Ақылдылар әлемді басқарады
Уразбекова Ырысай
Ортаға 3 сыныпты шақыру:
5 А сынып – ақылдылар «Ақылдылар»
5 Ә сынып – әлемді «Әлем»
5 Б сынып – басқарады «Бастық»
Сабақты таныстырудан бастау.
Жоспар:
- Ұшқыр ойлы оқушы.
- Жеті жұрттың тілін біл!
- Ойың көсем болсын,
Сөзің шешен болсын!
- Ойлан, тап!
- Қай істе де өнер – қолдан:
Өнерлі адам жеңер болған.
- Нағыз достың тілегі бір.
- Рефлексия
5А сынып оқушылары : (Таныстыру)
- Ажибек Ақерке
- Сулейман Бауржан
- Ерболқызы Алтындана
- Жумали Мадияр
- Жантолепова Ақниет
- Турсын Амина
5Ә сынып оқушылары:
- Бөлеген Бейбарыс
- Тажимуратова Дильназ
- Рысбай Нариман
- Искакова Айдана
- Алтынбек Рамазан
- Жәумітбай Азамат
5Б сынып оқушылары:
- Абильдаева Елдана
- Мұхамбетәлиұлы Бауыржан
- Серботаева Ақбота
- Қайырбеков Ернұр
- Асқарова Айым
- Ерлан қызы Алия
№ 1 тур. Ұшқыр ойлы оқушы!
Турдың тапсырмасы әр топқа үш логикалық сұрақтар қойылады, соңында қосымша бір сұрақ қойылады. Жалпы 10 сұрақ қойылады. ( әр сұрақ 1 балл)
- Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды.
Жауабы: 3 стакан
- Екі бала шахматты екі сағат ойнайды. Әрқайсысы неше сағат ойнайды?
Жауабы:2 сағат
- Допты лақтырғанда, доп сол ізімен қайту үшін оны қалай лақыту керек.
Жауабы: жоғары
- 4 жұмыртқа 4 минутта піссе, бір жұмыртқа неше минутта піседі.
Жауабы: 4 минутта
- Төрт бұрышты столдың бір бұрышын кескенде неше бұрыш пайда болады.
Жауабы: 5 бұрыш
- Қарбызды дәл ортасынан бөлгенде, оның жартысы неге ұқсайды.
Жауабы: Екінші жартысына
- Бөлменің 4 бұрышының әрқайсысында 1 мысықтан отыр. Әр мысыққа қарама-қарсы 3 мысықтан отыр. Бөлмеде неше мысық отыр?
Жауабы: 4 мысық отыр
- 723 санын 3 ке бөле аламыз ба?
Себебі :……………………………
Жауабы: ия, себебі 7+2+3=12; 12:3=4.
- 31 құс ұшып келе жатты. Аңшы біреуін атып алды. Олардың қаншасы қалды?
Жауабы:1
Бәріне ортақ 10-сұрақ
Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісіде 6-ғға тең. Ол қандай сандар?
Жауабы: 1,2,3.
2 – тур. Жеті жұрттың тілін біл!
Бұл турда жұмбақты шешіп , үш тілде жауабын айту керек.
- Қабат- қабат, қаттама ,
Ақылың болса аттама.
Жауабы: Кітап , книга, book
- Жоқ өзіннде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазылып тұр бойында.
Жауабы: сызғыш,линейка,nule
- Өмірін сенің қызық,
Жолында жоқ түзу сызық,
Басы да жоқ аяғы.
Бір айналым баяяғы.
Жауабы: дөңгелек, круг,circle
- Көп болса алыстайсың,
Мезетпен қашықтайсың,
Асықсаң аз болады,
Табасың мұны қайсың?
Жауабы: уақыт, время,time
- 2. Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр-шиыр жолы көп.
Өзі сөйлеу білмейді,
Салған ізі сөйлейді.
Жауабы: қалам , ручка, pen
- Үш тілі бар,
Тықылдаған үні бар.
Жауабы: сағат, часы, clock
- Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім, жан асыл.
Жауабы: ұстаз, учитель, teacher
- Жіп – жіңішке денесі ,
Ортасында шегесі.
Жауабы: қарындаш, карандаш, pencil
- Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған.
Жауабы: бор, мел, chalk
Бәріне:
- Білімнен мол сый-асы, балғындардың ұясы.
Жауабы: мектеп , школы,school
3 тур. Ойың көсем болсын,
Сөзің шешен болсын!
Турдың шарты мұғалім бастаған мақалдың жалғасын оқушылар табуы керек.
- Жеті жұрттың тілін біл….
(Жеті түрлі білім біл.)
- Екі жақсы қас болмас….
(Екі жаман дос болмас.)
- Досыңды үш күн сынама…
(Үш жыл сына.)
- Бір елі ауызға ….( екі елі қақпақ.)
- Бір кісі қазған құдықтан….
(Мың кісі су ішеді.)
- Білгенің бір тоғыз…
(Білмегенің тоқсан тоғыз.)
- Бес бармақ жиылса…
(Жұдырық болады)
8.Ер бір рет өледі….(Қорқақ мың рет өледі.)
- Алты аға бірігіп, әке болмас….
(Жеті жеңге жиылып, ана болмас)
- Білекті біірді жығар….
(Білімді мыңды жығар)
- Бір кісінікі, мақұл…
(Екі кісінікі ақыл)
- Он рет айтқаннан …. (бір рет көрген артық.)
- Бәріне
Жақсыны жеті жыл жетелесең, адам болады.
(Жаманды жеті жыл жетелесең, надан болады.)
4 тур. Ойлан, тап!
Сан дөңгелегі. Бір цифры дөңгелектің ортасында, қалғандары әрбір диаметрдің ұштарында және әрбір қатардың үш цифрының қосындысы 15 болатындай етіп, фигураға 1-ден 9-ға дейінгі цифрларды орналастыру керек.
5 тур. Қай істе де өнер – қолдан:
Өнерлі адам жеңер болған!
Бұл турдың шарты берілген саннан суретті айнытпай салу керек!
(Тырна салу керек)
Сурет салып біткен соң, тақатағ ілеміз.
Сергіту сәті: «EXPO -2017» арналған би.
6 тур . Нағыз досытың тілегі бір.
Бұл турда әр топ мүшелері тақтаға эстафеталық есептерді кезекпен шығарады .
1) 2/5+7/15=6+7/15=13/15
2)3/5-1/7=21-5/35=16/35
3) 5/12*8/9=10/27
4) 4/5:9/10=8/9
5)6,3+2,5=8,8
6)7,63-2,51=5,12
Рефлексия:
- Сабақ ұнады ма?
- Бүгін тқбыңда кім белсенді болды деп ойлайсың?
- Мұғалімге айтар ұсынысың….
Қорытынды: Марапаттау!