Түйсік және Зейін

Гулжахира

Сабақ/оқу мақсаттары: Студенттердің  білімдерін арттыру, психикалық процесс түрлері яғни түйсік пен зейіннің мағынасы, түрлері, өмірдегі маңызымен таныстыру және ұғындыру;.

Дамытушылық: Студенттердің өзара сыйластық пен сыпайлыққа, сөйлеу мәдениетін дамытуға, үйлесімді қарым-қатынас, адамды құрметтеу, қарым-қатынаста шынайы болуды, жақсылық жасау,достықты қадірлеу, жолдасыңа көмек,өзара ұйымшылдық пен бірлікке т.с.с адамгершілік-рухани қадір-қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етеді.

Сабақтың түрі: Теориялық сабақ

Сабаққа қажетті:

Оқулықтар/әдебиеттер: Аймауытов Ж, Алдамұратова Ә, Тәжібаев Т,Ермекбаева Л

Құрал-жабдықтар:   интерактивті тақта                                                        

Сабақ/оқу барысы: Топқа бөлу арқылы  жаңа сабақты түсіндір. Видео ролик“Жетінші

Түйсік. Қызығушылықты ояту. Студенттің сабақты түсінуін тексеру. Бағалау.

Ұйымдастыру кезеңі: Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Журналға белгі соғу. Назарларын сабаққа аудару

Өткен сабақтар бойынша білім деңгейлерін тексеру(тапсырмасын сұрау):

1.Темперамент дегеніміз не?

2.Темпераменттің неше түрі бар?

3.Темпераменттің әлсіз түрі?

4.Ұстамсыз типке темпераменттің қай түрі жатады?

Жаңа сабақты (материалды) түсіндіру

Зейін – деп адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда,зейін дегеніміз айналадағы обьектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу.Зейіннің үш түрі бар.Ырықты,ырықсыз.үйреншікті.Зейін көлемін өлшейтін аспап тахистаскоп.

Материалдық дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке сипаттарының сезім мүшелерімізге әсер етіп,оның миымызда бейнеленуін түйсік деп атаймыз.Түйсік себепсіз тумайды.Біз түйсік арқылы заттың формасын,түсін,көлемін білеміз.Қолымызбен қозғап,заттың салмағын білеміз. Түйсік арқылы болмаса, біз басқа жолмен заттың ешқандай формалары туралы да біле алмаймыз.Түйсік таным процестеріне жатады,өйткені адам таным процесі арқылы дүниені таниды.Түйсік басқа психикалық процестерге-қабылдауға,есте сақтауға,ойлауға,қиялға материал береді.

Өтілген сабақты (материалды бекіту

1.Түйсік туғызатын аппаратты не деп атаймыз?

2.Есту түйсігі деп нені айтамыз?

3.Түйсіктің қандай түрлері болады?

4.Ырықты зейін дегеніміз не?

5.Алаң болушылық дегеніміз не?

6.Зейіннің негізгі қасиеттерін атаңыз.

Үйге тапсырма: Балада зейіннің даму жолдары.

Сабақ/оқу қорытындысын жасау, бағалау: Сабаққа белсенді қатысып отырған студенттерге «5» «4» бағаларымен бағалау

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *