Сақтардың қоғамдық құрылысы
Актымбаева Махаббат Бакыткызы
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың типі: (баяндау, әңгімелеу) аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, пікірлесу, сызбалармен жұмыс, кітаппен жұмыс.
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Өткен сабақпен байланыстыра отырып, сақтардың қоғамдық құрылысының ерекшеліктеріне тоқталу, жауынгерлер, малшылар, абыздар арасындағы таптық жіктелудің себебін ашып көрсету.
2) Дамытушылық: Қоғамдық құрылысына талдау жасау негізінде оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру, қорытынды жасай білуге үйрену, ой қабілетін дамыту.
3) Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекке үйрету және де болашақ өз елінің адал азаматын тәрбиелеу негізінде отанға сүйіспеншілігін тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру: 1 – 2 мин.
II Үй тапсырмасын сұрау.
Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы.
1) 1. Сақ тайпасына жалпы шолу.
2. Сақтардың тұрмысы.
3. Сақтардың шаруашылығы.
- «Кім шапшаң»
Сұрақтарға жауап беру.
1) Сақтар қандай баспаналарда тұрды?
2) Сақтар қандай мал түрлерін көп өсірді?
3) Қолөнердің қандай түрлерімен айналысты?
4) Сақтардың сусындары?
5) Сақтардың азық – түліктері.
6) Темірден жасалған бұйымдары.
7) Жылқы малын неге қастерледі?
8) Сақтарда егіншілік қалай дамыды?
9) Бағалы металдардан нелер жасады?
10) Сақтардың киімдері.
11) Сақтардың қару – жарақтары.
III Үй тапсырмасын бекіту: 1 – 3 мин.
Тест сұрақтары оқылады оқушылар жауаптарын береді.
IV Жаңа сабақты меңгерту.
1. Сақтардың әлеуметтік құрылысы.
2. Мүлік теңсіздігінің пайда болуы.
Сақ тайпаларының іргесін қалаушы Алып Ер Тұңға (Афрасиаб) деген дерек бар.
Сақтарда мүлік теңсіздігі болған. Сақтарда қару – жарақтардың әр алуан түрлерін өндіру ісі жедел дамыды. Бұл уақытта алғашқы құрылымдық құрылыстың ыдырап, әскери демократияның пайда бола бастаған кезі еді.
Сақтардың тайпа басшысы → тайпа көсемі болды.
———————————— → Ол бас қолбасшы да болды.
Бүкіл тайпа мүшелері ←—- сайлаушылар болды.
– Тайпа көсемі – елді басқарды, келіссөздер жүргізді, елдегі мәселелерді шешті.
– Бас қолбасшы – сақ жауынгерлерін басқарды.
Сақтар арасында мүлік теңсіздігі пайда болды, малға меншік қалыптасты.Археологтардың пікірінше сақ тайпалары мен тайпа одақтары мынадай негізгі топтарға бөлінеді:
↓——————————–↓————————↓
Жауынгер —————– Абыз ———— Малшы және егінші
Найза мен садақ ——- Тостаған ——- Соқа мен қамыт
(Квинт Курций Руф)
Сақ тайпаларының аты мекендері:
- Парадарайа (теңіздің арғы жағындағы сақтар)
Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізінің маңында Сырдария мен Амударияның төменгі ағысы
- Тиграхауда (шошақ бөрік киіп жүретін сақтар) Сырдарияның орта ағысы, Тянь-Шаньда, Жетісуда
- Хаумаварга (хаома сусынын дайындайтын сақтар) Мургаб аңғарында (Түркіменстан)
Сақтар туралы пікірлер:
1) Гректер сақтарды жоғары бағалап, ең әділ, шыншыл халық деп есептеді.
2) Грек авторы Ктесий «сақ әйелдері ер жүрек келеді, соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмектесіп, ұрысқа араласады.
3) ежелгі грек геогрофы Страбонның айтуынша сақтар жақсы шабандоздар болған
V Жаңа сабақты бекіту:
Мыналар кімдер «кім шапшаң»
1. көсем
2. қолбашы
3. абыз
4. жауынгер
5. Малшы
- егінші
VI Жаңа сөздермен жұмыс:
1. Әскери демократия
2. Халық жиналысы
3. Мүлік теңсіздігі
VII Қорытындылау:
– Сақтардың ерекшелігі.
– Нені білу керек?
– Нені үйрену керек?
Ежелгі грек тарихшылары «сақтар батыр, жауынгер, «дұшпанына қатал-досына адал»болған.Олар қастасқан жауын аямаған . Батыр жауынгерлерді құрмет еткен» деген сөзбен қорытамын.
VIII Үйге тапсырма:
1. Сақ қоғамы.
2. «Сақ әйелдерінің қоғамдағы рөлі»
IX. Бағалау.