Рефлексивтік есеп
Бір сабаққа арналған рефлексивтік есеп
Баланы мәдениетікке , әдептілікке , сыпайылыққа баулу , оның ата-анасы мен сынып жетекшісінің міндеті. «Адамның жеке, дара басы біреудің жеке басының дамуына және қалыптасуына әсер ете алады,мінезді қалыптастыру үшін мінезбен әсер ету керек » – деп, К.Д.Ушинский айтпақшы , мұғалімде алдына келген әрбір оқушының мінез-құлқына қарай ,мінезін дұрыс орынға қойып , пайдалана алуы тиіс. Үшініші деңгейлік бағдарламасының негізгі міндеті – Қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіріп,бағалауға көмектесу.Сондықтан оқыту мен оқудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби мәтінмен өзара байланыста қарастырылады.Үшініші деңгей бағдарламасы барысында педагогиканың әр түрлі аспектілері талқыланады.Осы үшінші деңгейлік бағдарламасының негізгі қағидасы тәжірибелік қызметі нақты ғылыми зерттеулердің дәлелденген нәтижелерімен кіріктіру болып табылады.Яғни , мұғалімдер педагогиканың тиісті аспектеріне қатысты ғылыми (зерттеу ) материалдарымен танысатын болады.Мұндай жұмыс мұғалімдерге үшініші деңгей бағдарламасына кіргізілген оқыту мен оқудағы стратегия мен тәсілдерді қарастыру (таңдау , зерттеу, танысу т.б) барысында сүйенетін теориялық негіздермен қамтамасыз ету үшін қажет.Деңгейлік бағдарламалар курсынан алған білімімді өз тәжірибемде қолдану арқылы сабақтарыма өзгерістер енгізіп отырамын.
Білім беру жүйесіндегі кеңінен тараған педагогикалық идеялардың бірі — американдық ғалым Бенджамин Блум таксономиясын келтіруге болады . Таксономия идеялары бүкіл әлем педагогикалық жұртшылығында таным және ойлау әрекеттерін деңгейлерін, оқу мақсаттарын айқындауда кеңінен қолданыс тапты. Менде осы Блум таксономиясын негізге ала өзімнің қысқа мерзімді жоспарымды жоспарладым .
Сонымен қатар жоспар бойынша бағдарламаның негізгі мазмұны жеті модульді кіріктіре отырып, әр тоқсанға бір ашық сабағымды жоспарладым.Осы екі тоқсан бойы өткен ашық сабақтарымда топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыстар жүргіздім. Жылдамдылыққа арналған жұмыс , болжау, шығармашылық жұмыстарын енгіздім. Қызығушылықты ояту, ой толғаныс сатысы сабақты қорытындылау сабақтар кезеңінде сындарлы оқыту теориясын басшылыққа алып, модульдерді кіріктіруге тырыстым. Алған білімдерін меңгерту барысында оқушылармен сұрақ-жауап әдісі және диалогты пайдаландым. Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын ғалымдар өз еңбектерінде атап көрсетеді.Сұрақ қоюда оқушылардың дұрыс жауап берулеріне түрткі болып, оқушыларды «сен осы сұраққа қалай жауп берер едің?» -деген сияқты және « топтарында көмектесе алатындр бар ма ? » – деп бсақаға бағыттау арқылы оқушылардың оқуын қадағалап отырдым . Сабақтар барысында А деңгейлі оқушым тапсырманы орындау ретін өз бетінше көзбен шолу жасау арқылы орындап , айтып та үлгерді . В деңгейлі оқушым жоғарғы дәрежелі сұрақтарға жауап бере алмады . С деңгейлі оқушым төменгі дәрежелі сұрақтарға әрең жауап беріп отырды. Бұл тапсырмалар орындау кезінде кездескен қиындықтар В,С деңгейдегі оқушыларды ашық өз ойларын жеткізіп сөйлете алмадым. Бұндай қиындықтарды шешу үшін келесі сабақтарда мұндай оқушыларды топ көшбасшысы немесе баяндамашы рөлдерін бөліп беру керек деп ойлаймын .
Сабақтың өз кезегінде бағалау үдерісі болды. Оқушылар өзін-өзі бағалады, топ басшы топы бағалады. Ал соңында өзім сол күннің жиынтық бағасын шығардым . Өткен сабақтарда топтар өзара бағалап үйреніп дағдыланғаны көрініп тұр . Сабақ кезінде оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру мақсатында сергіту сәтін ұйымдастырып отырамын. Қорыта келгенде мен өткен сабағыма рефлексиялық талдау жасай отырып , сындарлы оқыту теориясы мен жеке жеті модулді сабақ барысында енгізудің маңызды екендігін атап өткім келеді . Олай дейтін себебім сабақтың ұйыдастыру кезеңінен бастап ынтымақтық атмосферасын құру , топқа бөлу сияқты элементтер сабақ сәтті өтуіне ықпал етуде . Оқушылар топта жұмыс істеу арқылы достарынан көмек алуға , өзінен басқа балаларда да түрлі идеялардың бар екендігіне көз жеткізе отырып өзіндік реттеледі.Бұл деген бала бұрынғыдай жауабын білмеген сұраққа тұйықталып жауап бермей отырып қалмай балама жауаптар іздестіруге әрекеттенеді . Жеке жеті модулді өзім ғана қолданып қоймай басқада әріптестеріме түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жаңа әдіс-тәсілдерден хабардар етіп оларда өз сабақтарын түрлендіруіне көмектесуді мақсат етіп қойдым.