Ойлайықта – ойнайық
Сулейменова Гулдана Сабыржановна
Мақсаты: сандық есептеуге үйрету. Сандарды тура және кері санауға үйрету. Балалардың тілін дамыту, іздемпаздыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, сергіту сәті, жұмбақтар, ойын.
Көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар(шар, геометриялық пішіндер: үшбұрыш, төртбұрыш, сопақша, сандар),интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
А) Шаттық шеңбері:
Біз бақытты баламыз,
Балабақшаға барамыз.
Бәрің бізге қараңыз
Қазір амандасамыз.
Сәлем, сәлем Алтын күн,
Сәлем, сәлем, достарым.
Сәлем, сәлем бақшаға
Сәлем, сәлем бердік баршаға.
Сәлеметсіз бе апайлар?
– Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі күніміз сәтті болсын, орнымызға отырайық. Бүгін қарапайым матиматикалық ұғымдар туралы ашық оқу іс-әрекеті.
-Бір жылда неше мезгіл бар?
-Төрт мезгіл. Қане атап шығайықшы? (қыс, көктем, жаз, күз)
-Мына шарлардың түсі де сол төрт мезгілге белгілейік.
-Мына шардың түсі қандай(жасыл,қызыл,сары, ақ)
Әр мезгілмен түстерді салыстырып және ол мезгілдегі ерекшеліктерді, ауа- райын айтып ой пікір таластыра отырып қайталап еске түсіру.
– Өте жақсы балалар, біз шарлардың түсін білдік, жыз мезгілін, ауа-райын болатың құбылыстарды білдік. Енді мына шарлардың ішінде не барын білгілерін келеме?
Қане шарды кім жарады?(бір бала шығып шарды жарады)
-Балалар , бізге тапсырмалар берілген, осы тапсырманы дұрыс орындасаңдар, мына кемеге отырып «Қызықты матиматика» еліне саяхатқа барамыз.
1-тапсырма: 1-ден 5-ке дейін тура кері санау.
2-тапсырма: Дидактикалық ойын: «Жоғалған сан» Сандардың көршісін табу.
3-тапсырма: Логикалық есептер
Бес алманың екеуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады?
-Ағашта бес құс отыр еді, оның үшеуі ұшып кетті. Ағашта неше құс қалды?
-Себетте екі алма, табақта үш алма, қосқанда барлығы болады неше алма?
Сергіту сәті:
Бір үйде нешеуміз,
Кел санайық екеуміз.
Бас бармағым-атам,
Балан үйркек-әжем,
Ортан терек- әкем,
Шылдыр шүмек-анам,
Кішкентай бөбек- мен.
Бір үйде біз нешеуміз,
Бір үйде біз бесеуміз.
Бір дегенім- білім,
Екі дегенім-егеу,
Үш дегенім- үскі,
Төрт дегенім-төсек,
Бес дегенім-бесік,
Алты дегенім- асық,
Жеті дегенім- желке,
Сегіз дегенім-серке,
Тоғыз дегенім- торқа,
Он дегенім-оймақ,
Он бір қара жұмбақ.
-Енді балалар, сендерге жұмбақ жасырып көрейік, кім тапқыр екен?
Құстан аумайды,
Көкте заулайды.(Ұшақ)
Қақпаны аштым,
Ақ шашу шаштым.(Таң) т/б
Ал, балалар енді мына кемеге отырып «Қызықты матиматика» еліне саяхатқа барайық.
Керемет қызықты жерлерге саяхаттап, жол бойы көргендерін есепке алып отырады (қайтадан жыл мезгілдерін,болатын құбылыстарды, түр түсті жол бойы сұрап отыру).
-Ал, балалар саяхаттап келдік, енді үлестірмелі материалдармен жұмыс жасайық.
-Балалар, ақылмен ойлап әртүрлі нірселерден жасауға болады екен. Геометриялық пішіндерденді ажырата білсек, енді «Қызықты матиматика» еліне саяхатқа баратың кемені құрастырсақ жиі өзіміз барамыз.
Қорытынды:
Біз 1-ден 5-ке дейін тура кері санадық;
Логикалық есепті шығардық;
Жұмбақтар шештік;
Санамақ айттық;
-Балалар, келесі сабағымызда «Қызықты матиматика» еліне саяхатқа құрастырған кемемен өзіміз барамыз.
-Қарандаршы, балалар қандай әдемі кеме құрастырдық.
Сендерге көп-көп рахмет. Бүгінгі сабағымызда сендер өте жақсы қатысқандарың үшін сендерге арнайы шарлаым бар, қабыл алыңдар!
-Жарайсыңдар, балалар, бәріміз келген қонақтармен қоштасайық.
Көріскенше күн жақсы.
Сау болыңыздар.