Көмектес септік

Сердалина Индира Тұрғынбайқызы

Сабақтың мақсаты :

Білімділік: Септіктер туралы алған білімдерін жинақтау,тұрақтандыру,сауатты жазу дағдысын жетілдіру.

Дамытушылық:тілдік қорларын байыту,шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа,ізденім паздылыққа  баули отырып жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі : Сызбалар, кестелер.

Ι.Сабақтың барысы:

Кәне,өзіміздің жақсы көңіл күйімізді бір-бірімізге берейік.

Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

ІΙ.Ұйымдастыру кезеңі.

Мейірімді жүрекпен

Ақ пейілді тілекпен,

Амандасып алайық

Бір жадырап қалайық!

Сабағымызды бастамас бұрын,топқа бөлінейік.

-Балалар,бүгін бізде ерекше сабақ болмақ,өйткені бізге қонақтар келіп отыр.

Бүгін сыныпта  кезекші кім?

Үйге қандай тапсырма берілді?

ΙΙΙ.Үй тапсырмасын тексеру

Әр оқушы «білім пердесі»атты бағалау парақшасы бойынша өздерін бағалайды.

Оқушылар өздерінің аты жөнінін жазып шығады.

Әрдайым биіктен көріну үшін,біз сабағымызды  «өте жақсы» деген бағаға оқып,өз үлесімізді қосуымыз керек.

Олай болса сабағымызды бастайық.

IV.Ребус шешу

Қандай сөз шықты? «Көмектес»

Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы көмектес септігі.Көмектес өзі айтып тұрғандай көмек беру,бірге деген мағынаны білдіреді.

Сұрақтары

-кіммен? немен? кімдермен? нелермен?

Жалғаулары

-мен, -бен, -пен

Зат есім септеледі жеті түрде,

Бір-бірімен шатыстырып алып жүрме.

Жалғанатын жалғаулары сан түрлі ғой,

Жатта соны ойнап-күлме,босқа жүрме.

Септіктерді  атап шығайық

Атау,ілік,барыс,табыс,жатыс,шығыс,көмектес.

Септіктерді қайталау

  1. Жұппен жұмыс :оқушыларға септік атаулары таратылып беріледі.Атау, ілік,барыс,табыс,жатыс,шығыс,көмектес,атау,ілік барыс.Әр жұп берілген атау бойынша екі сөйлемнен құрайды.

Әр жұп жазған сөздерін оқиды,білім парақшасына бағаларын қояды.

.  «Адасқан жалғаулар»

Дәулет балықты қармақпен аулады.Аппақ  қар жамылған далада қызыл түлкі зытып барады.Біз сабақтан кейін бірге ойнаймыз.Жанат дүкенге барды.

Сергіту сәті: видиоға қарап оқушылар қимыл-қозғалыс жасайды.

VII. Өздік жұмыс: Оқушыларға кеспе қағаздар таратылады. Онда жеті септіктің аты жазылған. Интерактивті тақтада сөздер берілген, оқушылар сол септікте жазылған сөздерді теріп, дәптерлеріне көшіріп жазады.

Сөздер:

Суретшінің, ата, еңбекпен, даланы, кірпіштен, жылқыға, қалада, қағазбен, аспанда, Арайдан, қонақты, әншіні, ағаш, дүкенге, өсімдіктің, гүлдер, отқа, досыммен, адамның, темірден, үстелде.

Дәптерлермен ауысу.

Әр жұп жазған сөздерін оқиды, білім парақшасына бағаларын қояды.

VΙΙΙ. Оқулықпен жұмыс: 16-бет; 4-жаттығу

ΙXӨзін-өзі бақылап, бағалау ( тест сұрақтарына жауап беру )

1- нұсқа:

  1. Берілген сөздер қай сөз табына жатады?

Алма,парта, терезе, оқушы, доп, ана.

А) сын есім Б) сан есім Т) зат есім

  1. Көмектес септігінде тұрған сөзді тап.

А) машинамен  Ә) пышақты  Б) жайлауға

  1. Зат есімнің сұрақтарын көрсет.

А) қанша? неше?  Б) кім? не?  С) не істеді? не қылды? қайтті?

  1. Шығыс септігінде тұрған сөзді көрсет.

А) сабақта  Г) сабаққа  Ы) сабақтан

  1. Жатыс септігінде тұрған сөзді тап.

П) қарлығаштың  Р) баламен  С) оқушыда

2- нұсқа:

  1. Зат есімнің сұрақтарын көрсет.

А) қанша? неше?  Ә) не істеді? не қылды?  Б) кім? не?

  1. Табыс септігінде тұрған сөзді көрсет.

А) дәрігерді  Б) дәрігермен  В) дәрігерге

  1. Барыс септігінде тұрған сөзді тап.

К) ағаштың  Қ) адамға  Л) халықтан

  1. Ілік септігінде түрған сөзді тап.

О) шеңберге  И) шеңберден  Ы) шеңбердің

  1. Берілген сөздер қай сөз табына жатады?

Бала, шеңбер, құс, күйші, балға.

Т) зат есім  Б) сын есім  С) сан есім

X.Корытынды.

– Сонымен балалар, сабағымызды қорытындылай келе, тест тапсырмаларын орындағанда қандай сөздер шықты?

1- нұсқада « Табыс» сөзі, ал 2- нұсқада «Бақыт» сөзі шықты.

X.Семантикалық картамен жұмыс.

Сабақты қортындылау:Сонымен балалар,септіктерді толық меңгердік деп ойлаймын.оған бүгінгі сабақта танытқан белсенділіктерің,тапқырлықтарың,алғырлықтарың дәлел болды. Білім пердесіндегі бағаларды қорытындылап шығу.

Үиге тапсырма:16-бет; 6-жаттығу

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *