Үндестік заңы. Дыбыс үндестігі
Когедай Серикжан
Сабақтың мақсаты:
білімділік ̶ оқушыларға дыбыс үндестігі жайлы түсінік беру, ауызша, жазбаша талдау жұмысын жүргізіп, теориялық білімін бекіту, оқушыларды дұрыс сөйлеу, жазуға баулу, іздендіре отырып нәтижеге өз беттерінше жетуге үйрету;
дамытушылық ̶ дыбыстық талдау дағдысын қалыптастыру, дұрыс сөйлеуге машықтандыру;
тәрбиелік ̶ ана тілін қадірлеуге, білімділікке, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ойын, талдау, жаттығу жұмыстары, мәтінмен жұмыс, тіл дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: сызба, «Жасырынған әріптер»
Сабақтың барысы.
I.Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушыларды түгендеу;
ә) оқушы мен сыныптың сабаққа дайындығы;
- Үй тапсырмасын сұрау.
а) Буын үндестігіне қандай қосымшылар бағынбайды?
ә) Дәптерлерін ашып, қатар бойынша тексеріп шығамын.
III. Жаңа сабақ.
Дыбыс үндестігі.
Бәрекелді, әліпбидегі әріптер ретін жатқа біледі екенсіңдер.
- Жаттығу жұмыстары. 3-жаттығу.
а)Берілген сөздерге көптік жалғауын жалғап жазу.
Ана-лар, мерген-дер, қазақ-тар, поляк-тар, әшекей-лер, қыз-дар, жігіт-тер, чех-тар.
б)Сабақты тапсырмалар орындата отырып түсіндіру-үйрету.
Буын үндестігін тапқызу. Неге басқа нұсқасы жалғанбайды?
Я әрпінің, Х әрпінің емлесін айтқызу.
Дыбыс үндестігі деген не?
Дыбыс үндестігі сөздің қандай бөліктерінде кездеседі?
а)Сөз бен қосымша жігінде кездеседі: ілгерінді ықпал әсер етеді.
б)Біріккен сөз арасында кездеседі.
в)Сөз тіркесі, сөз бен сөз арасында кездеседі.
Егінбай Егімбай
Көрікбай Көрікпай
Жақыпбек Жақыппек
Азатгүл Азаткүл
Мал қора мал ғора
4-жаттығу
Қай дыбысқа қай дыбыс әсер етіп тұр?
Қандай сөздердің арасында дыбыс үндестігі кездеседі?
Бір-біріне әсер етуші дыбыстарды анықтау
Жаттығу, талдау жұмыстары.
5-жаттығу. Өздігінмен жұмыс жасау.
а) Төмендегі сөздердің түбірі мен қосымшасын айырып айтындар.Сөйлем құрандар.
б)4 оқушыға тақтамен жұмыс жасату.
ІV. Пысықтау сұрақтары.
- Дыбыс үндестігі дегеніміз не?
- Дыбыс үндестігінің қанша түрі бар?
- Ілгерінді ықпал деген не?
- Кейінді ықпал деген не?
- Дыбыс үндестігі дауысты дыбыстардың үндестігі әсері ме, дауыссыз дыбыстардың бір-біріне әсері ме?
- Білімдерін бағалау.
VІ. Үй тапсырмасы: 331-жаттығу. Түбір сөздерге -ың(-ің), -ым(-ім), -м, -ң қосымшаларын жалғап, дыбыс үндестігін сызып келу.