Мінез – адам көрсеткіші
Байгенжинова Жазира
Өзін өзі тану 9 сынып
Тақырыбы: Мінез – адам көрсеткіші
Құндылық: Ішкі тыныштық
Қасиеттер: тазалық, ізгілік, адалдық
Сабақтың мақсаты: оқушыларға мінез адам көрсеткіші екендігін түсіндіре отырып, Ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
– оқушылардың көңіл тазалығы туралы түсініктерін кеңейту;
– оқушылардың бойында ізгілік қасиеттерін дамыту;
– оқушыларды тазалыққа, ізгілікке, адалдыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі: үнтаспа, оқулық, дәптер
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Оқу құралдарына назар аудару.
5 Т ережесін сақтау:
Тәртіп
Талап
Тыныштық
Тазалық
Татулық
2. Тыныштық сәті: «Тыныс алуға зейін қою.» Волшебная композиция «Хрустальная грусть» әуені ойнап тұрады.
Балалар, тыныс алу жаттығуын жасайық. Аяқ – қолыңызды айқастырмай, түзу отыруларыңызды өтінемін. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз…, арқамызды тіктейміз…, қолдарыңызды тізеге қоюға болады… Д е м а л….. ш ы ғ а р… (жаймен 6 – 7 рет қайталайды) Рахмет! Көзімізді жай… мен ашайық.
3. Үй тапсырмасын тексеру.
14 – сабақ. М. Тиесов «Дән мен Тас» ертегісін оқып келу. 70 – 74 бет.
Тақырып бойынша 3сұрақ, құндылық бойынша 3 сұрақ қойылады.
• Дәнге тән қасиеттер қандай?
• Тастың ішкі табиғаты қандай?
• Дән мен тастың тағдыры не болды?
• Ертегіде адамға тән қасиеттер бар ма?
• Жан тыныштығы қай кезде пайда болады?
• Жаны тыныш адам өзін қалай ұстайды?
• Ондай адамдардан қандай іс – әрекеттер күтуге болады?
4. Дәйексөз.
«Көңіліңді, бойыңды таза бұлақтай таза ұста!»
Ы. Алтынсарин
– Дәйексөзде қандай тазалық туралы айтылып тұр?
– Көңіл тазалығы адамға не үшін қажет?
5. Әңгімелеу. « Мұғалімнің сыйы» Балалар, мен сіздерге бүгін керемет сый әкелдім. Мұғалім аңызды әңгімелеп айтып береді.
Ағайындылар
(аңыз әңгіме)
Өте ертеде бір патшалықта екі ағайынды өмір сүріпті. Екеуінің үйі таудың екі жағында болса да, олар бір – біріне көмектесіп, тату – тәтті өмір сүреді.
Бір күні ағайындылар егінді жинап алып, теңдей бөліп алады. Сол күні түнде үлкен ағасы ойлайды: «Біз егінді бірдей етіп бөліп алдық, бұл дұрыс емес. Інім жаңа ғана шаруашылығын бастап жатыр. Оған маған қарағанда көбірек керек.»
Ағасы тұрып, түнде інісіне бір қап бидайды апарып тастайды.
Ал бұл кезде інісі жатып, ол да ойлап жатады: «Жоқ, біз егінді дұрыс бөліскен жоқпыз. Ағамның отбасы үлкен, жасы да менен үлкен. Оған маған қарағанда көбірек керек.» Таңға жақын інісі де білдіртпей бір қап бидайды ағасына апарып тастайды. Таңертен ағайындылар өз қамбаларына қарап таң қалады. «Бұл қалай? Кеше бір қап бидайды ағама апарып тастап едім ғой, ал бидай азаймапты.» Олар қаптарды қайта қайта санайды да, таң қалады. «Бұл не ғажайып?!»
Түн болысымен ағасы мен інісі бір бидай қапты арқалап үйлерінен шығады.
Толық ай туып даланы жарықтандырып тұрған. Осы жерде қарағайдың түбінде екі ағайынды кездесіп қалады. Ағасы сұрай бастайды:
– Аааа, бұл сенбе? Кештетіп қайда бара жатырсың?
– Інісі айтады:
– Аааа, бұл сенбе едің? Ал сен қайда бара жатырсың?
Екеуіде үндемей қалады, бір – бірін түсіне қояды да, қарқылдап күліп жібереді.
Осыдан кейін екеуі бір – бірін одан да қатты жақсы көріп кетеді.
Мұғалім оқушыларға әңгіме барысы бойынша және құндылық бойынша сұрақтар қояды.
• Ағайындылар қалай өмір сүрді?
• Екі жігіт қандай әрекет жасады?
• Олар бір біріне неге риза болды?
• Адамның ой ниетінің өзіне тигізер әсері қандай?
• Жүрек тазалығы қандай жағдайларда көрініс табады?
• Таза, нұрлы жүрек қандай? Нұрлы жүректің шапағатын қалай шашасың?
6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс түрінде орындалады.
Түстер арқылы оқушылар екі топқа біріктіріліп, әннің сөзіне ұйқасын тауып, құрастыру тапсырмасы беріледі. Тапсырма түсіндіріледі.
Екі топқа да тапсырма орындалатын парақшалар үлгісімен таратылады.
І топқа: 1. Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,
Жайсаң мінез өз – өзін басқара алар.
Табаныңның астында жатады әлі
Мінездерін түзете алмағандар.
Қайырмасы:
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Мінезге бай өздері жайсаң жандар.
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Айналаға шуағын шашқан жандар.
Жақсы адамдар.
2. Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,
—————————————————-
Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,
—————————————————-
Қайырмасы:
Жақсы адамдар, жақсы адамдар
—————————————————-
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
—————————————————
Жақсы адамдар.
ІІ топқа: 1. Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,
Жайсаң мінез өз – өзін басқара алар.
Табаныңның астында жатады әлі
Мінездерін түзете алмағандар.
Қайырмасы:
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Мінезге бай өздері жайсаң жандар.
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Айналаға шуағын шашқан жандар.
Жақсы адамдар.
3. Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,
—————————————————
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,
—————————————————
Қайырмасы:
Жақсы адамдар, жақсы адамдар
————————————————-
Жақсы адамдар, жақсы адамдар
————————————————–
Жақсы адамдар.
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
————————————————–
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
————————————————–
Жақсы адамдар.
Мұғалім: Ендеше, тапсырманы орындап көрейік!
7. Топпен ән айту.
Ән. Жақсы адамдар
Әні мен сөзі: А. Оралов «Жақсы адамдар.» Әнді оқушылар өздері ұйқастырған өлең жолдарымен де айтуына болады.
8. Үй тапсырмасы.
15 – сабақ. З. Шашкин. «Темірқазық» әңгімесін оқып келу. Жұмыс дәптерінен 14 – сабақ. №1тапсырманыорындау.
9. Сабақтың қорытынды минуты.
Баяу әуен қойылады.
– Көзімізді жұмамыз. Айналамыз нұрға толы, жүрегімізде тыныштық.
Әлемде тыныштық.
Жайлап, көздеріңізді ашуға болады.
Рахмет! Сау болыңыздар!