Орындаушылар және олардың командалар жүйесі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.3 А Біздің өміріміздегі алгоритмдер |
|||||||||||||||||||||
Күні: |
23.01.2018 |
Сынып: |
5 а |
||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы |
Орындаушылар және олардың командалар жүйесі |
||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
· 5.3.2.3 – орындаушылар және олардың командалар жүйесі · 5.3.2.2 –алгоритмді сөз түрінде ұсыну |
||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
Барлығы: Орындаушы ұғымымен танысады. Көпшілігі: Түсінеді, талдайды, білімін өзгертілген жағдайда қолданады. Формальды және формальды емес ұғымымен танысады. Кейбірі: Білімін жинақтайды, рефлексия жасайды. Әр орындаушының командалар жүйесін меңгереді. |
||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
1. Орындаушы мен командалар жүйесін ажыратады. 2. Командалар жүйесі көмегімен алгоритмдер құрады. 3. Орындаушылар мен командалар жүйесіне мысалдар келтіре алады. |
||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Пәндік лексика мен терминология: |
||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
–ынтымақтастық -шығармалышық және сын тұрғысынан ойлау -жауапкершілік |
||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар |
Математика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі |
||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім |
Алгоритм және алгоритм түрлерін біледі |
||||||||||||||||||||
Сабақ барысы |
|||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
|||||||||||||||||||
Сабақтың басы 15 минут
|
Оқушылармен амандасу. Good moorning children! How are you? Who is on duty today? Who is absent? Thank you! Психологиялық ахуал қалыптастыру «Айна» әдісі арқылы -«Mirror». Оқушылар айнаға қарап «Мен қандаймын?» деген сұраққа жауап береді және ағылшын тіліне аударады Рахмет! Thank you! Топқа бөлу. Сурет қиындылары арқылы үш топқа бөлу Үй тапсырмасын пысықтау. 1-тапсырма. Сәйкестендіру
2-тапсырма Топтық жұмыс. Мазмұндық сызба жасап, қорғау 1-топ: Сызықтық алгоритм 2-топ: Тармақталған алгоритм 3-топ: Циклдік алгоритм |
Айна, таратпа қағаздар, мазмұндық сызба |
|||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 15 минут
|
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын топқа бөлінген суреттермен миға шабуыл арқылы айқындау Жаңа тақырыпты түсіндіру. Алгоритм өзі құрылмайды, ол орындаушыға арналып құрылады. Дәл сипатталған тапсырма алгоритм болып табылады, ал алгоритмдегі кез келген іс-әрекет команда деп аталады. Алгоритм орындаушысы дегеніміз – алгоритмді жүзеге асырушы. Орындаушының нақты орындалуы мүмкін командалардың жиынтығы орындаушының командалар жүйесі деп аталады. Орындаушылар формальды және формальды емес болып екіге бөлінеді. Формальды орындаушы бір команданы бір қалыпты, өзгеріссіз орындайды Формальды емес орындаушы бір команданы түрлі әдіспен орындайды. Алгоритм орындаушыларына адам, компьютер, техника, роботтар Ең танымал орындаушы – компьютер. Қазіргі кезде адамға және жануарларға ұқсас роботтар көптеп құрастырылып жатыр. Солардың ішіндегі ең танымал роботтар: 1999 жылғы Aibo және 2000 жылғы Asimo Жапонияда шыққан, 2015 жылғы София Қытайда шыққан.
Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар беру 1-тапсырма. Кестені толтырыңдар
2- тапсырма. Техникалық диктант. …деп алға қойған мақсатқа жету үшін орындалатын іс-әрекеттердің тізбектеліп орындалуын айтамыз. Алгоритмнің … түрі бар. … белгілі бір логикалық шартқа байланысты әрекеттердің біріншісін немесе басқасын орындайды. Циклдік алгоритм дегеніміз… . … дегеніміз алгоритмді жүзеге асырушы. Алгоритм орындаушылары формальды және … болып екіге бөлінеді. Ең танымал орындаушы … . |
Оқулық, тұсаукесер, таратпа қағаздар |
|||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 10 минут |
Сабақты бекіту: «Өрмекшінің торы» әдісі арқылы сабақты бекіту. 1.Алгоритм дегеніміз не?
2. Алгоритм қасиеттерін ата? 3. Алгоритмнің неше түрі бар? 4. Сызықтық алгоритм дегеніміз не? 5. Тармақталған алгоритм дегеніміз не? 6. Циклдік алгоритм дегеніміз не 7. Алгоритм орындаушысы дегеніміз не? 8. Орындаушының командалар жүйесі дегеніміз не? 9. Алгоритм орындаушыларын ата? 10. Команда дегеніміз не? Кері байланыс жүргізу: “Блоб ағашы” әдісі арқылы
|
Жіп, Блоб ағашының суреттері |