Үздік есепші
«Үздік есепші».
Мақсаты: а) Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру.
ә) Логикалық есептерді шығаруға ынталандыру.
Ойынның барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шындайтын, мектебіміздегі білімді жастарды анықтайтын, оқушылардың білімге қызығушылығын арттырып «Үздік есепші» атты танымдық ойынымызды бастаймыз.
Білімді адам еш нәрседен қорықпайды, мазасызданбайды, әр уақытта да батымды. Ендеше ортадағы білім сайысына түсетін 7сынып оқушыларын қошаметтейік.
Ойын барысын қадағалап отыратын, әділ бағасын беретін әділқазы алқасымен таныстырайық:
1
2
3
Жүргізуші:Шеберлікті, білімді
Сараптап сіздер көріндер.
Әділ қазы алқасы
Әділ баға берініздер.
Сіздерді сайысқа шақырамыз,
Есеппен бастарынызды қатырамыз.
Математикамен ұғындырып,
Аз да болса, білімдерінізді толтырамыз.
Қиын есеп онай-ақ шығар,
Миды егер шынықтырсан.
Жеңімпаздар алға озар
Математиканы болса ұғар.
Ойынның тәртібімен таныстырып өтейін. Ойын 4 турдан өтеді.
І турға барлық оқушылар қатысады.Дұрыс, жылдам орындаған оқушылардың жартысы ІІ турға өтеді.
ІІ турдан егер тапсырманы дұрыс орындаса 4 оқушы ғана өтеді.
ІІІ турдан 2 оқушы өтеді.
ІV турда жеңімпаз анықталады.
ІІ. Ендеше ойынға көшейік.
І тур. «Есептеңдер, кім жылдам?»
1) 127*9-77*9=9(127-77)=450
2) 3/5*7+2/5*7=7*1=7
3) 47*15+15*13=900
4) 2/3*2/9-2/9*2/3=0
ІІ тур «Математиканы білемін, керек болса есептеп беремін.»
Арифметикалық амалдарды қолданып, әр санды өрнекте.
Мысалы: 5=2+2+2-(2/2)
1) 7= 2 2 2 2 2
2) 1= 3 3 3 3 6= 3 3 3 3
2= 3 3 3 3 7= 3 3 3 3
3= 3 3 3 3 8= 3 3 3 3
4= 3 3 3 3 9= 3 3 3 3
5= 3 3 3 3 10= 3 3 3 3
3) 100 саның бес бірдей цифрмен жаз.
Мысалы: 100=111-11 немесе 100=(33*3)+3/3
Оқушылар тапсырманы орындағанша жанкүйерлерге сұрақтар қойылады.
1) Қай санға бөлуге болмайды? (0)
2) Екі ғасырда неше жыл? (200)
3) Шеңбер сызатын құрал? ( Циркуль)
4) Барлық қабырғасы тең тік төртбұрыш? ( квадрат)
5) Миллионда неше нөл бар? (6)
6) Тік бұрыш неше градусқа тең? (90)
7) Геометрия қандай бөлімге бөлінеді? (планиметрия, стереометрия)
8) Күннің көзі жылына неше рет соғады? (365, 366)
9) Шаршының периметрі 44 см, қабырғасы нешеге тең? (11)
10) Егер екі кірпіштің салмағы 8 кг болса, бір жарым кірпіштің салмағы қанша болады? (8)
ІІІ тур. «Сиқырлы шаршы»
4 |
9 |
2 |
3 |
5 |
7 |
8 |
1 |
6 |
Ежелгі «Сиқырлы шаршы» мынадай түрде беріледі. Тігінен, көлденен, диагонольдары бойынша цифрлардың қосындысы 15-ке тең.
Цифрларының қосындысы 30 болатындай етіп, 4, 6, 10, 12, 16, 18 цифрларды шаршыға орналастыр.
8 |
|
|
|
|
14 |
|
2 |
|
Жанкүйерлерге сұрақтар:
1) Жүз мүйізі бар,
Үстінде киізі бар.
( киіз үй)
2) Нәрселерді санағанда
Керек ол бізге ауадай.
Айтындаршы бұл қандай сан,
Жан-жағына қарамай?
(натурал сан)
3) Доп емес, дөңгелек емес,
Ұқсас бірақ достарым.
Фигура ол негізі
Дәл жауапты қостадым.
(шеңбер)
4) «К» әріпінен басталатын математикалық сөздерді атаңдар.
(көбейту, куб, конус, кесінді, көлем, координата, косинус)
ІVтур. “Кім бірінші 100 дейді?»
Қалған екі оқушы кез келген 10-нан кіші сан айтады. Айтылған сандарды қосып отырады. Кім бірінші 100 санына жетеді сол жеңімпаз болады.
Жеңімпаз марапатталады.
Қиындықтан өткізер
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер,
Білім деген ақылшын-дей отырып ойынымыз да мәресіне жетті.
Зейін қойып көргендеріңізге рахмет.