Үш тілді саясат
Екибасова Айнаш
Бастауыш сынып оқушылар үш тілді меңгере алама? Үш тіл білгеннен ұтылма- сымыз анық па- деген сауал мұғалімдерді мазалап келеді.
Тәуелсіздік алып, егемен ел болғаннан бастап – ақ елімізде тіл саясаты Елбасы Н.Ә.На-зарбаевтың тікелей басшылығымен жүзеге асырылып келеді деген ойдамыз.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан елін 30 мемлекеттің қатарына қосуға зор үлесін салып келеді. Сондықтанда үш тілді бала бақшадағы балалардан бастап, бастауыш сынып оқушыларыда білулері тиіс дейді. Кішкентайларынан бастап ағылшын тілдерін меңгерулері тиіс, біз одан ұтылмасымыз анық. Өскелең ұрпақ пен жастар алдында бірнеше тіл білу міндеті тұр. Елбасымыз 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі – Жаңа Қазақстан» атты жолдауында «Үш тұғырлы тіл» мәдени жобасын ұсынған болатын. Жолдау барысында Елбасы «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылулары тиіс. Біздің қазақ тіліміз – ол мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ал ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі», деп атап көрсетті.
Үш тілді меңгеру – ол оқушылардың алдарына қойылатын басты талап екенін ұмытпайық. Оқушылардың негізгі мақсаттарының бірі – өмірден өз орнын таңдай алатын , өзара қарым- қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез үйреніп, сіңісіп кететін белгілі бір ғылым саласында білімі мен біліктілігін арттыратын,көп тілді игерген жеке тұлға қалыптастыру. Сондықтан үш тілді меңгеру заман талабына сай келеді екен.
Өткен тарихымызға үңілсек, ұлы ғұлама ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби өмірінде 76 ұлттың тілін білсе, ұлы Абай орыс, қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерген.
Неге біздің ұрпағымыз баянды болашақ үшінөзге тілді жетік меңгермеске?! XXI ғасыр – жаңа технологиялар мен ғылымның дамыған заманы. Білім беру саласында ғылым мен білімнің бірге жүретіні белгілі. Олай болса, ғылымның дамуындағы басты қағида – тілді білу.
«Үш тілді білім беру – болашаққа бастар жол» демекші, үш тұғырлы білім берудің маңызы мен алға қойған мақсаттары да орасан зор. Әлемде дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатында ғылым,білім, тілімізді дамытып, жаңа заман талабына сай, бәсекелестікке қабілетті ел болуымызға апаратын бірден – бір жол. Сондықтанда қазірден бастап келе жатқан жас ұрпақ пен жастарымызды осы үш тілді саясатымызға дайын болуларын қамтамасыз етулеріміз керек.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718