Адам нәсілдері

Сынып 9                           Биология пәні

Сабақтың тақырыбы: Адам нәсілдері.

Сабақтың мақсаты: СТО технологиялары арқылы жаңа сабақтың тақырыбымен таныстырып,  оқушыларға өмірдің мәні қарым-қатынас пен диалогта екендігіне көз жеткізу.

Ресурстар: плакат, маркер, суреттер, слайд, ноутбук. смайликтер, бағалау парақшалар

Критерий: Тапсырмаларды орындай отырып, жаңа сабақтың мазмұнымен танысады.

Ұйымдастыру: «бүгінгі менің көңіл күйі» есімдеріне сәйкес білдіру.

«Миға шабуыл» тәсілі: өтілген тақырыптарды еске түсіру. Сұраққа жауап.

1.     Сүтқоректілер, соның ішінде приматтар дамыған қай  заман?   Кайнозой

2.     Адам туысы мен Саналы адам түрінің  пайда болу үдерісі қалай аталады? Антропогенез

3.     Қазіргі адамда сақталған, бірақ жұмыс атқармайтын мүшелер қалай аталады?   Рудимент

4.     Африкалық приматтар қалай аталады?  Австралопитектер

5.     Шамамен бұдан 300 мың жыл бұрын пайда болып, 30 мың жыл бұрын өліп біткен көне адамдар?   Питекантроптар

6.     «Адамның алғашқы табынын»  құұрған адамдар қалай аталды? Неандерталдықтар

7.     Адамның «қазіргі типі» қалай аталады?    Кромоньондықтар

Жаңа сабақ: «Суреттеу» стратегиясы бойынша жаңа сабақтың мазмұнын ашу. Жетелеген сұрақтар арқылы, постерге түсіреді.

1.     Жер шарында мекендейтін қанша тілде сөйлейтін, қанша млрд саналы адам бар?

2.     Неше нәсілге бөлінеді?

3.     Оларды қандай ерекшеліктер арқылы  суреттеуге болады?

4.     Нәсілшілдік деген не?

Алдарына қосымша мәліметтер беріледі.

5.      

 

 

 

 

«Құндылықтарды анықтау» әдісімен қате жазылған пікірді құрастыру.

Еуразия аумағынан табылып, айы-күні бұдан 25-40 мың жыл бұрын белгілі болған кроманьондықтар түрінің өкілдерінде нәсілдік ерекшелік әлсіз, көмескі түрінде білінді.

Үдеріс ортаға бейімделгіштік мәнге ие болды.  Мәселен, негроидты нәсілдің қара қоңыр терісі ультракүлгін сәуленің артық әсерінен қорғады, бұйра шаш күн өтіп кетуден сақтандырды, ал бойдың биік болуы дененің қызып кетпеуіне мүмкіндік туғызады. Монголоид нәсілі көзінің шұңғыл, қысыңқы орналасуы жиі соғатын шаңды дауылда көзге қоқым, Қытай  жазығында – құм, шаң. Аляскада мұз ұшқынын түсуден сақтандырады.  

Африка мен Австралияда қоныстанған негроидтық  нәсілдер.

 

Еуразия аумағынан табылып, айы-күні бұдан 25-40 мың жыл бұрын белгілі болған дриопитектер түрінің өкілдерінде нәсілдік ерекшелік әлсіз, көмескі түрінде білінді.

Үдеріс ортаға миграциялық  мәнге ие болды.  Мәселен, европоидтық  нәсілдің қара қоңыр терісі ультракүлгін сәуленің артық әсерінен қорғамайды, сары шаш күн өтіп кетуден сақтандырды, ал бойдың биік болуы дененің суып  кетпеуіне мүмкіндік туғызады. Негроидтық  нәсілі көзінің шұңғыл, қысыңқы орналасуы жиі соғатын шаңды дауылда көзге қар, Африка жазығында – құм, шаң. Аляскада құм  ұшқынын түсуден сақтандырады. 

Африка мен Австралияда қоныстанған монголоидтық  нәсілдер.

 

«Уақыт шеңбері» әдісі бойынша жаңа сабақты қорытындылаймын. Оқушыларды шеңбер қылып тұрғызып, бір-бірлеріне сұрақтар қойғызамын.

1.  Адамдар неше нәсілге бөлінеді?

2. Негроидтық тән белгілер?

3. Еуропоидтыққа тән белгілер?

4. Қытайда қандай нәсіл өмір сүреді?

5.  Африкада қандай нәсіл өмір сүреді? т.б.

Рефлексия:  Стикерлер арқылы сабақтан не білгенін, не білгісі келетіндерін жаздырып, тақтаға ілгізу.

Құлақ – ұнағаны, көз- білгім келеді, ауыз- ұсынысым, мұрын – қолданған жақсы еді.

 

Бағалау. Өздерін критериалды бағалайды.

 

 

Үйге:   тақырыпты оқи отырып, «Адам нәсілдері» тақырыбына эссе жазу.

 

БҚО

Бөрлі ауданы

Тихонов МБК

Биология пәні мұғалімі

Сапина Замарад Койшигалиевна

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *