Жалаң және жайылма сөйлем.

С. мақсаты:

1. Білімділік: Жалаң және жайылма сөйлем туралы білімдерін кеңейту.

Сауатты, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.

2. Дамытушылық: Танымдық, шығармашылық тапсырмалар арқылы

оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, тілін ұштау.

3. Тәрбиелік: Шапшаңдыққа және уақытты үнемді пайдалануға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ.

Сабақтың әдістері: сұрақ – жауап, ойын, көрнекілік.

Сабақтың формасы: жекелей, топпен.

Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану.

Сабақтың көрнекілігі: сиқырлы сандар, қақпалар, ойын, сызба.

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

– Балалар, сендер өздеріңді жақсы көресіңдер ме?

– Бір – біріңді жақсы көресіңдер ме?

Ендеше бір – бірімізге деген жылы лебізімізді білдірейікші.

Бір – біріне жылы лебіздерін білдірген соң бәріне сабақта сәттілік тілеймін.

Сабақта әр дұрыс жауапқа фишка таратылатынын, сосын сабақ соңында фишка санына байланысты бағаланатындарын хабарлау.

ІІ. Өткенді пысықтау.

«Сиқырлы сандар» ойыны.

 

Буындар сандармен жабулы тұрады. Сұрақтарға жауап беру арқылы сандарды біртіндеп ашамыз. (Сұрақтар алдын ала үнтаспаға жазылған)

1. Сөйлемнің қандай мүшелері бар?

2. Тұрлаулы мүшелерге не жатады?

3. Тұрлаусыз мүшелерге не жатады?

4. Бастауыш дегеніміз не?

5. Баяндауыш дегеніміз не?

6. Жай сөйлемнің қандай түрлері бар?

7. Жалаң сөйлем деген не?

8. Жайылма сөйлем деген не?

ІІІ. Негізгі бөлім.

1. Ендеше, балалар, бүгінгі сабақта білімдеріміздің артып, сөз байлығымыздың молайғанын көрсету үшін «Білім еліне саяхат» жасаймыз. Саяхат кезінде бірнеше қақпалардан өтеміз., бірақ әр қақпаның өз тапсырмасы бар. Сол тапсырмаларды орындай арқылы қақпаларды ашып, келесі қақпаларға барамыз. Саяхат кезінде сендердің толық жауап берулерің және көркем жазуларың талап етіледі. Саяхатқа шықпас бұрын дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазамыз.

2. «Білгірлер» қақпасы (жабық қақпаның суреті)

Бұл қақпаның тапсырмасы екі бағандағы сөйлемдерді салыстыру.

Ауылдан атам келді. Ауылдан нағашы атам келді.

Нұржан қар күреді. Нұржан қарды күрекпен күреді.

Мал өрістен келді. Мал өрістен ерте келді.

Күлән су әкелді. Күлән суды құдықтан әкелді.

(Ашық қақпаның суреті шығады)

3. «Ойшылдар» қақпасы. ( жабық қақпаның суреті)

Берілген сызба бойынша сөйлем құрастырып жазу.

 

Оқушылар орындарында сөйлем құрайды, бірнеше оқушы оқып талдайды.

(Ашық қақпаның суреті шығады)

4. Сергіту сәті.

Аутотренинг – өзін – өзі реттеу немесе өзін – өзі сендіру.

Балалар, орындыққа дұрыстап отырып, қолымызды санымызға қоямыз, көзді жұмып, бұлшық етті бос ұстаймыз.

– Мен ыңғайлы орналасамын.

– Ешқайда асықпаймын.

– Ақырын және баппен рақаттанып дем аламын.

– Мен тынышталамын.

– Мен тынышпын, маған өте жақсы.

– Денемнің барлық жері тыныш.

– Қолым босаңсиды.

– Бүкіл денем тыныш.

– Денеме өте жағымды және ыңғайлы, ол дем алады.

– Мен жақсы дем алдым.

– Қолдан, аяқтан бүкіл денемнен ауырлық сезімі арылды.

– Басым дем алған және сергек.

– Өзімді жақсы сезінемін.

– Ақырын көзімді ашамын.

5. «Тапқырлар» қақпасы. (жабулы қақпаның суреті!

Тақтамен жұмыс. Оқулықта берілген жаттығуды жазбаша орындау және сөйлем мүшелеріне талдау.

(Ашық қақпаның суреті)

6. «Алғырлар» қақпасы. (жабулы қақпаның суреті)

Бұл қақпаны «шашылған сөздер» ойыны арқылы ауымыз керек.

Қар серуенге жеткізеді ақыл таң

атты шықты жауды оқушылар көпке

1-ші сөйлем қызыл түспен, 2-ші сөйлем көк түспен, 3-ші сөйлем жасыл түспен,

4-ші сөйлем сары түспен қоршау арқылы төрт сөйлем құралады және оны талдау талап етіледі.

Төрт қақпадан өткеннен кейін қаланың суреті шығады және «Алақай, алақай білім еліне жеттік. Қандай тамаша!» – деген баланың қуанышты дауысы естіледі.

ІҮ. Қорытынды.

1. Венн диаграммасы

Жалаң Жайылма

 

2. «Қыс» тақырыбына қысқаша эссе жазу.

1-ші топ – жалаң сөйлемдерден құрайды.

2-ші топ – жайылма сөйлемдерден құрайды.

Ү. Бағалау. Жинаған фишкаларына байланысты бағаланады.

ҮІ. Үйге тапсырма.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *