Құстар ұшып келеді!
Мақсотова Жанайым Нұрлыбекқызы
Білім беру саласы: «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық».
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту, Жаратылыстану.
Мақсаты: балалардың құстар туралы түсінігін кеңейту, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету, ойлау қабілетін дамыту,балаларды адамгершілікке, табиғатты сүюге, табиғатқа қамқор бола білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер:сұрақ – жауап, сергіту жаттығулары, әңгімелеу, дидактикалық ойындар.
Көрнекілік құралдар: құстар бейнеленген атрибуттар, құстар жайлы
диафильм, үнтаспа, ойындар.
Билингвалдық компонент: птицы – құстар – birds, қарлығаш – ласточка – swallow, қараторғай – скворец – starling, беркут – бүркіт – golden eagle, попугай – тоты құс, сауысқан- сорока – magpie т. б.
– Балалар қараңдаршы, бізге көптеген қонақтар келген екен, қане шаттық шеңберін құрайық.
Шаттық шеңбері:
Біз балдырған тең басқан,
Дос құшағын кең ашқан.
Тілегіміз тыныштық,
Ашық болсын кең аспан.
Мықты болсын іргеміз,
Бәрімізде біргеміз.
Күннің көзі ашылсын,
Көкке шуақ шашылсын.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
– Ал, қанекей, балалар “Сәлем” дейік үлкенге. Үш тілде амандасады.
– Жарайсыңдар, балалар! Енді орнымызға отырып, бүгінгі оқу қызметімізді бастайық. Біздің бүгінгі тақырыбымыз «Құстар ұшып келеді!» ,-деп аталады. Ең алдымен өткен оқу іс-әрекетіміздегі «Нұрлы көктем» тақырыбына жалпы шолу жасап өтейік.
Сұрақ- жауап:
– Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Көктем мезгілі.
– Көктемде қандай өзгерістер болады?
Күн жылынады, қар ериді, сай-сала суға толады, жерге жасыл шөптер шығады, ағаш бүршік жарады,құстар жылы жаққа ұшып келеді.
Көктем мезгілінде неше ай бар, олар қалай аталады?
Наурыз, сәуір, мамыр
– Қазір қандай ай?
– Сәуір
Таңғалдыру сәті: Құстардың дауысы естіледі.
– Балалар, бұл ненің дауысы?
– Құстың
Балалар, ендешебүгін біз құстар, олардың тіршілігі, өмір сүру ортасы және ерекшеліктері туралы білетін боламыз.
Балалар, қазір мен сендерге қызықты мәлеметтер айтып беремін.
Құстар туралы мәліметке назар аударып, тыңдайды.
Балалар, жаңа бейнефильмнен не көрдіңдер?
Қандай құстар бар екен?
Сергіту сәті: Қане қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орннымызға қонайық.
Сауысқанша секіріп,
Тоқылдақ боп шоқиық.
Ал, балалар ойнайық,
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық.
Ендеше, балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, бәріміз бірге сол жұмбақтың шешуін табайық.
1.Тал басында тамаша үй.
(Ұя)
Өте жақсы, осы ұяны нелер мекендейді?
– Құстар
Қане, балалар тағы да құстар туралы жұмбақ жасырайын, сендер қандай құс екенін тауып көріңдерші?
1.Шарлап келіп даланы,
Үйіме үйін салады.
(Қарлығаш)
- Су бетін сүзіп,
Ақ құман жүр жүзіп.
(Аққу)
- Тақылдатып, мазаны ап,
Ағаштарды тазалап,
Ормандарды емдейді,
Зиянкесті тазалап.
(Тоқылдақ)
Ендеше, балалар «Құстар» деген сөзді үш тілде айтайық: құстар-птицы-birds.
Ойын: «Құсты құрастыр»
Балаларға құстардың бірнеше бөлікке бөлінген суреті салынған конверт беріледі, құстардың суреттерін құрастырады. Сол құстардың атын атап, суреттеп береді.
– Балалар, бүгін өткен оқу іс-әрекетінен не түсінгендеріңді тексерейік. Құстардың бір-бірінен айырмашылықтарын кім атап береді?
– Түстері, көлемдері әртүрлі болып келеді, әртүрлі дыбыстайды.
– Құстардың ортақ қасиеттері?
– Қанаттары бар – ұшады, тұмсықтары бар – шоқиды.
– Құстардың пайдасы?
– Олар табиғатты зиянды жәндіктерден тазартады.
– Жарайсыңдар, құстар туралы біраз мағлұмат алыпсыңдар. Сендер құстарға қандай қамқорлық жасайсыңдар?
– Ұя жасаймыз, жем шашамыз.
– Ендеше, бәріміз бірге «Ақ көгершін» әнін орындайық.
Жылы жаққа ұшпайтын,
Біздің жақта қыстайтын.
Құстар көрсең жуықта,
Жем шашауды ұмытпа!
Қол ұстасып тұрайық,
Жарты шеңбер құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат болайық!
Күтілетін нәтиже:
Біледі: қыстап қалатын құстардан көктем құстарын ажыратуды;
Игерді: сөздерді анық айтуды, дұрыс байланыстырып сөйлеуді, сұрақтарға толық жауап беруді;
Меңгерді: құстардың ортақ қасиеттері мен айырмашылықтарын табуды.