Абайдың «Отыз бірінші қара сөзі»

Абдрахманова Гүлжахан Маратовна

Қазақ әдебиеті

6 – сынып

Пән мұғалімі : Абдрахманова Гүлжахан Маратовна

Cабақтың тақырыбы: Абайдың «Отыз бірінші қара сөзі»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Абай қара сөздерінің тәрбиелік мәнін түсіну, адамгершілік тәрбие берудегі ақынның философиялық шолуларының маңызын түсінуге үйрету, отыз бірінші қара сөзінің мазмұнын меңгерту.
Тәрбиелік: Оқушы дүниетанымын қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерді оқушы бойына сіңіру, ойшыл көтерген проблемалар тағылымынан үлгі алып, оқушының азаматтық бейнесін қалыптастыру.
Дамытушылық:Оқушыларды өзінше ой қорытуға, ой түюге баулу, шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным – түсініктерін дамыту.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың түрі:Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері:Сұрақ – жауап, электронды оқулықпен жұмыс, мәтінмен жұмыс, ауызша тіл дамыту, шығармашылық жұмыс, талдау, бейнесюжет.
Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық, сызба, суретті парақша, т. б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
• Оқушылармен сәлемдесу
• Сынып оқушыларының сабаққа дайындығын, қатысу деңгейін тексеру.
• Сабақ барысы туралы түсінік беру,

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, бекіту.
– Балалар, біз сендермен өткен сабағымызда қазақтың бас ақыны атанған ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ», «Құлақтан кіріп бойды алар» өлеңдерінің мазмұнымен танысқан болатынбыз. Бүгінгі сабағымызда ұлы Абай шығармашылығымен таныстығымызды ары қарай жалғастырамыз.
Бүгінгі сабағымызды:
Қара сөзі, қара өлеңі қарымды,
Толғайды Абай мұңым менен зарымды.
Абай сынды дана туған халықтың,
Ұл – қызы да болу керек дарынды, –
деген өлең жолдары арқылы бастағым келіп отыр.
– Ендеше үйге берілген тапсырмаға шолу жасайық, кім дайын?

– Жаңа сабағымызды бастамас бұрын, біз тек қазақ елі ғана емес, бүкіл дүние жүзі таныған Абай атамыз туралы не білеміз, соған мына бейнетаспаға шолу жасап кетейік.
Абайдың қандай өлеңдерімен таныстық?
(«Ғылым таппай мақтанба», «Әсемпаз болма әрнеге», «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Жаз», «Күз», «Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай», «Жазғытұры», «Адамның кейбір кездері», «Құлақтан кіріп бойды алар»т. б.
Абайдың қандай күйлерін білесіңдер?
( «Желдірме», «Май түні», «Торы жорға»)
Абайдың әндері «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Бойы бұлғаң», «Татьянаның хаты», «Қор болды жаным»
Әлихан Бөкейханов – қоғам қайраткері, әдебиетші, публицист, экономист, аудармашы. Абайдың ең алғашқы өлеңдер жинағының басылып шығуына атсалысқан тұлға. Абайдың өмірі мен шығармашылығы жөнінде алғаш зерттеу мақаласын жазған.

ІІІ. Жаңа сабақ
Бүгінгі сабағымызда Абай шығармаларымен таныстығымызды ары қарай жалғастырамыз, соның ішінде Абайдың философиялық ойлары берілген қара сөздерімен танысамыз.
Дәптерге бүгінгі күн ретін, тақырыпты жазамыз.
1. Түсінік беру.
Қазақ әдебиеті тарихында ең алғаш жазба әдебиетінің негізін қалаған Ы. Алтынсарин болса, оны ары қарай жалғастырған Абай болған. Ыбырай Алтынсарин көркем сөз әдебиетінің атасы болса, Абайдың қара сөздері ғақлиялық даналық сөздері болған. Абай өз қара сөздерін 1890 – 1898 жылдар арасында жазған. Қара сөздерін жазуды бастағанда Абай 45 жаста болған. Ақыл – ойытолысып, жасыкемелденген, көрген – білгенін ой елегіненөткізіп, сараптаржасқажеткенкезіндеқарасөздерінжазудықолғаалған. БұғандейінШығысойшылдарыӘл – Фараби, Фирдоуси, Бабыр, Батыс философ, ғалымдары Галилей, Коперник, Спенсер, Дарвин, Ньютон, Пифагор еңбектерментанысып, үлкендайындықтанөтіпкеледі.
Өзініңқарасөздіжазудықолғаалғандағымақсатын Абай біріншіқарасөзіндеатапкөрсетеді: «Ақырыойладым: осы ойымакелгеннәрселердіқағазғажазаберейін, аққағаз бен қарасияныермекқылайын, кімде – кімішіненкеректісөзтапса, жазыпалсын, я оқысын, керегіжоқдесе, өзсөзімөзімдікідедім де, ақырыосығанбайладым, ендімұнанбасқаешбіржұмысымжоқ».
Абайдың қара сөздерінің саны 46. Бірақбіз 46 – ншықазақтардыңшығутарихыжайлыжазылған «Біразсөзқазақтардыңтүбіқайданшыққандығытуралы» дегенқарасөзінөзалдынажекетарихишығарма, очерк ретіндеқарастырыпжүрміз.
Абай қара сөздері – өмір тәжірибесінен туған ой толғамының қорытындысы.

– Абайдыңқарасөздерітуралыбауырынасалыптәрбиелегеннемересі, МағауияныңқызыУәсилабылайдейді:
«Әкембалаларын 7 – 8 – гешыққандаоқуғаберетін, балаларменқабат, қыздарын да оқытатын, қазақтіліндекітапжоқболатын. Сондықтан, балалардыңойы, дүниетануыкемшінболадыдепәкемкөпайтыпжүрді. Әліесімде, біркүнібіздіңоқыпотырғанүйімізгеәкемкелді. Молдағақарап: «Балаларғамынакітаптыәкелдім. Осыныкөшіріп, көбейтіп бала басынабірдентаратыпбер, бүгінненбастап осы кітаптықосаоқыт» деді. Бізқуаныпкеттік. Әкемүйденшыққансоң, молдаәлгікітаптыалды да, бас салыпоқыды, кітапқолжазбаекен. Бізолкітаптыкөшіріпалыпоқибастадық. Өйткені, бұлжаңакітаптыңтіліұтымды, сөзітүсінікті, ыңғайақылайтыпотыратынжақсыкітапболды. Кейінбайқасам, солкітапәкемнің «Ғақлия» аттықарасөзбенжазғанкітабыекен».
Қара сөздерінде Абай әңгіме – сұхбатжанрыныңөзіндікерекшелігінпайдаланады.
Абай қарасөздерітуралымүмкіндігінеорайбатыл, ірінегіздіпікірлерайтқан М. Әуезоведі. «… Абайдың осы қарасөздейтінмұраларыкөркемпрозаныңөзінебөлек, біралуаныболыпқалыптанады. Бұларсюжеттішығармаларемес. Бұрынғыжазушыларқолданғанестегі, мемуар да емес. Стиль мазмұн жағынан алғанда, осы шығармаларАбайдыңөзітапқан, біралуанкөркемсөздіңтүрі. Кейдебұларсыншылдық, ойшылдықжәнекөбіншеадамгершілік, мораль мәселелерінеарналғанөсиет, толғау тәрізді». (М. Әуезов. 20 – том).
Қара сөздерітақырыпжағынаналғандаақынныңөлеңдеріменастасыпжатады. Абай адалеңбекету, егін салу, саудаменайналысу, өнерүйрену, білім – ғылымдыигеру, қоғамдағыәртүрлітоптардыңқылыпжүргенхарекеті, мінез – құлқы, адамгершілік, имандылықсекілді, бірталаймәселелерді қара сөздерінде кеңінентолғайды, үлкенкөрегендікпенкөптегенқұндыпікірлертүйеді.
2. Өткенгешолу.
Бұғандейінбіз, яғни 5 – сыныпта «Жетінші» қарасөзіментанысқанболатынбыз. Қане, кімесімізгесалыпжібереді? ( аудиодантыңдату)
Абайдыңкейбір қара сөздері қазақтың мақал – мәтелдерінталдауға, олардыңмәнінашуғаарналады. «Бесінші», «Жиырматоғызыншы» сөздеріндеақынқазақтыңмақал – мәтелдерініңішіндегіоң – терісдегендерінің, жақсылыққаемес, жамандыққатәрбиелейтіндерініңастарлысырынсынғаалады.
Бүгінгісабақта «Отызбірінші» қарасөзіментанысатынболамыз. Барлығымызназарымыздысалып, тыңдайық

  1. Электронды оқулықтан «отыз бірінші» қара сөзін тыңдату. (3 мин.)
    4. Сұрақ – жауап:
    – Қане, кім айтады, «Отыз бірінші» қара сөзінде ақын не нәрсені тілге тиек еткен?
    – Есте сақтаудың, ұмытпаудың 4 түрлі себебі қандай?
    1. – сену керек;
    2. – үлгі алу керек;
    3.- бірнеше рет қайталап отыру керек;
    4. – ой кеселді нәрселерден аулақ болу керек;
    Ой кеселдері: уайымсыздық, салғырттық,, ойыншы – күлкішілдік, қайғыға салыну, қызығу (құмарлану)
    5. Сөздікпен жұмыс. (дәптерге, тақтаға жазу)
    Ғибратләну – (араб)- үлгілі, өнегелі. «Жақсылық көрсең ғибрәтлі, Оны ойға жисаңыз».
    Уайымсыздық – еш нәрсеге алаңдамаушылық.
    Салғырттық – әр нәрсеге жай, салақ қараушылық.
    6. Ой – қозғау сәті. (сұрақ – жауап бойынша)
    – Бұл қара сөздің идеясы қандай?
    – Естіген нәрсені ұмытпаудың, есте сақтаудың жолдарына тоқталған.
    – Бұл шығарманың бас кейіпкері бар ма?
    – Иә, бар.
    – Егер болса, ол кім?
    – Абай. Жеке өз аузынан айтылған пікір. Осындайда кейіпкер ойы мен автор ойының бір жерден шығып отыратынын байқау қиын емес.
    – Абайдың қара сөзі кімнің ойын білдіреді?
    – Абайдың әр қара сөзі жалпы халықтың, қалың жұртшылықтың ойын білдіріп, үлкен ғибратты түйін жасайды.
    – Абай бар асыл ойын кімге арнады?
    – Абай бар асыл ойын замана жастарына, келер ұрпаққа арнады.
    – Оның шығармашылық қызметінің негізгі мұраты – адам тәрбиесі.
    8. Асыл сөздің жалғасын тап.
    Жұмысы жоқтық
    Тамағы тоқтық… (Аздырар адам баласын)

    Үш – ақ нәрсе адамның қасиеті… (Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек)

    Тағы сене бастаймын,
    Күнде алдағыш қуларға… (Есім шығып қашпаймын, Мен ішпеген у бар ма?!)

    Баламды медресеге біл деп бердім… (Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім)

    Талап, еңбек, терең ой… ( Қанағат, рахым, ойлап қой, Бес асыл іс, көнсеңіз)
    Қорытынды:
    Абай – ұлы ақын, ғалым, философ, көркем әдебиеттің темірқазығы.
    Абай насихаты – ынтымақшыл, арлы, адал, еңбекқор, иманды, талапты, үлкен жүректі кісі болу. Абай «Жиырма тоғызыншы» қара сөзі арқылы кез – келген нәрсені сол қалпында қабылдай бермей, сын көзбен қарауға, өзіңе керекті нәрсені танып, талғап ала білуге шақырады. Абайдың өз сөзімен айтсақ:
    Терең ойдың түбінде теңізі бар,
    Тесіле көп қараса, көңіл ұғар

Үйге тапсырма : Қара сөзден ұнағанын жатқа айту.

Бағалау.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *