Дос. Қатыстық сын есім
Пәні: қазақ тілі |
6 «В» сынып |
Күні: |
||
Сабақтың тақырыбы |
Дос. Сын есім. Қатыстық сын есім |
|||
Сабаққа негізделген оқу мақсаты |
Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету. Сын есімнің мағыналық ерекшеліктерін таныту, жасалу жолдарын ажырата білуді меңгерту |
|||
Сабақтың міндеттері |
Адам қарым-қатынасындағы достық ұғым туралы түсінігін қалыптастыру. Оқушылардың арасындағы достық сезімдерін дамытуға, адамгершілік дағдыларының қалыптасуына ықпал ету. |
|||
Сабақтың түрі |
Жаңа сабақ |
|||
Қолданылған модуль, стратегиялар |
ОүБ, СТО, Диалогтік оқыту, «Мина» әдісі, «Драма» әдісі, «Кереге диктанты» әдісі, «Телефон» әдісі, «Қарлы кесек» әдісі, постермен жұмыс |
|||
Ресурстар |
оқулық, бағалау парағы, сюжетті суреттер, постер |
|||
Оқу нәтижелері |
Барлық оқушылар: сөйлеу мәдениеті дамытады |
|||
Оқушылардың басым бөлігі: сөздік қорын молайтады, ойлау шеберлігін арттырады. |
||||
Кейбір оқушылар: ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа үйренеді |
||||
Жоспар |
||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
|||
Басталуы
|
Ұйымдастыру кезеңі «Бағалай білемін» тренингін өткізу. Оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір-бірінің жақсы қасиеттерін сипаттай отыра осы күнге сәттілік тілеп, таяқша таңдау арқылы үш топқа бөлінеді. І топ. Қызыл таяқша ІІ топ. Жасыл таяқша ІІІ топ. Күлгін тақша «Мина» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беріп, өткен сабаққа шолу жасап, жаңа сөздерді еске түсіреді. Жаңа сабақ Мен бүгінгі сабақты Мұқағали Мақатаевтың мына өлең жолымен бастағым келіп тұр. Дос болам десең, Досыңды сыйла, қымбаттым! Досыңа сонда, Досыңмен ғана қымбатпын -Иә, яғни бүгін біз «Достық» туралы тақырыпты қамтимыз. Дос туралы түсінік беру 1 – тапсырма. «Дос» тақырыбында постермен жұмыс |
|||
Ортасы
|
2 – тапсырма. «Драма» әдісі арқылы әңгімені рөлдерге бөліп орындайды. 3 – тапсырма. Ережемен танысып, бірнеше мысалдар келтіріп, «Кереге диктанты» әдісі арқылы сөз тіркесін құрайды. Сын есім заттың сынын, сапасын, дәмін, көлемін, мөлшерін білдіретін сөз табы. Сын есім қандай? қай? деген сұрақтарға жауап береді. Мағынасына қарай сын есім сапалық және қатыстық сын есім болып екіге бөлінеді. Сапалық сын есім заттың сын-сипатын білдіреді. Мысалы: сұлу, әдемі, ұзын. Зат есім, есімдік, етістік, үстеуге сын есім тудыратын жұрнақтар жалғанып жасалады. Оны қатыстық сын есім дейміз. Мысалы: өнер-лі, ақыл-ды, кеш-кі, жігер-лі 4 – тапсырма. Оқулықта берілген диалогті оқытып, «Телефон» әдісі арқылы қосымша диалог орындайды. |
|||
Аяқталуы
|
«Қарлы кесек» әдісі арқылы оқушылар өз сыныптастарына тілек жазады. |
|||
Үй тапсырмасы |
5 – тапсырма. Өз достарыңның қандай екенін сипаттап беріңдер |
|||
Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пәнаралық байланыс, Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, АКТ-мен байланыс құндылығы |
|||
|
|
|||
Рефлесия
|
Төмендегі ұяшыққа сабақ туралы өз пікірлеріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабақтың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||
Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?
|
|
|||
Бүгін оқушылар не білді?
|
|
|||
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?
|
|
|||
Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?
|
|
|||
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
|
|
|||
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) |
|
|||
Сабақ барысында мен сынып не-месе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілді-руге көмектесетін не білдім? |
|
|||