Ойынның бала өміріндегі маңызы

Мухамадиева Алия Кабылгазыновна

«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып,
оның шығармашылық қабілетін дамытады
ойынсыз ақыл – ойдың қалыптасуы мүмкін емес».
В.А.Сухомлинский

Ойын дегеніміз-жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын-төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi. Сондықтан ойынды сабақтан тыс уақытты пайдалану – үлкен нәтиже бepepi анық. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, содан үлкен мәнді де мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Себебі, бар өнердің бастауы деп білеміз. Ойын-тек жас адамның дене күш қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке т.б ғана тәрбиелеп қоймайды, оның ақыл-ойының толысуына, жан дүниесінің қалыптасуына, eceйіп өcyiнe де пайдасын тигізеді. Ойын баланың алдынан өмірдің eciгiн ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін дамытады.

Еңбек, ойын және оқу ерте кезден-ақ адам тіршілігінің негізгі үш тірегі болып есептелінген. Ол балалар үшін кәмелетке келгенше жүріп өтетін өмір сатысы. Ойын технологиясы балалардың айналасын тану қызметіндегі белсенділігі мен шығармашылығының қалыптасуына жолды кең ашатын табиғи құбылыс. Атақты педагогтар В.А.Сухомлинский, Н.К.Крупская, К.Д.Ушинский ойын балалардың ой өрісін дамытуда, дүниетанымын қалыптастыруда практикалық маңызы зор екенін атап көрсеткен.  Қазақ халқының ұлттық ойындарының педагогикадағы рөлі туралы алғашқы пікірлерін айтқан Ә.А.Диваев, М.О.Әуезов.
В.А.Сухомолинскийдің сөзімен айтар болсақ, «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ» және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе icпетті, ол арқылы баланың рухани ceзімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.

Ойын дегеніміз-ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты.
Ұлы педагог А.С. Макаренко ойынға үлкен мән бере отырып, өзі басқарған мекемелерінде ойынды тәрбиеленушілер өміріне міндетті түрде енгізіп отырды. Ойын баланың өмipiн қызыққа, қуанышқа бөлеуін камтамасыз eту үшін ол балалардың ойынға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын тәрбиелейді- деп қарастырады.

Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері — мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез, әрі қызығып орындайтын болады. Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды. Ал мұғалімнің міндеті — балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету. Ойын мен адам мәдениетінің өзара байланысы ғылыми түрде анықталды. Олардың тұлғаны дамытудағы маңызы анықталды, оның психологиялық және әлеуметтік факторлармен келісімі жөнінде кең қарастырылуда. Ойын технологиялары әлі де білім беру саласында жаңа инновация болып табылады. Ойын технологиясын тілді жаңадан үйреніп келе жатқан өзге ұлт өкілдерін оқыту барысында қолдану өте тиімді. Жақсы ұйымдастырылып, сәтті пайдаланылған ойын сабақты түсіндіруде үлкен рөл атқарады.

Бұл классификацияға төмендегі ойын түрлерін көрсетеміз:

  • сенсорлық-тәрбиелік ойындар;
  • сөздік ойындар
  • табиғатпен таныстыру ойындары;
  • математикалық ұғымдарды қалыптастыру ойындары;
  • дидактикалық ойындар;
  • үстел үсті ойындар;
  • саяхат ойындар;
  • ойын тапсырмалар;
  • ойын сөйлемдер;
  • жұмбақ ойындар;
  • диалог ойындар;
  • қимылдық ойындар.

Осы ойындардың ішінде қазақ тілі сабақтарында жиі қолдануға болатын дидактикалық ойындар: «Енесін тап», «Жеміс-көкөніс жинау», «Ненің дәмі?», «Сиқырлы қоржын», «Бұл ненің дауысы?», «Бұл қашан болады?», «Не жақсы, не жаман», «Не артық?», «Дұрыс па, бұрыс па?», «Доппен ойын», «Дұрыс көрсет», «Дұрыс ата», «Кім көп сөз біледі?», «Телефон» т.б. ойындар. Қазақ тілі сабақтарында аталмыш ойындарды қолдану барысында балалардың тілдерін дамытумен қатар, ойлау, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін, зейіні дамиды.

Осындай ойын түрлері әсіресе қорытынды бөлімде қолдану сабақ барысында берілген жаңа сөздерді бекіту үшін қолданылады. Балаларға тілді ойынның көмегімен меңгерту, балалардың тілге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

Мектеп жасына дейінгі балалар үшін: ойын – оқу, ойын – еңбек, сонымен қатар, ойын олар үшін – тәрбиеленуінің күрделі түрі. Ойын арқылы мектеп жасына дейінгі балалар қоршаған ортаны таниды.

Ойынның дамуына және баланың ойынға араласуына әсер ететін факторлар өте көп. Мысалы, үлкендердің ойынға басшылық жасауы, ойыншықтар, баланың өсетін ортасы, балалар ұжымы, баланың тәрбиесі т.б. Дегенмен де ойын тек әрекет емес, балалардың да, үлкендердің де қызығушылық ермегі, адамды рахат пен қанағат сезіміне бөлейтін іс-әрекеті. Бала тұрмақ, үлкен адамдар да әлі күнге дейін ойнайды, әрине ойынның түрлері де, мазмұны да сан алуан. Балалар ойыны әр алуан, оның өзгеріп отыруы балалардың жас және дара ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, сюжеттік рөлді, қимыл-қозғалыс, драматизация, музыкалық, дидактикалық, құрастыру, ұлттық, спорттық, дамытушы ойындардың түрлері бар. Әрқайсының өзіндік мәні, ерекшеліктері, мазмұны, ережелері, тәртібі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық функциялары бар.
Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын оқу процесін ширатады, баланың оқуға деген ынтасын арттырады,сабақ қызықты өтеді. Ойын белгілі бір қабілеттердің қосындысы, оны былай көрсетуге болады: зейін + қабылдау + ес + ойлау + пайымдау. Ойынды халқымыз балаларын тәрбиелеуде ертеден пайдаланған. А.Байтұрсынов «…баланы ойынға үйрету, ойынға қатыстыру арқылы ойыны қайсы, үйретуі қайсы екенін балалар айырмастай, сезбестей етіп үйретуі керек» деген қағидасын басшылыққа алған жөн. Ойын – үйрету әдісінің ерекше түрі. Ол үйренуді мәжбүр етпейді, баланың өз еркімен, ынтасымен орындалады.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *