9 саны мен цифры

Меруерт Керімбекова

Білім саласы: Таным

Білім бөлімі: Математика

Тақырыбы: 9 саны мен цифры

Мақсаты: Балалардың математика сабағына қызығушылығын арттыру.

9 сан мен цифрын таныстыру.

1-ден 9-ға Тура және кері санауға, реттік сандарды айыра білуге, санның көршісін табуға санамақ, жұмбақтар, логикалық есептерді бере отырып, ойлау есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі: суреттер, кеспе сандар, санағыш геометриялық пішіндер.

Әдіс-тәсілі: көрсету, таныстыру, үйрету.

Шаттық шеңбер

Көк аспанда күн күлсін

Бірге күлсін бүлдіршін

Қыз қолында гүл жүрсін

Ұл қолында ту жүрсін

Тәрбиеші:

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс мезгілінде неше ай бар?

Бір аптада неше күн бар?

Апта күндерін атаңдаршы?

Балалардың жауаптары

Тәрбиеші:Жарайсыңдар

Біз өткен оқу іс-әрекетімізде кандай санмен таныстық? Қане есімізге түсірейік, ауада жазайық.

Балалар:8 санымен таныстық

Тәрбиеші:Біз бүгін 9 санымен танысамыз. (слайд көрсету)

Балалар біз бүгін математика еліне саяхатқа шығамыз. Сендерге автобусқа билет алдым. Билетте сандар жазылған. Осы сандар бойынша рет-ретімен отырыңдар.

Міне келіп жеттік. Мына сандық не үшін тұр екен, ішін ашып көрейін.

Хат бар екен, оқып беру.

  • Сәлеметсіздер ме балалар?Математика еліне қош келдіңдер!Бізде көптеген тапсырмалар бар. Сендердің білімдеріңді тексереміз. Егер тапсырманы дұрыс орындасаңдар сыйлық беріледі.

Балалар орындаймыз ба?

Балалар: иә, орындаймыз.

Балаларды 4-топқа бөлу.

1-тапсырма  Көршісін тап. Сандарды ретімен орналастыр.

1 3 5 7 9

 

10 8 6 4 2

 

0

 

3 2 7 6 9

 

2-тапсырма «Қосу және азайту» тақтадағы есептерді шығару.

2-1=                            8-2=                            7-2=                            5+2=

3+2=                           6+1=                           5+1=                           1+8=

5+3=                           4-3=                            3+2=                           7-1=

7-3=                            2+5=                           6-3=                            6-5=

3-тапсырма  Логикалық сұрақтар

Бес алманың үшеуін

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады.            (9-2=7)

 

Бұлбұл әсем сайрайды

Ел-жұрт ұйып тыңдайды.

6 бұлбұл 3-уін қосқанда

Нешеуі болып сайрайды.           (6+3=9)

 

Аулада 5 үйрек

Қорада 4 үйрек

Қосқанда барлығын

Болады неше үйрек            (5+4=9)

 

Ала қанат сауысқан

Құртты көрсе жабысқан

Тоғыз еді ағашта

Ұшып кетті біреуі

Сонда қалды нешеуі?        (9-1=8)

 

4-тапсырма  

1-топ суретпен жұмыс.

2-топ геометриялық пішіндерден жұмыс

3-топ санашышпен 1-ден 9-ға дейін жазу

4-топ «Қатесін тап»

5-тапсырма

«Апта аттарын айту»

Шарты: кеспе сандарды таңдап алу және оны қай сан екенін, қай апта екенін айту.

6 «Оң және сол» деп айтылады.

Балаларға жалпы тапсырма

1 Оң қолымен мұрныңды көрсет

2 Сол қолымызбен маңдайымызды ұстайық

3 Оң қолды жоғары көтеріп, бұлға

4 Сол қолдарыңмен құлақтарыңды ұстаңдар

5 Оң қолмен мейірім таратайық

Сергіту сәті  «Өз саныңды тап».

Бұл ойында балаларға 1-ден 9-ға дейін сандар беріледі олар музыка ырғағымен жүріп, жүгіріп музыка тоқтағанда сандарды ретімен тұра қалады.

  • Жарайсыңдар балалар! Тапсырмаларды өте жақсы орындадыңдар! Енді сендердің алған білімдеріңе, ұшқырлықтарыңа қарай жұлдызшалар беріледі.

Балалар бүгін барлықтарың да оқу іс-әрекетіне жақсы қатыстыңдар. Математика еліне саяхатқа барған ұнады ма? Осындай көңіл-күйімізбен топқа қайтамыз.

Тәрбиеші: Дәптермен жұмыс. 9 санын дәптерге жазу.

Ауада қолмен жазу, жерге аяқтың ұшымен жазу.

Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:Сандарды тура және кері санау, салыстыра білу, пішіндер туралы.

Игерді: 9саны мен цифрының жазылуы туралы түсінікті.

Меңгерді: сұрақтарға толық жауап беру іскерлігін.

Түркістан қаласы

«Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясы»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ішінен ашылған шағын орталық тәрбиешісі

«Құлыншақ» тобы  Меруерт Керімбекова

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *