Қыс мезгілі

Қозыбаева Гүлнар Құмарқызы

Сабақтың тақырыбы: Қыс мезгілі.
а) Білімділігі: Қыс туралы түсініктерін кеңейту.

ә) Тәрбиелілігі: Қыс жыл мезгілінің  кереметін байқау арқылы оны
бағалай  білуге тәрбиелеу.

б) Дамытушылығы: Қыс тақырыбына байланысты білімдерін дұрыс қолдана білу дағдыларының  дамуына  мүмкіндік беру.

Әдісі: интербелсенді тақта,сөздікпен жұмыс,көрнекілік,сұрақ-жауап, жұптық жұмыс.
Түрі: дәстүрлі
Көрнекілігі: слайдтар,  үлестірме  карточкалар, интерактивті тақта, сурет.

Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі

-Сабақ алдында мен сендерге сәттілік тілеймін!

-Ал енді, сендер бір- біріне  тілек тілеңдер . (Балалар бір- біріне тілек тілейді).

-Қазір қандай сабақ?

-Қазақ тілі нешінші сабақ?

-Бүгін нешесі?

-Аптаның қай күні?

-Балалар сабақта біз жаңа сөздермен танысып,мәтінмен  тапсырмалармен жұмыс істейміз.

-Балалар,  сабақты мен өлеңімен бастаймын:

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр- мылқау танымас  тірі  жанды.

Үсті-басы- ақ  қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап, келіп қалды…

 

-Балалар, қалай ойлайсыңдар, бұл өлең не туралы?   (Қыс туралы)

-Қыс  туралы біз қандай мақалдарды білеміз?

Қыстағы қар, жер ырысы.

 Қыстағы суық – жаздағы ыстық.  

Қыстың жүз күнін, жаздың бір күні асырар .  

 

-Бүгін сабақта біз қыс туралы сөйлесеміз,жаңа сөздермен танысамыз, тапсырмаларды орындаймыз.

Жаңа сөздер:

жамылады- покрывается

қатаяды- замерзает

сырғанайды  -кататься

тебеді- кататься

жиі-жиі –часто

 

 

-Енді мәтінмен жұмыс істейміз.

Қыс мезгілі.

Жыл төрт  мезгілге бөлінеді. Олар: қыс, көктем, жаз және күз. Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан.Қыста күн аязды, суық, жиі-жиі қар жауады. Үйлер, ағаштар қармен жамылады. Өзен мен көлдер мұз болып қатаяды. Балалар коньки, шаңғы теуіп, шанамен сырғанайды.

 

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.

Жылда неше мезгіл бар?

Олар қандай?

Қыста күн қандай?

Не жиі-жиі жауады?

Үйлер, ағаштар немен жамылады?

Балалар қыста не істейді?

2-тапсырма. Кластер құру.

 

 

 

 

Сергіту сәті

 

3-тапсырма. Сөйлем құрастырыңдар:

ҚЫС  ШАҢҒЫ  ТЕБЕДІ  ҚАР  ҚАТАДЫ  КҮН  КЕЛДІ  МҰЗ СУЫҚ  БАЛАЛАР  ЖАУАДЫ

 

4-тапсырма.Кестені толтыр.

Ақпарат дұрыс бұрыс
Қыс айлары: желтоқсан, қараша, ақпан.
Өзен мен көлдер мұз болып қатаяды
Қыста күн аязды, суық, жиі-жиі жаңбыр  жауады
Жыл төрт  мезгілге бөлінеді.

 

5-тапсырма.Берілген суретке тірек сөздерге сүйеніп сөйлемдерді құрастырыныз

6-тапсырма.

«Аққала» дидактикалық ойыны.

– Балалар, қазір біз «аққала құрастыру» ойынын ойнайық. Тақтада  аққаланың бөліктері. Сол  бөліктердің артындағы сұрақтарға  жауап беру керек.

Қыста ауа райы қандай?

Қыста адамдар  қалай киінеді?

Жерде не жатыр?

Қыста қандай мереке болады?

Бір жылда неше мезгіл бар?

Балалар не тебеді?

 

 

Үйге тапсырма:сөздерді жаттау. Мәтінге қарап  диалог құрастыру.

Бағалау.

Рефлексия.

Қандай жаңа сөздермен таныстық?

Нені білдік?

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *