Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру «Білім салтанатын құру»
Бүркітбаева Жеңісгүл Сейтханқызы
- Кіріспе
2.Білім саласында ұстаздардың ролі.
3.Білім саласындағы ата- ананың ролі.
4.Қорытынды
Кіріспе; Заман талабы көзі ашық, сауатты, білімді, жаңашыл болу негізгі мақсат болды десекте болады. Негізінен әр білімді азамат елінің мақтанышы,болашағы болып есептеледі. Осыған орай еліміз қазіргі уақытта және болашаққа деген білім талабы өте жоғары.Елбасы Н.Ә Назарбаевтың жаңа жолдауы елімізге жаңа серпінмен жауапкершілік берді.Елбасының қай жолдауында болмасын білім саласына деген талабы және жасап жатқан өзгерістерімен жаңалықтары ерекше.Сол арқылы бізге табысты болудың ең басты факторы білім екендігін түсіндіріп отыр. Және осы мақсаттарды жетілдіру барысында тәуелсіздік жылдарынан бері тынымсыз еңбек етуде.Елімізде «Болашақ» бағдарламасы арқылы көптеген жастар шетелдердің сапалы университеттерінде білім алып, мемлекет қолдауы арқылы мамандар дайындалды. Өзімізге белгілі елімізде ЖОО ашылып білікті кадрлар дайындалып жатыр.Жалпы алғанда еліміз білім саласына бюджет бөлуден алдыңғы елдер қатарында тұрғанымыз бәріне мәлім.Бұл елбасымыздың келешекке деген нақты бастамаларының бірі және ел басы тарапынан үлкен көрегенділік. ЖОО нан бөлек елімізде бала бақша,жаңа зияткерлік мектептер жүйесі қалыптасты. Бұл біздің дамыған елдер қатарына қосылудағы нақты қадамдарымыздың бірі және бұл өз уақытында жүзеге асып жатыр деп ойлаймын.Болашақта Қазақстанның бет пердесін не анықтайды әрине ол бәсекеге қабілеттілік.Бәсекеге қабілеттілік саясатта, экономикада,руханиятта,яғни барлық салада болуы керек. Басеке болмаған жерде алға қарай жылжу болмайды,сананы рухани жағынан үнемі жетілдіріп дамытып отыруға тиіспіз.Елімізде білім саласында үш тілдік мәселе басты назарда.Ағылшын тілі әлемдік тіл, бүкіл әлемдік тілден қалыс қалмауымыз керек.Алайда өз ана тілімізге басымдылық беруіміз керек.Біздің мақсатымыз әлемдік өркениетке еніп дамыған елдер қатарына қосылу оған білім арқылы ғана жетеміз.
2.Білім саласындағы ұстаздардың ролі:Жаңартылған білім жүйесіне сай әрбір мұғалім өз білімін жетілдіріп,бір сарынды сабақтардан гөрі жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарына пайдаланса сабақтары нәтижелі болары сөзсіз.Үздіксіз іздену негізінде ұстаздарға қойылып отырған басты талаптардың бірі.Бұған орай елбасымыздың қолдауымен ұстаздарға жаңа білім беру курстары, оқу, сабақ өту барысында жаңа жабдықтармен жете қамтамасыз етіліп отыр. Бұрынғы оқушы тыңдаушы орындаушы болса, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Ұстаз оқушыға дұрыс бағдар беру арқылы, жаңартылған білім мазмұны арқылы барлық оқушыны бірдей сабаққа қатыстыра алады. Әрбір жаңашылдық өзінің бір жақсы және қиын тұстарымен келеді,сол сияқты бастапқыда оқушымен ұстазға қиын болғанымен уақыт өте келе бәрі өз орнымен қалыптасып жатыр. Ұстаздар әрбір жаңалықты тез қалыптастыру арқылы ғана талапқа сай білім бере алады. «Әлемді өзгерткің келсе өзіңді өзгерт» демекші осы жаңашылдыққа орай еліміздің әрбір азаматы әсіресе білім беретін ұстаздар өтте үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Оқушылармен ұстаздар арасындағы қарым қатынас жасу мәселесі-психология ғылымында және тәлім тәрбие ісіндегі әрі маңызды, әрі күрделі проблемалардың қатарына жатады. Біріешіден мұғалім оқушы алдында өзінің қандай екенін сезініп, өзіне өзі баға беруі керек. Атап айтқанда оқушыларға деген қарым қатынасының қалай екендігін сезіну үшін ұстаздық шеберлігі, өз пәнін жетік меңгеруі, сынып ұжымына жетекшілік ете алуы. Осыдан сапалық ерекшеліктері шығады;
- Шәкірттердің адами қасиеттерін ескеріп,онымен үнемі санасып отыру.
2.Олардың пікірлерін тыңдай білу
3.Оқушыға сенімділік көрсету
4.Сөйлесу барысында үнемі сыпайылықпен әдептілік үлгісін көрсету
- Оқушылардың ынтасын қызығушылығын тез байқау
Шәкірттермен қарым қатынас барысында мұғалімнің кемшіліктері:
1.Оқушылардың ойымен санаспай оларды бала санау.
- Сенімсіздікпен қарап үнемі оларға өз айтқанын істету.
- Кемшіліктерін байқағанда оны мазақ еткендей күлкіге қалдыру.
- Сабақ үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс жүргізбеу.
- Сабағы қызықсыз, жауапсыз өтуі және ашушаңдық.
Мұғалімдерге қойылатын осы талаптарды унемі ескеріп отыруы қажет. Жалпы педагогика баланың даралық ерекшеліктері мен жан дүниесінің сырына терең үңіліп, олардың мінез құлықтарымен санасқан дұрыс екенін ескертеді. Мұғалімнің мінез құлқы өз мамандығының талаптарына сай болса ғана, қолайсыз жағдайлар болмайды.
- Білім саласындағы ата- ананың ролі:
«Отан отбасынан басталады деп» бекер айтпаған. Жел бесіктен жер бесікке дейінгі бала өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата-ана. Жазушы Ғабит Мүсірепов айтқандай «Бала бойындағы жақсы жаман қасиетте анадан» дейді. Білім саласында ата ананың қызметі өтте ерекше, оны ескермесе болмайды. Ата- ана өз баласына қажетті тәрбиемен білім беру арқылы ғана өздеріне қайырлы ұрпақ силай алады. Дүниеге әкелдім, аяқ қолы аузына жетті, енді ұстаздары білім беріп тәрбиелейді деген өте қате пікір. Негізінен бала көп уақытын мектепте емес өз уйінде өткізеді. Қазіргі таңда көп ата-ана баласын тек материалдық жағынан қамтамасыз ету басты назарда қалған сияқты. Баланы қосымша курстарға бердім, білімді оқып жатыр деп сырт қалуға мүлдем болмайды. Баланың білімді болуына әсер ететін негізгі фактор ата-ана тарапынан:
- Тәрбие
- Қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз ету
- Киім үлгісі және тазалығы
- Салауатты өмір салтын ұстау, дұрыс тамақтану
- Үйдегі атмосфера (ұрыс, түсініспеушілік)
- Баланы қолдап марапаттап отыру
- Жауапкершілік
Осы қажеттіліктерді әрбір ата-ана ескере отырып әрекет жасаса, ұстаздарға да білім беруде айтарлықтай қиындықтар туындамасы анық. Мұғаліммен ата-ана арасындағы тығыз байланыс өте маңызды.
4.Қорытынды: Елбасымыздың еліне деген сүйіспеншілігі, ел болашағына деген сенімі өте зор. Сол сеніммен алға қарай қадам басып еліміз үнемі көркею устінде. Жастар біздің болашағымыз, біз ұрпағымыздың сауаттылығымен көріктіміз. Білімді ұрпақ арқылы елімізді дамыған елдер қатарына қосарымыз анық. Ол үшін әрбір ұстазға да, ізденуші оқушыға да, ата аналарға да қажетті жағдай жасалуда. Ұстаздарымыз елбасымыздың білімге деген жаңашылдықтары мен талаптарын жоғары дәрәжеде орындап, білімді оқушы, ЖОО да білікті мамандар дайындалса, жаңашыл, дамыған, жарқын, үлгілі ел боламыз.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718