“Киіз үйдің ішкі көрінісі” 9 – сынып
Қазақ тілі Тақырыбы: «Киіз үйдің ішкі көрінісі» Мектебі: Краснознаменное орта мектебі Күні,айы: Мұғалімнің аты-жөні: Умурзакова Гульнара Алтаевна 9 – сынып Сабаққа қатысқан оқушылар саны: 5 Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:1 Оқу мақсаты Киіз үйдің негізгі бөлшектерімен танысады. Киіз үй туралы білімдерін кеңейтеді. Сөйлемдерді құрайды. Сөйлемді талдайды. Топта бірігіп жұмыс істейді. Сөздік қорын дамытады. Күтілетін нәтиже Барлық оқушылар: Тақырып бойынша білімі қалыптасады . Киіз үй туралы тереңірек түсіне алады. Топта бірігіп жұмыс істей алады. Сөздік қоры молаяды. Оқушылардың басым бөлігі: Киіз үйдің негізгі бөлшектерін атай алады. Сөйлемдерді құрай алады. Кейбір оқушылар: Тақырып бойынша мазмұндай алады. Киіз үйдің бөлшектерін ажырата алады. Сөйлемдерге талдау жасай алады. Сабақтың кезеңдері Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Бағалау Ресурстар Сабақтың басталуы 2 минут 3минут Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Сыныпта кім кезекші? Бүгін қандай күн? Бүгін нешесі? Бүгін сабақта кім жоқ? Психологиялық сәт. «Мен саған сенемін» Әуен ойнап тұрады.Оқушылар жұп құрып, бір- бірінің көздеріне қарап отырады. «Мен саған сенемін …» өйткені сен жақсы адамсың » деп айтады. Мақсаты: бір-біріне деген сүйіспеншілікті орнату, жақсы көңіл –күй қалыптастыру. Сәлеметсіз бе! Кезекші орнынан тұрып жауап береді. Оқушылар тренингтің ережесін тыңдайды. Тапсырманы орындайды. Эмоциялық әлеуметтік 1 минут «Менің сабақтағы жетістіктерім» бағалау парағын таратып, баға қою тәртібін түсіндіріп беру. Өздерін бағалайды. Бағалау парағы Ұжымдық жұмыс Сабақтың ортасы Жұптық жұмыс Үй жұмысын тексеру Топтық жұмыс Сабақты пысықтау 5 минут 2 минут 5 минут 7 минут 5 минут 1 минут 5 минут 4 минут – Балалар, енді «Үшінші артық» ойынын ойнайық. Тақтада сөйлемдерді оқып, үш сөйлемнің ішінен қайсысы артық екенін айтыңдаршы? Белгілі бір критерийлер бойынша бір сөйлем артық шығады. Ол критерийді сендер өздерін табуларың керек. (Cын тұрғ.ойлау) 1. Киіз үйді біздің халық қасиетті, киелі қара шаңырағымыз деп дәріптейді. 2. Өйткені киіз үй қазақтың тұрағы, құтты мекен-жайы, еншісі, баспанасы, мақтанышы деп бағаланды. 3. Киіз үйдің ішкі көрінісін тамашалап тұрған екі жолаушы шаршағанын ұмытып, өздерін мұражайда жүргендей сезінді. -Ал, бұл сөйлемнің мазмұнына қарап, айтыңдаршы, бүгінгі сабақта не туралы сөйлесеміз, тақырыбымыз қандай? Қалай ойлайсыңдар? -Дұрыс айтасыңдар. Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді, сынып жұмысын, тақырыбын жазыңдар. – Балалар,сабағымыздың тақырыбын аштық, ал сабақтың мақсаты қандай? Сабақ мақсатын, мына бейнеролик көмектеседі деп ойлаймын. (Бейнеролик көрсету). «Киіз үй» – Тақырыпқа қарап, ойланыңдар ? (Слайдта мақсаты жазылған.) Топтарға бөлу: 2 түсті стикермен топқа бөлу. 1-топ. 2-топ. Стикерлер орындыққа жапсырылған Үй жұмысы: Құрмалас сөйлем, оның түрлері . 1-Тапсырма Жұпта ауызша бір-біріне бұрылып, құрмалас сөйлем түрлері туралы айтып береді. (2 минут) Тест орындайды. 2-Тапсырма. 2-топқа Суреттері бар мәтін бөліктері беріледі. Мәтінді аудару. Бір құрмалас сөйлемге талдау жасау. Жаңа сөздік: Слайд Бас сұғу- входить Ішкі көрінісі- внутреннее убранство Таңғалу- удивляться Кестелеу- украшать узорами Босаға- порог Ши- камыш 3-тапсырма. Постер қорғау. 1- топ «Шаңырақ. Кереге.» 2- топ «Уық. Сықырлауық» Сергіту сәті: «Күміс құмған-ай» 4-тапсырма. Оқулықпен жұмыс Сәйкестендіру 83-бет 2-тапс. 5-тапсырма. Синквейн құру. «Киіз үй» сөзіне. Екі топ бір сөзге құрайды. . Оқушылар сөйлемдерді жан-жақты қарастырып, артық сөйлемді іздеп табады, түсіндіреді. Оқушылар өз ойларын айтып, тақырыбын ашады Дәптерлеріне жазады Оқушылар әртүлі пікірлерін айтып, мақсатын өздері қояды. 2 түсті стикерлерді таңдап топтарға бөлінеді Балалар жұпта өз білімдерін ортаға салады. Бірге тест жасайды Мәтінді аударады, Синтаксистік талдау жасайды. Топтар шағын тақталарға постер жасайды, тақта алдына шығып қорғайды. Іс-қимылдарды орындап, бойларын сергітіп алады Топтар сәйкестіктерді тауып, дәптерлеріне жазады . Бағалау парағына баға қояды Топта бірге жұмыс істейді. Бағалау парағына баға қояды Бағалау парағына өздеріне баға қояды Бағалау парағына баға қояды Бағалау парағына баға қояды Топтар бір -бірін қол соғып бағалау Әлеметтік АКТ Слайд АКТ Стикерлер Үлестірмелі материалдар АКТ Үлестірмелі материалдар Маркерлер, фломастерлер АКТ оқулық Бағалау 1 минут Оқушыларға өздерінің бағаларын санауға айту. Ауызша әр топ мүшелерінің сабақтағы жұмысы жайлы айтып шығу. Оқушылар әркім өз бағалау парақтарындағы бағаларды санап қорытынды бағаны жазып тапсырады Әлеуметтік Үй жұмысы 1 минут Үйге тапсырма: Киіз үйдің бөлшектері туралы қосымша ақпарат табу. Кунделіктеріне үй жұмысын жазады Сабақтың соңы 3минут Оқушылар сабақ барысында не қиын болғанын, неге қиын болғанын, бұл қиындықтарды қалай жеңгендерін немесе келешекте жеңеді туралы жазады. Үлестірмелі парақшаларға. Үлестірмелі материал Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсе не? 1: Көп уақыт алды, бірақ тиімді шықты, жаңа тақырыпқа шығу «Үшінші артық» әдісі. 2: Рефлексия әдісінде оқушылар ойланып, парақшаның әр жолын жазып толтырды. Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді? 1: Сабақ кеш басталып,кеш аяқталды. Сөйлемге 2: Уақыт тапшылығынан бір тапсырманы орындауға үлгермедік.