Сапалы білім бастауы – бал мекен…
Салтанат Егимбаевна Оразалинова
Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиелеу мен оқыту мазмұнын түбегейлі өзгерту қоғамдағы білім берудің жасаушы, мәдени рөлін жандандыруға бағытталған жаңа білім беру саясатымен байланысты. Мектепке дейінгі білім берудің қазіргі жүйесі қоғамды, балаға дамушы жеке тұлға ретінде қарай отырып, оның қызығушылықтарына мен құқықтарын түсінуді және құрметтеуді қажет ететін гуманитарлық жаңа жолына бағыттайды. Мектепке дейінгі балалық шақ-баланың моральдық –адамгершілік бейнесін қалыптастырудағы маңызды кезең. Дәл осы кезеңде баланың жеке тұлғасының дамуын анықтайтын құнды бағыттар , алғашқы адамгершілік түсініктері, сезімдері, әдеттері, қарым-қатынасы қалыптасады. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жаңа үлгілері мен құрылымдары болуы мүмкін, сол себепті жас ерекшеліктерін ескере отырып, түрлі әдістемелерді жетік меңгеруі қажет.
Психологиялық-педагогикалық қолдау тәрбиеші педагогтардың мектепке дейінгі білім беру қоғамдық ұйымдарының бірлестігінен . Ақпараттық қолдау мектепке дейінгі ұйымдарды кең түрде компьютерлендіру мен қазіргі заманға сай ақпараттық ағымдарға қолжетімділігін қамтамасыз етуден болады. Ғылыми-әдістемелік қолдау мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі педагогтардың біліктілігін арттыру жолымен жүзеге асырылады. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қолдау мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуға қолайлы жағдай құрудан, үздік педагог-тәрбиешілердің педагогикалық тәжірибелерін оқып-үйрену, жалпылау және тарату деп есептеймін. Білім саласы меншік нысанына қарамай мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының барлық түрлері мен типі үшін міндетті болып табылады. Үздіксіз білім беру жүйесіндегі мектепке дейінгі білімнің рөлін , қолданысын жаңарту , мектепке дейінгі білім берудің негізгі нәтижелеріне жаңаша қарау, мектепке дейінгі білімнің құзыреттілік моделіне көшу болып табылады. Кез келген білім саласында сапаны арттыруда үнемі мониторингілеу жүйесінің жүргізілуі өз нәтижесін беруде. Демек, білім саласы тарапынан қойылған талап міндеттер көптеген мүмкіндіктер мен қабілеттерді ашуда маңызы өте зор. Сол себепті сапалы білім бастауы мектепке дейінгі мекемелерден бастау алатынын естен шығармағанымыз абзал.