Тарихтың қайнар көзі – деректер

Актымбаева Махаббат Бакыткызы

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Тарихи дерек дегеніміз не, оның түрлері, олар қалай пайда болады. Археология, этнография ғылымдары нені зерттейтіндері, олардың тарих ғылымын терең меңгерудегі маңызы туралы білім беру.
  • Дамытушылық: Оқушыларды өз ойларын жеткізіп, пікір айтуға бейімдеу, ойларын қорытындылап салыстыра білу дағдысын қалыптастыру. Өткен сабақтың материалдарымен байланыстыра отырып, деректердің ерекшелігі мен айырмашылығын, ұқсастығын айырып таба білу сияқты ойлау қабілетін дамыту.
  • Тәрбиелік: Тарих пәнінің салаларының тарихты жазудағы маңызын түсіне білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті.

Пән аралық байланыс: география, математика, әдебиет, бейнелеу.

Көрнекілік:

  1. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған ежелгі қалалардың суреттері (Бұзоқ қаласы, ежелгі Сарайшық, т.б.)
  2. Тас бетінде жазылған ежелгі жазулардың суреті (Құлтегін, Тоныкөк, т.б.)
  3. «Ежелгі Қазақстан картасы»
  4. Плакатқа салынған кестелер

Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі.
  • Үй тапсырмасын сұрау. Үй тапсырмасын өз еріктерімен айтып бергісі келген 1-2 баладан сабақ сұрап, қалған балалармен жалпы әңгімелесу түрінде өткізуге болады. Ол үшін:
  1. «Тарих қандай мағын білдіреді?»
  2. Оны алғаш пайдаланған кімдер?
  3. «Тарих атасы» деп кімдерді атаймыз, неліктен? – деген сұрақтарды қоямын. Тарих пәнін оқып-білу не үшін қажет деген сұрақтар бойынша оқушылардың өз ойларын айтқызып қорытынды жасай білуге үйрету қажет. Алғашқы сабақтан бастап балаларға «тарихи тілмен» сөйлеуге бейімдеу. Тағы айта кететін маңызды мәселе – үйге берілген жазбаша тапсырмаларды міндетті түрде алғашқы сабақтан бастап жүйелі түрде тексеріп отыру. Бұл оқушыларды жауаптылыққа үйретеді. Тіпті уақыт жетпей оны тыңғылықты тексеріп шығуға мүмкіндік болмаған күнде тездетіп оқушыларға дәптерлеріңді ашып қойыңдар, тексеріп шығайын деп көз жүгіртіп қарап шығу. Осылайша үй тапсырмасын тексеріп шыққыннан кейін оқушылардың тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағанына, олардың белсенділігіне, дайындық дәрежесіне қарап, өзінің алғашқы сабағының қаншылықты нәтижелі болғанын біле аламын. Ал егер оқушылардың жауабы қанағаттандырмаса,   өзімнің қай жерде олқылық жібергендігімді іздестіремін. Осылайша үй тапсырмасы арқылы өткен оқу материалдарын қорытындылап, негізгі есте сақтайтын тірек сөздерді ескертіп, жаңа сабақты бастаймын.

 

 

Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгіннен бастап бұл «Тарих әлемі» деп аталатын бөлімде саяхатымызды бастаймыз. Тақтаға «Тарихтың қайнар көзі-деректер» деп жазып қоямын. Алдын ала дайындап қарап қоятын жоғарыда айтылған көрнектіліктерге (үй тапсырмасын сұрағанда балаларды алаңдатпау үшін бұл көрнектіліктерді ашпалы-жаппалы тақтаның артына іліп дайындап қоямын) оқушылардың назарын аударады. Тақтада ілінген суреттер бойынша оқушыларға «Сендер тақтада ненің суреттерін көріп отырсыңдар?» деген сияқты сұрақтар қойып, жаңа тақырыпты түсіндіремін. Өтілетін жаңа оқу материалы бойынша жаңа тақырыптың жоспары тақтаға жазылады.

Тақырыптың жоспары:

1 Тарихи дерек көздері .

ә) Жазбаша деректер.

ә) Ауызша деректер.

б) Археологиялық деректер.

в) Этнографиялық деректер.

Бұл түсініктер мен ұғымдар оқушыларға бұрын таныс болмағандықтан алдын ала

«Тарихи деректер» деген кесте іліп қою керек.

Тарихи деректер
Ауызша Жазбаша Археологиялық Этнографиялық

Отанымыздың тарихы бүгінгі күнге дейін негізінен заттай және жазбаша түрде басқа тілдегі деректер арқылы жазылып келгенін, атадан-балаға мұра болып жетіп отырған ауызша тарих айту дәстүрінің болғанына тоқталу. Тарихты дұрыс түсіну үшін осы деректердің бәрін салыстыра қолдану керектігін айтамын.

Ауызша деректерден басқа қазақтардың ата-бабалары түріктерде де жазба дәстүрінің болғандығына оның куәләрі деп көне түрік жазуларының суретін көрсетемін. Мұндағы жазулардың қазіргі жазулардан айырмашылығына тоқталамын. Осы орайда жазбаша тарихи деректерге қандай деректер жататынын сұрап, оқушылардың жауаптарынан кейін оны толықтыру мақсатынында оқушыларға жалпы мәтіннен жазбаша деректерге не жататынын іздетіп, 1 оқушыға оқытамын. Осылайша ауызша дәстүр бағанымен жұмыс түрін жүргізіп тақтадағы кестені толтырамын. Алғаш жазуды ойлап тапқан кімдер, неге жазған деген сияқты мәселелердің шет жағасын аздап айтып өтемін. Бұл кейбір қызығушылығын тудырған оқушылардың осы тақырыпты өздігінен үйден меңгеріп келуіне түрткі болады.Оқушылардың назарын археологиялық деректер деген кестеге аударып, тақтадағы суреттерге қарап оқушыларға бұл бағанды өздері толтыруға тапсырма беремін, Оқушылар бағанды толтырып болғаннан кейін, 1-2 оқушыға оқытқызып, қалған оқушылар айтпай қалған жері болса оқулық мәтінін пайдалана отырып толықтырады. Археология ғылымын «күрекпен қаруланған ғылым» деп те айта кетемін. Ал енді этнография ғылымы туралы оқушылардың түсінігін қалыптастыруда жер бетінде 3000 жуық этнос өкілдері өмір сүретінін, олардың тек 200-дейі ғана өз мемлекеттігін құрып отырғанын, олардың даму деңгейі мен тіршілігі, әдет-ғұрып, салт-дәстүрінің өзіндік ерекшеліктерге толы екенін ескертемін. Тақтаға «Этнография- әр түрлі халықтардың тұрмыс-тіршілігін зерттейтін ғылым» деп жазып балалар оны дәптеріне көшіріп алады. Бұл жерде өздерінің теледидардан көрген әртүрлі халықтар мен тайпалардың өмір тіршілігіндегі ерекшеліктері туралы әңгімелесемін. Оқушыларды ойландыру мақсатынында «Қалай ойлайсыңдар,неліктен жер бетіндегі халықтардың өмір сүруі әркелкі,бірінікі сонау алғашқы қауымдық құрылыстағыдай болса,бірі ұлы ғылыми-техникалық прогресті бастан кешіп отыр» деген сияқты сұрақтар қоямын. «Этнос» терминінің анықтамасын дәптерлеріне жазғызып қоямын.

Қорытындылау.

Тарих ғылымы осындай дерек көздерінің арқасында ғана ақиқат болатынын айтып, бұл ғылым салаларында қызмет ететін адамдардың еңбегінің ауыр екенін, соған қарамастан олар адамзат үшін тер төгіп, қызмет етіп жүргендерін баса айтады.

Бекіту:

Сұрақтарды пайдалана отырып, оқушылардың бір-біріне сұрақ қойып, жауап алу арқылы тақырыпты бекітеміз.

Бағалау:

Үйге тапсырма: Тарихтың қайнар көзі – деректер тақырыбын оқу.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *