі алау.
Сегіз деген – сөзің,
Серт беретін кезің.
Тоғыз деген – тоқтау,
Елдің жоғын жоқтау.
Он дегенім – Отан,
Қорға соны, ботам!
ІІІ. «Көршіңді тап» ойыны. (Слайд 2)
1, 2, 4, 6, 8, 9.
- «Үндемес» ойыны. (Слайд 3)
2+2 4+2 6+2 10-2 5-2 8-2
3+2 5+2 8+2 9-2 6-2 7-2
- «Кім тез есептегіш?» ойыны.
Ал, балалар, балалар,
Қағаз бенен қалам ал.
Екі ешкінің мүйізі,
Қане кімдер табады,
Сонда қанша болады?
Он асықтың үшеуін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады?
VІ. Тест сұрақтары. (Слайд 4)
1 – сұрақ. Төрт қабырғасы тең фигураны тап.
2 – сұрақ. Дөңгелекті тап.
3 – сұрақ. Кесіндіні көрсет.
4 – сұрақ. Кішірейтілген кезінде нүктеге ұқсас фигураны тап.
VІІ. Сурет бойынша есеп құрастыру. (Слайд 5)
VІІІ. Бекіту
ІХ. Білімдерін бағалау