Өзге ұлт балаларына қазақ тілін үйретудің тиімді бір жолы – ойын
Мухамадиева Алия Кабылгазыновна
Қазақ тілі — ғажап тіл. Оның болашағы да ғажап.
Тек оны насихаттай білуіміз керек, оқыта білуіміз керек.
Қазіргі таңда білім беру жүйесінің барлық сатыларының алдында тұрған көкейкесті мәселелерінің бірі білім сапасын арттыру, оның әдістемесін жетілдіру жас ұрпақтың тұлғалық дамуына қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру. Шындығында сапалы білім, саналы тәрбиемен шынайы ұштасқанда ғана ұлт тілегі орындалып, қоғам өзінің рухани дамуында асыл қасиеттерге қол жеткізбек. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ана тіліне қамқорлық ең алдымен сол тілде сөйлейтін халыққа жүктеледі» демекші, менің парызым — балабақшадағы өзге ұлт балаларына мемлекеттік тілді меңгерту.
Егер ойын , ақылмен ұйымдастырылса , ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік береді.Балалардың өмірі мен іс – әрекетін дұрыс ұйымдастыру – оларды тәрбиелеу деген сөз . Бала үшін ойын – өзін –өзі жетілдіру мен өзін – өзі көрсетудің құралы. Ойын әрекетінде баланың психикалық қасиеттері мен жеке басының ерекшеліктері әлдеқайда тез қалыптасады, яғни ол арқылы бала білім алады. Ойын ойнау барысында бала ешбір бүкпесіз , бар жан – тәнімен ойынға кірісіп кетеді- де, белсенділік пайда болады, қызығушылық танытады.Тіпті тілді үйренгісі келмейтін баланың өзі ойын ойнаған кезде оны ұмытып кетеді.
Өзге ұлт балаларына қазақ тілін ұтымды ,қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемізде қолдануға ізденеміз. Жаңа технологияны, әдіс – тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын арттырады.Сонымен қатар қазақ тіліне үйреткенде балалардың жас ерекшелігін ескеру әдіс – тәсілдерді таңдаумен сай келеді.Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық санат. Тіл үйретуде ойынды көрнекі құралдар, түрлі суреттер, кестелер, ойыншықтар, музыка және т.б. материалдар сабақты көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады,ауызша сөйлеу түрлері кеңейеді.Әрбір сабақта ойын түрлерін және өзара сөйлеу үлгілерін тақырыпқа сай қолданған жөн және тиімді.
Тіл үйрету барысында ойын элементтерін дидактикалық материал ретінде қолданудың пайдасы бар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді. Дидактикалық ойындардың сапалылығы сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін ,мақсатын дәл анықтауға ,оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына , ойынға қажетті материалдарды алдын – ала дайындап алуына, ойын үрдісіне балаларды белсенді қатыстыруына байланысты болады.
Қорыта айтқанда, ойын – балалардың негізгі іс – әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты.Дидактикалық ойындар балаларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады,олардың ойлау қабілеттерін , ізденпаздылығын арттырады,сөз қорын молайтуға көмектеседі,сабақта дидактикалық ойындарды пайдалануда балаларды әдептілікке, адамгершілікке қамқорлыққа, қайырымдылыққа тәрбиелейді.
Ойындар балалардың танымын, ақыл – ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта – ықылас қоюына баулиды және бүлдіршіндердің зейінін, ойлау қабілеттерін дамытады. Ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.
Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, және тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады.
Ойын ұғымына түсінік берсек, бұл баланың мінез-құлқына өзі басқарумен қатар топпен жұмыс жүргізе білу әрекеті, ол баланың бір – біріне көмектесу, тез ойлау қабілетін, алға ұмтылу ісін дамытады.
Сондықтан бағдарлама бойынша ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті кезінде ойын түрлерін үнемі пайдаланып отыру керек.
Қорыта келгенде, Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті кезінде «ойын түрлерін пайдалану біріншіден, балалардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден балалардың сабаққа деген қызығушылығын артыру болып табылады. Ойын түрлерін пайдалану мынадай нәтижеге жеткізеді.
Нәтиже
1. Әр баланың шығармашылығы артады.
2. Жылдам жұмыс істеуге дағдыланады
3. Баланың жеке қабілеті анықталады
4. Бала топ жаруға ұмтылады.
5. Баланың ойлау қабілеті дамиды
6. Әр бала өз деңгейімен бағаланады.
Сонымен қатар, балалардың тілдерін дамыту үшін әр сабақта өлең – тақпақ, жұмбақ, мақал – мәтел, жаңылтпаш, сергіту сәттерін жиі пайдаланамыз. Жоспар бойынша мерекелік
іс – шараларға өлеңдер, әндер жаттап, түрлі ойындар үйренеді. Бірақ, соның ішінде бала тәрбиесіне ерекше әсер ететін – бұл ертегілер әлемі.
Ертегілер балаларды білгір, батыл, ойшыл, еңбекқор, өнерпаз болуына ықпал етеді. Ертегілер немесе шағын көріністер бойынша қойылым көрсету үшін алдымен жүйелі түрде дайындық жұмыстарын түсіндіреміз. Содан кейін балалар өздеріне ұнаған кейіпкерлерін таңдап алады. Сонда ғана әр балаға олардың сөздерін қайталатып, жатқа үйретеміз. Ал, ертегіні сахналаған кезде балалар өздерінің қалаған кейіпкерлерінің сөзін жатқа айта отырып, мінез – құлқын, іс – әрекетін көрсетуге тырысады. Ертегі арқылы баланы адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуге болады.
Тіл жеке адамның шаруасы емес.Мемлекеттің де басыбайлы дүниесі емес. Тіл – халық қазынасы,ұлттың жаны. Тілдің мәртебесі – елдің мерейі.Оның мерейін асыратын да ,құтын қашыратын да өзіміз. Осыны ұмытпауымыз керек.