Б. Майлин «Күлпаш»
Кулмаганбетова Райгуль
Сабақ 3 сынып оқушылар үшін дайындалған. Балалардың жас ерекшеліктеріне және мемлекеттік стандартқа сай құрастырылған.шығармаларды өздігінен дауыстап, мәнерлеп және сөз екпінін дұрыс қойып оқуды; әңгіменің мазмұнын өз сөзімен, толық әңгімелеуді; оқиға желісін ажыратуды, оқиғаға өзінің көзқарасы мен пікірін білдіруді; шығарма кейіпкерлеріне сипаттама, олардың іс-әрекеттеріне баға беруді қалыптастыру. Қойылған мақсатыма жету үшін, жаңа технологиялар қолданылды (MC Power Point және бейнематериал). Сабақтың мақсатына жету үшін ой қозғау, Венн диаграммасы, әңгімелеу, сұрақ – жауап, топпен жұмыс әдістер қолданылды.
S – Бейімбет Майлиннің өмірін, Күлпаш әңгіменің және ел басынан өткен ашаршылықтың қиыншылықтың кезенің туралы білу.
M – Егер әр оқушы Бейімбт Майлин кім екенін, ашаршылық кезенің түсінсе, сонда сабақтың тиімділігі табысты болады.
А –Оқулықтан қажетті мәліметті алу, топпен жұмыс істеу және қорытынды жасауға үйрету.
R – Ашаршылықтың себебін анықтау, жаңа кезеңімен салыстыру және өз көз қарасын білдіруге жасай алу.
T – Сабақ бойы балалар Бейімбет Майлиннің өмірін, ашаршылық болған жылдарын, Күлпаш әңгіменің кеіпкерлерін, олардың өмірін білу керек.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
ІІ.Психологиялық дайындық.
Айналаға алақанмен,
Жылулықты шашайық.
Сәттілік тілеп, күлімсіреп,
Біз сабақты бастайық.
III.Кіріспе әңгіме.
Бейімбет Майлин өмірінен қысқаша мағлұмат беру.
1894 – 1938ж Қостанай облысы, Таран ауданында дүниеге келген..
Аса көрнекті суреткер жазушы, ақын, драматург. Бір жасқа толмай әкесінен, алты жасында шешесінен айрылып жетім қалды. Жетімдік зардабын шегіп, бай кісілерге жалданып, күнін көрді.
Алғаш рет ауыл молдасынан оқып сауатын ашқан. 1911-1915 жылдар аралығында Троицк қаласында Уәзифа медресесінде, кейін Қостанайдағы орысша қазақша мектепте, Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқып білім алған.
1916-1919 жылдары мұғалім болады, жазушылықпен шұғылдана бастайды. «Қазақ», «Ауыл» газеттері мен «Айқап», «Садақ» журналдарына мақала жазып тұрды.
1938 жылы жазықсыз тұтқындалып, қызыл қырғын саяси репрессияның құрбаны болды.
Туған әдебиетімізде әңгіме жазудың шебері болып тарихта қалды.
Қозғаған тақырыптары: ауыл өмірін бейнелеп, қазақ адамының шынайы образын жасады. Шығармалары: “Шұғаның белгісі”. Толық жинағы. 1–4 том. Қызылорда. А., 1933–1936;
«Таңдамалы шығармасы» , 1958; Көп томдық шығармалар жинағы. 2,3-т. 2004.
“Садақ” Қолжазба журналы 1915 жылы
«Берен». Повестер (орыс тілінде). 1964;
«Қызыл жалау» Роман, повесть, әңгіме, «Жазушы», 1979;
«Рыжая полосатая шуба». Повестер мен әңгімелер (орыс тілінде). «Жазушы», 1984;
«Ел сыры». Мақалалар, пьеса. «Жазушы», 1994;
Өлең жолдары.
Жырлағаным-кедейдің жыры,
Сырлағаным-кедейдің сыры.
Сырым да бір, жырым да бір –
Мендағы сол кедейдің бірі.
Қазақ халқы талай тарихтың ауыр кезеңдерін бастан өткерген қайсар да қайтпас халық. Тек өткен ғасырдың басында Қазақ халқы трагедияға толы түрлі оқиғаларды басынан кешірді: соның бірі екі ірі аштықты бастан өткерді.
1) 1921-1922 жылдары
2) 1930-1932 жылдары
1919-1922 жылдардағы аштық болу себептері:
Қазақстандағы 1919-1922 жылдардағы аштықтың бір себебі елдің бірнеше аймақтарында орын алған егіннің шықпай қалуы болды. Осы жағдайға байланысты кеңес үкіметі 1919 жылдың қаңтар айынан бастап «азық-түлікті тәркілеу» саясатын бастады. Қазақстанда егіншілікпен айналысушылардың аз деңгейде дамуына байланысты большевиктер қазақтың малын кәмпескелеп тартып алуды да бастады.
Аштықтың қиындығынан айла тауып шығудың амалын іздеп тұрғындар көне былғарыларды қайнаған суға жібітіп, оны азық ретінде қайнатып сорпа әзірлеуге де қолданған.
IV.Оқулықпен жұмыс.
Б.Майлин «Күлпаш» Мәтінді оқу, оқушыларды қатыстыра отырып түсіндіру. Қарамен ерекшеленген сөздерді түсіндіру, сол сөздерге мағынасы жуық сөздерді атату.
Мәтіннің І бөлімін мұғалім оқиды,
ІІ бөлімін оқушылар оқиды.
Қайталап дауыстап оқыту.
Сөздікпен жұмыс.
Өрім-өрім – тозған, жыртылған
Бөкебай – басқа жамылатын шәлі
Ызғырық – суық жел
Өлмелі кедей – өте кедей
Сергіту сәті.
Бақыт құсы көгершін болып адамдардың арман- тілектерін орындаймыз. Әр кімнің басына бақыт құсы қонсын. Еліміз, жеріміз ешқашан зардап шекпесін әр отбасыға тоқшылық тілейміз.
V.Мәтін мазмұнымен жұмыс.
1-бөлімге қандай ат қояр едің?
2- бөлімге қандай ат қояр едің?
Сұрақтар:
– Ел басынан немесе Күлпаш басынан өткен бұл әңгімедегі оқиға қай кезеңде болған?
– «Бәрі де шықпа, жаным, шықпа» деп отырған секілді» дегенді қалай түсінесің?
– Мақтым мен Күлпаш неге жылады?
Бұл оқиға бүгінгі күні болса, сендер Күлпаш пен Қалиға қалай көмектесер едіңдер?
Топтық жұмыс
1–топ: Қалидың өмірін қазіргі балалардың өмірімен салыстыру(венн диограмма)
2-топ: Қазақ халқының аштыққа душар болуының себебі неде?
3-топ: Аштық, кедейлік мүлде болмас үшін не істеуге болады ?
Шарықтау шегіне жеткен әңгімені аяқтау…
А) Мақтым, Қали, Күлпаш …
В) Қазақ жерінде аштық заманы …
С) Халықтың тұрмыс жағдайлары …
Өткен ашаршылық заманымен қазіргі тоқтық заманымызды өзара салыстыру
- Қазіргі тоқтық заманымызда кедейлік бар ма?
Сезім толқуы
Қазақ халқынан шыққан кедей отбасының тұрмыс жағдайы саған қалай әсер етті?
1930-1932 жылдары Қазақстан халқының саны алты миллионнан асқан болса, соның екі миллионнан астамы қырылды.
Алаштың әйгілі жазушысы, қазақ әңгімесінің қас шебері Б. Майлиннің
1921-1922-нші жылдардағы аштықты негізге ала жазған «Күлпаш» атты әңгімесі – жаппай ашаршылықтың құрбандарына қойылған мәңгі ескерткіші болып саналады.
Топпен жұмыс
Ата – бабам тарихы – менің тарихым
- Өткен күн: Ата-бабаларымыздың басынан өткен күн қандай болды?
- Бүгінгі күн: Біздің өміріміз қандай? бағалай білу
- Болашақ: Алдағы өміріміз қандай болуы керек? Сенің тілегің
VI.Қорытынды рефлексия
Қазақ еліне, өз отбасыларына арналған жақсы тілектер бейбітшілік құсы көгершіннің қанатына жақсы тілектер жазып, тақтаға жапсыру.
Әуенді бейне – баян материал
VII.Үй тапсырмасын беру. Б.Майлин «Күлпаш» әңгімесін мазмұндау, Аштық, кедейлік мүлде болмас үшін не істеуге болады?
VIII.Бағалау