Оқушылардың шығармашылық қабілеттілігі мен дарындылықтарын дамытудағы модульдік технологиясының рөлі

Миржакупова Гульнар Токтархановна

Білім беру мазмұнын жаңару оқу технологияларды үнемі меңгеруді оқушылардың білім сапасын жоғарлатуды талап ету, сабақ беру үрдісін күрделендіру – осының бәрі мұғалімнен білім қорын жаңартып, кәсіби біліктілігін арттырып, әдістемелік шеберлігін шыңдап отыруын талап етеді. , мұғалім өз пәнінен оқушылардың ойлау әдісін, өз бетімен білім алып, оны қолдану білуін қалыптастырып,талдау және білімді бағалау сияқты ғылыми-зерттеу әдістерімен қаруландыруы қажет. Осыдан келіп, мұғалімнің жеке басына қойылатын талаптар өрбиді. Ол тек жан-жақты дамыған маман ғана болып қоймай, өздігімен іздену жұмыстарының тәсілдерін меңгерген, зерттеу дағдысы қалыптасқан маман болуы шарт.

Қазіргі кезеңде мектептің алдына қойылып тұрған ең басты талап – рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру ісі болып отыр.

Орыс сыныптарындағы қазақ тілін шығармашылықпен оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру және әр түрлі белсенді формаларды / топтық, топтық-жеке және жұппен жұмыс, диспуттар, пікірталастар/ қолдана оқытудың міндеттегі шарты болып табылады.

Соңғы кездері оқушылардың дарындылығын дамыту өзекті мәселеге айналып отыр.

Дарынды адам деп, басқалардан ерекше, қиын жағдайлардан күтпеген жолдар табатын, жоғарғы жетістіктерге талпынатын адамды айтады. Дарынды оқушылардың ішкі сезімі жағынан өзгеше. Олар сезімтал, ықылас қойған нәрсесін, тақырыбын әр жерде негізгі мәселе етіп қоя біледі.Физиологиялық тұрғыдан ерекшелігі: дамытудағы шапшандылық, ауызекі сөйлеу, жиі-жиі ойға берілу, қиял-күшінің басымдығы. Дарынды оқушылар көп көлемде білім меңгереді және ұмытпайды. Түсінік танымы өте жоғары.

Шығармашылық – баланың бойындағы дамыған сана белсендігі мен таным белсендігі, тума қабілет. Ол қабілет мектепте сан алуан ғылыми салалардан білім алу арқылы және тәжірибелі ұстаздардың көмегі арқылы ашылады.

Дегенмен де, сөз әрбір  қайталанбас талантты, өзінше жеке тұлға әрбір мектеп оқушысы жайында болмақ.

Шығармашылық қабілеті өздігінен жетілмейді, оған да белгілі бір факторлар ықпал жасайды:

  • мектеп өмірі, мектептегі оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің ұйымдастырылу деңгейі;
  • оқушылар мен ұстаздар арасындағы қарым-қатынас;
  • отбасы жағдайы;
  • физиологиялық даму үлгісі;
  • балаға қажет білімнің берілу сапасы.

Оқушының жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамыту гимназия педагогтары көңіл аударып келе жатқан мәселе. Педагогикалық ұжым әрекетінің өзектілігі – дарынды оқушылардың өзін-өзі жетілдіруде жайлы жағдай туғызу. Дұрыс тәрбие беруде танымға сүйіспеншілікті арттыру және оның жоғарғы шыңы танымдылық тұтынушылығын оятуы мүмкін. Сезімді, ерікті, ойды не нәрсені терең меңгеруге бағыттау, үнемі көп білуге талпынуды ояту, белгілі жайда жаңа бір қырын ашу, әлемді танып білуде ізденіске ұмтылуды қалыптастыру – бұл мұғалімнің алдында тұрған негізгі міндеттерінің бірі. Оқыту баланың табиғи қасиеті мен жаратылысына бағыттауы қажет. Сондықтан да білім беру мазмұнын құруда ең басында жеке тұлғалық талаптары, тілектерімен бірге бала тұруы қажет. Бала – оқыту үрдісінің негізгі бейнесі. Оның анықталған, қызығушылығы қанағатталған, қабілеті дамыған болуы қажет.

Осы аталған мақсаттар мен міндеттерді іске асыруда мынадай әдістер, тәсілдер келесі слайдта көре аласыздар.

Дарындылықты дамытудың міндеттері: болашақ түлектерді қазіргі индустриаланған ақпаратты қоғамда өмір сүруге дайындау, үнемі өзгеріп отыратын әлемде әлеуметтік қабілеттілігін арттыру, мәдениаралық қарым-қатынасқа түсе алатын шығамашылық тұлға қалыптастыру.

Мұғалімнің ұстанымы:

  • көмекші, кеңесші;
  • оқушыларды белсенді оқу үрдісіне баулу;
  • өз бетімен білім алу және өзін-өзі тәрбиелеуде бағыт беру.

 Оқушы ұстанымы:

  • танымдық әрекетке белсенді қатысу, үнемі өзін-өзі жетілдіру;
  • өз ойын жеткізу;
  • талерантты болу;
  • оқушының субъектілік позициясы.

Қорытынды:

оқушының кез-келген жағдайда беті мен білімін көрсету қабілеттілігі, өз-өзін жетілдіру, түсіну, бәсекеге қабілетті болу, бірлесіп әрекет ету.

Дарынды шығамашылық потенциалын анықтап, оны ашу үшін психологиялық ерекшеліктеріне қарай, оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде арнайы жағдайлардың жасалуы талап етіледі /дарындылық типі, бала қызығушылығы, оның уәждемелік тұлға мінез-құлқы/ Менің жүргізген психологиялық қызмет диагностикасы жеке тұлғаның ерекшелігін, танымдық-уәждемелік аспектісін айқындадым.Қорытындысында, мен оқу-ұйымдастырушылық, ақпараттық-оқу, коммуникативтті оқу, жалпы оқытудың білік, дағды, сапасын анықтадым.  Мысалы, 6 сыныпқа жасалған диагностика қорытындысы ұсынылады.

Оқушылардың шығармашылық потенциалын анықтауда, «Дарын»бағдарламасы құрылған.

Бағдарлама

  1. оқушының өзін-өзі жетілдіруде шығармашылық қабілетін арттыруға жағдай жасау;
  2. оқу үрдісінде, қосымша білім беру жүйесінде, түрлі орталықтармен байланыста / ғылым, мәдениет, өнер, спорт т.б./ жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар арқылы дамыту ортасын құру. Сыныптан тыс жұмыстар – тәрбиелеудің бір түрі. Сыныптан тыс шараларда түрлі кездесу, ақын-жазушылардың өмірі мен шығармаларын жете таныстырып, оның мазмұны, әрбір сөзіне талдау жасап, тәрбиелік мәніне көңіл бөлу керек.

Модульдік оқыту технологиясы сіздерге жақсы таныс. Модульдік технологияны алғаш меңгере бастағанда- ақ меңгеру алгоритімін құрылды. Оны келесі слайдта көре аласыздар.

Қорыта келгенде модульдік оқыту  технологиясы

  1. Оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін арттырады.
  2. Танымдық процестерді (жады, ойлау, зейін, елестету қабілеті) дамытады.
  3. Сөздік қорын дамытады, Сөйлеу дағдысы жетіледі.
  4. Сын көзбен қарауға үйретеді.
  5. Қоғамдық өмірге бейімделген интеллектуалды жеке тұлға қалыптастырады.

Модульдік оқытудың негізгі талаптарын, тиімділігін, құрылымын назарларыңызға ұсынамын.

Жалпы шығармашылық дегеніміз – адамның белсенділігі мен дербестігінің және қиял – ойын іске асырудың жоғарғы формасы.

Оқушылардың дарындылық қабілеттерін қалыптастыру жолдары:

  • шығармашылық тұрғыда оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мен оқу міндеттерін анықтау арқылы,
  • пәнаралық бірлестіктерді қалыптастыру арқылы,
  • оқытуды жаңа педагогикалық жаңа технологияларға негіздеу арқылы,
  • концептуалды идеяға негізделген оқу процесінің инновациялық әдіс – тәсілдерін енгізу тағы басқа арқылы іске асырылады.

Аталған технологияның  оқу материалдарын, мазмұнының ерекшеліктерін ескере отырып, тақырыптық-күнтізбелік жоспарды қайта қарастырдым. Модульдік технологияны меңгеруде деңгейлік тапсырмалар, тірек схемаларын құрастырдым. Жаңа буын оқулығы бойынша 8 сыныпқа тестер жинағын құрастырдым.

Оқу үрдісінде интерактивті оқыту әдісін, аймақтық компоненті, зерттеу жұмысын тағы басқа әдістерді қолдану. Оқушының танымын, интеллектісіне арттырудағы мұғалімнің педагогикалық шеберлігі болып табылады.

Дарындылықты дамытуда әсер ететін танымды белсенуі және факторлардың деңгейін ескере отырып, пән бойынша интерактивті формадағы жұмыстарды жүйелі түрде өткізу керек деген қорытынды жасаймын. В.А, Сухомлинский айтқандай «… шығармашылыққа үйрету қажет».

Модульдік технология бойынша интеллектуалды қабілеттері ескеріліп, шығармашылқ мәндегі деңгейлік тестер беріледі. Дәстүрлі, дәстүрлі емес сабақтарды жоспарлау мен өткізуде оқушылардың дарындылығын дамытуды негізіне аламын және мынандай іске асырамын:

  1. жеке тұлғаны бағыттап оқыту;
  2. даралап-саралау;
  3. экологиялық-психологиялық, эмоционалды орта құру;
  4. бірлескен технология.

Менің концепциямның табыстылығы ең алдымен пән бойынша оқушының білім деңгейі, интелектілік даму деңгейі жоғарлады.

Қазақ тілінен білім сапасы. 2014-2017 оқу жылдары.

 

2014-2015 2015-2016 2016-2017
64% 68% 77%

 

Олимпиада, марафон, сайыстарға, ғылыми –практикалық конференцияларға қатысуы мен нәтижесі жоғарлады.

 

 

Жалпы қорытындыдан жаңа мәселелер де туындайды.

  • Жаңа диагностикалар мен тәсілдерді меңгеру және өндеу.
  • Жоғары деңгейдегі рефлексияға шығу.

Модульдік технология:

  • танымдық қабілеттілікті дамытуда / білім, түсіну, қолдану, анализ, синтез/
  • танымдық үдірісті дамытуда / қиял, ойлау, ес, түйсік/
  • қажеттілікті қанағаттандыру / қарым-қатынасқа түсуге, шығармашылыққа дайындау және іске асыру/
  • оқушыда жағымды мотивті қалыптастыруға әсерін тигізеді деп ойлаймын.

Өз баяндамамды Паскальдың сөзімен аяқтағым келеді:  «Оқушы – бұл іші қуыс құты емес, тек толтырып қоятын, ол  шырақ  оны тұтата білу қажет»

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *