ЦИКЛОГРАММА Бір аптаға (11-15-желтоқсан 2017ж.) «Күншуақ»ересек тобы
ЦИКЛОГРАММА
Бір аптаға (11-15-желтоқсан 2017ж.)
«Күншуақ»ересек тобы
Өтпелі тақырып «Менің Қазақстаным»
Тақырыпша«Астана-Отанымыздың жүрегі»
Күн тәртібі |
Уақыты |
Дүйсенбі |
Сейсенбі |
Сәрсенбі |
Бейсенбі |
Жұма |
|||||||||||||
|
|||||||||||||||||||
Балаларды қабылдау. Ата-аналармен әңгімелесу.
Ойындар(үстел үсті, саусақ және т.б. )
|
8:30-8:50
|
Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы: отбасы дәстүрлері туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды жағдай орнату. |
|||||||||||||||||
Таңғы шеңбер. «Сәлем деймін» Сәлем деймін күнге мен, Сәлем деймін мен саған. Сәлем деймін апайға, Қонақтарға,құстар ға.
|
Таңғы шеңбер. «Арайлаптаң атты» Арайлаптаң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды күніміз, Жарқырайды даламыз.
|
Таңғы шеңбер. «Дос болайық бәріміз» Қол алысып, кәне біз, Достасайық бәріміз. Айтарым бар сендерге, Тез тұрыңдаршеңберге. Қандайжақсыбіртұру, Достармененбіржүру!
|
Таңғы шеңбер. «Біз көңілді баламыз» Жарқырап күн де ашылды, Айналаға нұр шашылды. Біз көңілді баламыз, Біз сүйкімді баламыз.
|
Таңғы шеңбер. «Армысың қайырымды аспан ата!» Армысың қайырымды аспан ата! Армысың мейірімді жер – ана! Армысың шұғылалы Алтын-күнім! Армысың,балабақша дос-жараным.
|
|||||||||||||||
Таңертеңгі гимнастика. |
8:50 –9:00 |
||||||||||||||||||
|
|
Жаттығулар кешені
|
|
|
|||||||||||||||
Таңғы ас |
9:00 – 9:30 |
Астарың дәмді болсын! |
|||||||||||||||||
Ұйымдастырыл ған оқу қызметтері. |
9:30 9:55 |
1.Сурет салу. Тақырыбы:Бәйтеректің суретін салу. Мақсаты:Бейнені шығармашылықпен сала білуге үйрету. Түстерді үйлестіру дағдыларын жетілдіру. Әдіс-тәсілдері:түсіндіру,көрсету, практикалық. 1.Өткен сабақты қайталап естеріне салу. -Жаңа тақырыппен таныстыру. -Балалардың назарын тәрбиешіге аудару. 2.Бәйтерек туралы түсінік беру.Сипаттап әңгімелеу.Бәйтерек -Қазақстан мемлекетінің символы. Дүние жүзінде теңдесі жоқ,бірегей сәулетті ғимарат. Мұнда келушілер шыны шарда орналасқан жарық әрі кең көру залына понарамалық лифт арқылы көтеріледі. Биіктігі 97м. 3.Сұрақ-жауап. -Бәйтерек қай қалада? -Бәйтеректі суреттеп әңгімелеп беру. 4.Сурет салудың әдіс-тәсілдерімен таныс тырып,түсіндіру. Үлгі бойынша сурет салу. Бәйтеректі салу жолдары: -Алдымен Бәйтеректің суретін салуда тіктөртбұрыш саламыз, оның орта бөлігі жіңішке,төменгі және жоғарғы бөліктері жуандап кетеді.- Енді оның жоғарғы бөлігіне дөңгелек яғни шар тәрәзді жұмыртқа саламыз. -Көрік беру үшін үлгідегідей етіп дөңгелек жаққа қарай күннің шуағындай етіп ұзынша сызықтар жүргіземіз.-«Бәйтерек тің» түсін өздерің таңдауға болады өйткені ол түнде алуан түрлі болып өзгереді. Сергіту сәті. 6.«Туған жерді гүлдендірейік» дидактикалық ойыны. Қорытынды жасау.
|
1.Сөйлеуді дамыту. Тақырыбы: Астана-бас қала. Мақсаты: Астана қаласы туралы түсініктерін кеңейту. Негізгі ойды дұрыс жеткізуге, әңгімені бірізді және нақты айтуға, сұрақтарға толық жауап беруге үйрету. Әңгіменің жалғасын және соңын ойдан шығару қабілеттерін жетілдіру. Шаттық шеңбері «Астана» әнін тыңдау. Сұрақ-жауап -Балалар, сендер «Отан» деген сөзді қалай түсінесіңдер? -Отан деген не? -Отан туралы тақпақ білеміз бе? Балаларға ҚР әнұранын орындауды ұсынамын. -Біздің президентіміз – Н.Ә.Назарбаев. Еліміздің астанасы – Астана қаласы. 1997 жылғы 20 қазандағы ҚР Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды. 1998 жылғы 6 мамырдағы ҚР Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілді. Бәйретек – Астананың келбеті. Астананың болашағы әлі алда. Астананың көрнекті жерлерімен танысамыз: -Бұл – «Астана – Бәйтерек» кешені. Оның биіктігі-97 метр. «Бәйтерек» кешені «Ертөстіктің» оқиғасы желісімен өрілген. Өз бақытын іздеп шыққан Ер Төстік биік бәйтерекке кездеседі. Ағашты көріп таң қалады. Бәйтеректің нақ төбесіне ұя салған самұрық құстың алтын жұмыртқасына ие болып, дәулетті ғұмыр кешеді. Ғимараттың ұшар басынан Астана қаласының көрінісін тамашалауға болады. «Ақ орда» резиденциясы.Ақ орда – ҚР Президентінің жұмыс орны. Мұнда елбасымыз жиналыстар мен кездесулер өткізеді. Өзге елдермен келіс сөздер жүргізеді. Елорданың көрнекті жерлерін таныстыруды жалғастыра отырып, әңгімені бірізді және нақты айтуға, сұрақтарға толық жауап беруді жетілдіру. Сергіту сәті. Д\ойын: «Ойлан тап» Шарты: Осы танысып отқан ғимараттардың аттарын буынға бөлу. Қорытындылау. |
1.Қ.М.Ұ.Қ. Тақырыбы:Кеңістікті бағдарлау. Мақсаты:Сан заттың көлеміне, ара қашықты ғына, орналасу кеңістігі не және санау бағытына (оңнан солға, солдан оңға) байланысты емес екендігін түсіндіру. Кеңістікті бағдарлау (оң жақта, сол жақта, жоғарыда, төменде, алдында, артында, алыс, жақын, арасында, қасында) туралы білімдерін бекіту. Әдіс-тәсілдері:Әңгімелесу, түсіндіру, үйрету,көрсету,ойын, сұрақ – жауап. 1.1-ден 10-ға дейінгі ауызша санау жаттығулары. 2.Жаңа материалды оқып -үйренуге дайын дық жұмыс ретінде практикалық жұмыс ұйымдастырылады. -Сөреге біртіндеп санай отырып, бір түстегі екі кішкентай текше және басқа түстегі үлкен бір текше қойылады: «Мына текшелерді солдан оңға қарай, оңнан соға қарай санаңдар. -Суретпен жұмыс.(көрсетіп түсіндіру.) -Ары қарай үлестірмелі материалмен жұмыс жүргізіледі. -Шаршы, үшбұрыш, дөңгелек және сопақша- геометриялық мен пішіндермен жұмыс. -Осы материалмен санау және пішіндерді топтастыруға ұйымдас тыруға болады. Сергіту сәті. -Балалар пішіндерді түсі,пішіні бойынша салыстырады. 3. «Таяқшалардан заттар құрастыру»ойыны. Мақсаты:Балаларға пішіндерден заттар жасату арқылы логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Қорытынды жасау.
|
1.Сауат ашу негіздері. Тақырыбы: «Сөз ойла,тез ойла» Мақсаты:Жуан және жіңішке дыбыстармен таныстыру ды, сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйретуді жалғастыру. Берілген дыбысқа сөз ойлап табуға үйрету. Шаттық шеңбері Жуан, жіңішке дыбыстарды таныстыруды жалғастыру. Жуан және жіңішке дыбыстарды жеке-жеке айтқызу. Дыбыстық талдау жүргізу. Жұмбақ. Ойлап тапқан сөздерінде неше жуан, жіңішке дыбыстар қанша болса сонша рет қолдарын шапалақтап білдіреді. Сергіту сәті. Дәптермен жұмыс жүргізу. Жуан және жіңішке дыбыстар туралы алған білімдері сұрақ-жауап әдісі арқылы қорытындылау. |
1.Өзін-өзі тану. Тақырыбы:Отанды сүю отбасынан басталады. Мақсаты:Балалар дың бойында қоршаған ортамен адамгершілік қарым-қатынас тәжірибесін қалыптастыру.Отанға деген сүйіспеншілікке, әсемдікті сезіне білуге баулу. Әдіс-тәсілдері: түсіндіру,сұрақ-жауап. Шаттық шеңбері. 1.-Отан жайлы әңгіме жүргізу. 2.Отан туралы түсінік беру. 3. Сұрақ-жауап. -Балалар отбасы дегеніміз не? – Неге отан отбасынан басталады? Сергіту сәті. Ойын: « Мен жақсы көремін ». (отанды,табиғатты, ауылды, отбасымды, гүлді, балабақшамды т.б) Қорытынды Жүректен – жүрекке: Өз – отанымды сүйемін! |
|||||||||||||
|
10:05-10:30 |
2. Жаратылыстану. Тақырыбы:Жыл мезгілдері. Мақсаты: Балаларды табиғаттағы маусымдық өзгерістерді бақылай білуге үйрету. Бақылағандарын табиғат күнтізбесіне белгілеугедағдыландыру.Себеп-салдар байланыстарын орната білуді жетілдіру. Әдіс-тәсілдері:ой қозғау,түсіндіру, сұрақ-жауап. 1.Жаңа тақырыпты меңгерту. «Суреттер сөйлейді» -Балалар аққала жасап, шанамен сырғанау үстінде. Бұл- қыс. -Балалар құстарға ұя жасап жатыр, ағаш отырғызуда. Бұл – көктем. -Күн шығып тұр. Айнала жап-жасыл. Балалар суға шомылуда. Бұл-жаз.
-Жаңбыр жауып тұр. Дала сары түске боялған. Бұл-күз. -Дұрыс айтасыңдар балалар, қыс, көктем, жаз, күз мезгілдерін бір сөзбен қалай айтатынын білесіңдер ме? -Өте жақсы, олай болса бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Жыл мезгілдері» деп аталады. 2.-Слайд бойынша жыл мезгілдеріне жеке-жеке тоқталу. ( тірек сөздер арқылы түсіндіру:ауа-райының ерекшелігі, табиғаттағы өзгерістер, адамдардың еңбегі, адамдар қандай киім киеді. 3.Сұрақ-жауап. -Күз мезгілінде ауа райы қандай болады? -Қыс мезгілінде қандай киімдер киеміз? -Көктем мезгілінде қандай мерекелерді тойлаймыз? -Жаз мезгілінде адамдар қалай еңбек етеді? 5.Ойын: «Бұл қай мезгіл?» Мақсаты:Балаларды жыл мезгілдерін дұрыс ажырата білуге үйрету. Қорытындылау.
|
2. Аппликация. Тақырыбы: Киіз үй. Мақсаты:Ұлттық өнердің желісімен түрлі қағазда геометриялық элементтерден (шеңберлер, шаршылар, сопақшалар) өрнектер құрастыра білуге үйрету. Қайшымен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру. Шаттық шеңбері. Сұрақ-жауап. -Балалар, қане, айтыңдаршы біздің Отанымыз қалай аталады?-Ал,Қазақстан Республи касының мемлекеттік Рәміздеріне не жатады? -Қай рәміздің суретінде шаңырақ бейнесі бар? Жұмбақ: (Киіз үй) Тақпақ. Киіз үй туралы түсініктерін жетілдіру. Киіз үй керегеден, уық және шаңырақтан құрылады. Кереге жиырылады. Уық иіледі, ортадағы шаңырақты ұстап тұрады. Мынау түндік, шаңырақты түнде жауып қояды. Үлгі суреттерді көрсетіп, оларды талдап,түсіндіру. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Ұқыпты желімдеуге жаттықтыру. Үлестірмелі материалдарға назарларын аударады. Қауіпсіздік техникасымен таныстыру. Сергіту сәті:«Киіз үй» Ойын:«Үй туралы кім көп сөз айтады?» Мақсаты: балаларға үй түрлері туралы көп сөз айтуға, сөйлем құратуға достыққа тәрбиелеу. Мысалы: киіз үй – шаңырақ, уықтан тұрады. Оның жан – жағы киізбен қапталған. т.б. Қорытынды жасау. |
2.Көркем әдебиет. Тақырыбы:Астана-арман қала. Мақсаты:Тақырыпқа байланысты әңгіме оқу.Баяндау сипатын сезінуге,әдеби жанрларды ажыратуға баулу.Әңгімелеу барысында бейнелеуіш сөздерді қолдануға үйрету. Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелесу.1.Астана туралы түсінік беру.Слайд арқылы түсіндіру. 2.Өлең оқу. «Астанам» Болашаққа бастаған, 3.Сұрақ-жауап. – Біздің еліміз қалай аталады? -Қазақстан Респуликасы ның Президенті кім? – Қазақстан Респуликасының елордасы қай қала? – Қазақстан Респуликасы ның рәміздерін атау. Сергіту сәті. 4.Ойын: «Доп»: жүргізу ші сұрақ қоя отырып, бір балаға лақтырады. Ол жауабын айтып допты қайтып лақтырады. – Ал, қане бастайық: – Қазақстанның астанасы, қай қала? – Астана. – Қ. Республикасының президенті кім? – Н. Ә. Назарбаев. – Біз қай елде тұрамыз? – Қ. Р. Қорытындылау.
|
2.Ойнада ойла(вариативтік) Тақырыбы: «Не жоқ?» Мақсаты:Балалардың зейінін, есте сақтау қабілетін дамыту. Көру арқылы ойлау қабілет терін арттыру. Қоршаған орта туралы білімдерін кеңейту. Шаттық шеңбері. «Не жоқ?» дидактикалық ойыны Мақсаты: Балалардың зейінін, есте сақтау қабілетін дамыту. Балалар көздерін жұмады, тәрбиеші шырша ойыншығын жасырады. Балалар қай ойыншықтың жоқ екенін табады. Содан соң тәрбиеші екі ойыншықты алып тастайды, үшінші рет ойыншықтар алынбайды, орындары ауыстырылады. Сергіту сәті. Оқу қызметін қорытындылау. |
2.Құрастыру. Тақырыбы:Тасбақа. Мақсаты:Табиғи және қалдық материалдардың түрлерімен таныстыруды жалғастыру.Табиғи материалдардан әртүрлі заттар дайындай білуге үйрету. Әдіс-тәсілдері: түсіндіру,көрсету, жеке жұмыс. 1.Жұмбақ. 2.Тасбақа туралы әңгімелеп түсіндіру. 3.Үлгіні талдау. -Құрастыру жолдарын көрсетіп,түсіндіру. -жаңғақты пайдалану жолдарын көрсетіп, түсіндіру және орындалу ретін атап өту; -жаңғақтарды бір-бірімен және басқа бөліктермен ермексаз арқылы бекітуді көрсету; -басқа дене бөліктерінетабиғи материалдар,(жапырақ,бұтақтар, жемістер,ермексазт.б.) түрлі түсті қағаздарды да пайдалануға болатынын түсіндіру; -балалар жұмыстарынабасшылық жасау, көмек көрсету, дайын болған жұмыстардан көрме ұйымдастыру. Сергіту сәті. 4.«Не өзгерді» ойыны. Мақсаты: Көру арқылы ойлау қабілеттерін арттыру.
|
|||||||||||||
|
10:40-11:05 |
3.Ағылшын тілі. Theme of the lesson: What colour is this? The objectives: Educational: to consolidate the lexis on theme COLOURS Developing: to develop listening skills through listening to the songs and do Physical warm – ups Up – bringing: to up – bring students’ interest and motivation to the lesson Materials: – the lap top with video of the song – the pictures of colours – the pictures of objects (apple, sky, grass, sun) – the pictures of smile (happy, angry, tired) The Procedure of the lesson 1. Greetings Teacher (T.) Hello, boys and girls! Children (C.) Hello! Children sing a song: Hello, how are you? All together say the rhyme: Good morning, good morning! And how are you? Good morning, good morning, I am fine, thank you! 2. Speech warm – up and revision of words. Revision of all the words. Children sit on their places. Teacher throws the ball and says a word in Kazakh, children translate. Revision of colours with the help of smiles.
Clap, clap, clap your hands Clap your hand together Stamp, stamp, stamp your feet Stamp your feet together. Clap, clap, Stamp, Stamp Clap, clap, Stamp, Stamp Turn yourself around, And sit down! 3. Consolidating the lexis Teacher shows the object and asks: What colour is this? Children answer 4.Singing the song What colour is the sky? It’s blue, It’s blue, It’s blue Drawing a conclusion The game «Foxy». One child is a fox.He sleeps then all the children come up and say Foxy, Foxy, Let us play! The fox wakes up and says I am hungry! Run away! All the children run away, the fox should catch up somebody 6. Saying good bye! Raise your heads, Jump up high. Wave your hands And say «Good bye»!
|
3. Ертегі әлемі (вариативтік) Тақырыбы: Жалқау қоян. Мақсаты:Мазмұны мен таныстыру, мәнерлеп оқып беру, сұрақ- жауап арқылы хайуанаттар мінезі, дауыс ырғағы өздеріне тән қасиеттері туралы әңгімелесу. Балалардың сөйлеу, есте сақтау, тілдік қорын дамыту. Шаттық шеңбері. Жұмбақтар (қоян) «Жалқау қоян» ертегісін оқып беру. Сұрақ-жауап. -Жануарлар не үшін жиналыпты? -Қай жануар құдық қазуға көмектеспеген? -«Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті» мақалының мағынасын қалай түсінесіңдер? Жабайы, аңдар деген сөздердің жуан, жіңішке естілуін анықтау және осы сөздерді буынға бөлдіру. «Жалқау қоян» ертегісін сахналату. Ойын: «Ертегі кейіпкерлерін тап» Шарты: текшеде ертегілердің кейіпкерлері берілген. Қай ертегінің кейіпкері екенін табады. Қорытындылау. |
3.Орыс тілі. Тема: «Наша Родина – Казахстан». Цель: формировать у детей первоначальные представления о нашей Родине – Республике Казахстан. Учить называть на русском языке символы Казахстана, узнавать и называть достопримечательности столицы. Воспитывать уважение и любовь к Родине. Оборудование: карта Казахстана, Астаны, иллюстрации о Казахстане
1.Мотивационно-побудительный: круг радости, беседа 2. Организационно – поисковый: работа со словарем, показ карты Казахстана дидактическая игра «Назови правильно», физминутка, иллюстрация слайдов, разучивание стихотворения 3.Рефлексивно-корригирующий: итог занятия (пополнение словарного запаса)
|
3. Дене шынықтыру. Тақырыбы:Еңбектеу және өрмелеу Мақсаты:1. Гимнастикалық таяқшалармен орындалатын жаттығулардың жаңа түрлерін меңгерту.2. Негізгі қасиеттерді-шапшаңдық , ептілікті дамыту.3.Балаларды еңбектеуге және өрмелеуге үйрету. Қолданылатын көрнекі құралдар:әрбір балаға гимнастикалық таяқша,көз байлайтын материал,педагогтың таңдауына қарай алынған құралдар. 1.Педагогтың командасыбойынша екі қатарлы тізбекпен жүріп,жаттығулар орындау. 2.Шашырап жүгіру. 3.Екпінмен жүгіру. 1.Гимнастикалық таяқшалармен орындалатын ЖДЖ. Б.қ.негізгі тұру таяқшаны төмен ұстау. 1-таяқшаны алға созу.2-оң қолды төмен түсіріп,сол қолдағы таяқшаны тігінен ұстап,жоғары көтеру.3-таяқшаны алдыға созып ұстау.4-сол қолды төмен түсіріп,таяқшаны оң қолға ауыстырып, таяқшаны жоғары көтеру.5- таяқшаны алдыға созып ұстау. 6-бастапқы қалыпқа келу. Б.қ.аяқтың арасын ашып тұру екі қолды шынтақтан бүгіп,таяқшаны кеуде тұста ұстау.1-2 алға иілу,еденге қолды тигізу.3-4-б.қ. келу. Б.қ.негізгі тұрс,таяқша еденде жатады.1-оң аяқпен таяқшаны аттап,алға бір адым жасау.2-сол аяқты оның қасына алып келу..3-оң аяқпен таяқшаны аттап,артқа бір адым жасау.4-сол аяқпен артқа бір адым жасау. Б.қ.тізерлеп тұру,таяқшаның екі шетінен ұстап,жауырынға қойып тұру. 1-таяқшаны жоғары көтеру.2-оңға иілу.3-түзу тұрып,таяқшаны жоғары көтеру.4-б.қ.Дәл солай сол жақпен орындалады. 2.Негізгі жаттығулар. (Педагог 4-6 жаттығуды өзі таңдайды.) -3-4м қашықтықты басымен допты итеріп ,еңбектеп өту. Қаз-қатар тұрған заттардың арасымен еңбектеп өту. -2-3м қашықтықта артқа қарай еңбектеп жүру. -көлбеу қойылған таяқшаға өрмелеп шығып,одан соң гемнастикалық қабырғаларға өту. -көлбеу қойылған баспалдақпен өрмелеу. 3. «Кім шақырғанын анықта!»ойыны. Шарты:Балалар дөңгелене тұрады.Ортаға бір баланың көзін байлап шығарады.Балалардың біреуі баланың атын атайды,көзі байланған бала өзінің атын кім атағанын даусынан тану керек. Қорытындылау. |
3. Дене шынықтыру. (әуенмен) Тақырыбы:Орындықта жасалатын жаттығулар. Мақсаты:1. Орындықта отырып орындалатын жаттығу түрлерін үйрету.2. Негізгі қасиеттерді-шапшаңдық , ептілікті дамыту.3.Допты қабырғаға лақтырып,ыршыған допты қайта қағып алу біліктіліктерін үйрету. Қолданылатын көрнекі құралдар:бір балаға арналған орындық,доптар. 1.Орындықтар арасымен жүру. 2.Орындықтар арасымен жүгіру. 3.Педагогтың командасы бойынша қолға жаттығу жасап,екі қатарлы сапта жүру. 1.Орындықта отырып орындалатын ЖДЖ. -қолды екі жаққа созу,дем алу,қолдарды түсіріп,дем шығару. -қолды екі жаққа созу,тізені ұстап тұрып дем алу,екі тізені бір-біріне соғу.\ -қолды шынтақтан бүгу,қолды белге қою -қолды белге қойып,екі жаққа иілу. -қолды белге қойып,екі жаққа кезек-кезек бұрылу. -орындық арқасына сүйеніп отырып,екі аяқты біріктіріп,жоғары көтеру,қайтадан б.қ.келу. -қолмен орындықтың екі шетінен ұстап,аяқты кезектестіріп екі жаққа созу. 2.Негізгі жаттығулар. 1.«Велосипед» жаттығуы. 2.Диафрагма көмегімен дем алу. 3. «Қайшы»жаттығуы. 4.Демді ұстап тұрып дем алу. 5.Қайталамалы жүгіріспен 10 м қашықтықты 3 рет жүгіріп өту. 6.Залда жүру. 7.Допты қабырғаға лақтырып,ыршыған допты қайта қағып алу. Қорытындылау.
|
|||||||||||||
|
11:15-11:40 |
4.Музыка. Тақырыбы: Ән үйрету: «Менің Отаным» 1шумақ Музыкасын жазған:Ө.Байділдаев, Сөзін жазған: Б.Ысқақов Мақсаты: Мемлекеттік рәміздер туралы түсініктерін қалыптастыру.Қазақстан Республикасының ең алғашқы Елбасы туралы түсінік беру.Табиғи дауыспен әнді таза айтуға,шығарманы сезіне білуге үйрету.Әнді сезіну арқылы Отанды сүюге,қастерлеуге баулу.
Ән тыңдату: Гимн «Менің Қазақстаным» (Ж.Нәжімеденов,Ш.Қалдаяқов, Н.Назарбаев.)
Ырғақты қимыл қозғалыс: «Қазақ биі»
Ырғақты ойын: Ұлттық ойын: «Арқан тартыс» Ойын шарты: Балалар бір бірінің күштерін сынасып екі командаға бөлініп арқан тартысады.
|
4.Дене шынықтыру. Тақырыбы:Жатып орындайтын жаттығулар. Мақсаты: 1. Жатып орындайтын жаттығу лармен таныстыру.2. Негізгі қасиеттерді-шапшаңдық , ептілікті дамыту.3.Үш метрден он метрге дейін қайталамалы (челночный)жүгіруге жаттықтыру;іші толтырылған допты аттап жүруге жаттықтыру. Қолданылатын көрнекі құралдар:іші толтырылған доптар. 1.Бір қатар сапқа тұрғызу.Сәлемдесу. 2.Тыныс алу жаттығуларын орындау. 3.Музыканың сүйемелдеуімен жылдам жүру. 1.Жатып орындалатын жаттығулар. 1-кезең Б.қ.шалқадан жату.Диафрагма көмегімен (кеуде мен іштің ортасында бұлшықетті қозғап)баяу тыныс алу. Б.қ.алдыңғы жаттығудағыдай қалып.Аяқты велосипед тепкендей қозғалысқа келтіру. Б.қ.аяқтарды бүгіп,шалқадан жату.Тізені оңға қарай қозғалту,б.қ.келу.Дәл солай сол жаққа орындау. Б.қ.аяқтарды бүгіп,шалқадан жату.Тізенің арасын ашу,тізені біріктіру. Б.қ.аяқтарды бүгіп,шалқадан жату.Аяқты жоғары көтеру,түсіру. Б.қ.шалқадан жату.Диафрагма көмегімен(кеуде мен іштің ортасында бұлшықетті қозғап)баяу тыныс алу. Б.қ.аяқтарын бүгіп шалқадан жату.Аяқтарын түзу жоғары көтеріп,алға,артқа қозғалу.б.қ.келу. Б.қ.аяқтарын бүгіпшалқадан жату.Саусақтары мен башпайларын жұму,ашу. Б.қ.аяқтарын бүгіп шалқадан жату.Дем тартып,дем шығару.3-4 рет қайталау. 2.10 м жерді қайталамалы жүгіріспен жүгіріп өту. 3.Іші толтырылған доптарды аттап өту.(доптар бірдей қашықтықта екі-екіден қойылған,қолды әр түрлі қалыпта ұстап жүру.) Қорытындылау.
|
4.Мүсіндеу. Тақырыбы:Бәйтеректі мүсіндеу. Мақсаты:Бүтін кесектен мүсіндеу дағдыларын жетілдіру.Сулы шүберекпен пішіннің үстінен тегістеуді және кескішті қолдануды жетілдіру. Әдіс-тәсілдері:түсіндіру, сұрақ – жауап, мүсіндеу, тексеру, т. б. 1.Бәйтерек туралы түсінік беру. 2.Сұрақ – жауап. 3.Бәйтеректі ермексаздан бедерлі мүсіндеу тәсілін қолдану арқылы орындаймыз. 4.Жұмыстың орындалу ретін түсіндіріп, тапсырма беру. 5.-Ермексаздан бәйтеректің пішінін келтіріп,жалпайту арқылы картонға жағамыз.- Домалақтап шарын жасаймыз.Сергіту сәті. 6.«Дауысынан таны»ойыны. Қорытынды жасау. |
4.Музыка. Тақырыбы: Ән үйрету: «Менің Отаным» 2шумақ Музыкасын жазған:Ө.Байділдаев, Сөзін жазған: Б.Ысқақов Мақсаты: Мемлекеттік рәміздер туралы түсініктерін қалыптастыру.Қазақ стан Республикасының ең алғашқы Елбасы туралы түсінік беру.Табиғи дауыспен әнді таза айтуға,шығарманы сезіне білуге үйрету.Әнді сезіну арқылы Отанды сүюге,қастерлеуге баулу. Ән тыңдату: Гимн «Менің Қазақстаным» (Ж.Нәжімеденов,Ш.Қалдаяқов, Н.Назарбаев.)
Ырғақты қимыл қозғалыс: «Қазақ биі»
Ырғақты ойын: Ұлттық ойын: «Арқан тартыс» Ойын шарты: Балалар бір бірінің күштерін сынасып екі командаға бөлініп арқан тартысады.
|
4. Сиқырлы қылқалам (вариативтік) Тақырыбы:БалықтарМақсаты:Сурет салу дың дәстүрлі және дәстүрден тыс әдістері арқылы балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру. Бояумен жұмыс істеу іскерліктерін жетілдіру, қылқаламмен ирек,түзу, ұзын, қысқа толқынды сызықтар сызуға дағдыландыру. Картоп бастырмасымен жұмыс жасай білуге үйрету.Ұқыпты, нәтижелі жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.Бейнені қағаз бетінеорналастыра білуін және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Әдіс-тәсілдері: көрсету,түсіндіру. 1.Жұмбақ. –Қанаты бар ұшпайды.(балық) 2.Балықтар жайлы айтып әңгімелеу. Балықтардың түрлері туралы айтып өту. 3.Сурет салу әдіс- тәсілін көрсету, түсіндіру. -балықтың суретін картоп бастырмасымен саламыз. Сергіту сәті. 4.Ойын: «Артық затты тап?» Шарты: Балықтарлың арасынан артық затты табу. Қорытынды жасау. |
|||||||||||||
«Табиғат аясында» |
11:40-11:50 |
Киіну: серуенге шығу.
|
|||||||||||||||||
Серуенге шығу. Серуен. |
11:50-12:30 |
Серуен.Бақылау. 1.Ауа-райын бақылау.
|
Серуен.Бақылау.№2. Қар басуын бақылау.
|
Серуен.Бақылау. №3 Желді бақылау.
|
Серуен.Бақылау.№17. Қардағы іздерді бақы лай білу.
|
Серуен.Бақылау.№19. Аула сыпырушының еңбегін бақылау. |
|||||||||||||
«Ас – адамның арқауы» Түскі ас. |
12.30-13.00 |
Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс; әдеп ережесі. |
|||||||||||||||||
«Тәтті ұйқы» Ұйқыға дайындық, ұйықтау. |
13:00-15:20 |
Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай орнату. |
|||||||||||||||||
«Ұйқымызды ашайық» Ұйқыдан ояну. Шынықтыру шаралары. |
15:20 – 15:45 |
Ұйқыдан біртіндеп тұрғызу . №2ояну жаттығу кешенін жасау.
|
Ұйқыдан біртіндеп тұрғызу, жаттығулар. №7ояну жаттығу кешені.
|
Ұйқыдан біртіндеп тұрғызу,ұйқыашар жаттығулары. №4ояну жаттығу кешені.
|
Ұйқыдан біртіндеп тұрғызу, сергіту жаттығулары.№6 ояну жаттығу кешені.
|
Ұйқыдан біртіндеп тұрғызу.№1ояну жаттығу кешені.
|
|||||||||||||
«Астарыңыз дәмді болсын!» Бесін ас. |
15:45 – 16:10 |
Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс. |
|||||||||||||||||
Баланың даму картасынасәйкес жекежұмыс. |
16:10-16:40
|
Үстел үсті театры «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі.
|
Сюжетті-рөлдік ойын «Шаштараз» |
Альбомдар,сюжетті картиналар қарастыру.
|
Суретті кітапшаларды бояу, пазлдар, мозаика және т.б.
|
Сюжеттік ойыншықтармен ойындар,ертегі оқып беру;т.б. «Жеті лақ пен қасқыр» ертегісін саусақ театры арқылы сахналау.
|
|||||||||||||
Серуенге дайындық |
16.40-16.50 |
Киіну: серуенге шығу. |
|||||||||||||||||
Серуен |
16.50-18.00 |
Серуенге қызығушылық туғызу. Балалармен жеке әңгімелесу. |
|||||||||||||||||
«Келесікездескенше!» Балалар, ата-аналар мен қарым-қатынас Балалардыңүйгеқайтуы. |
18.00 |
Ата аналармен балалардың төлем ақысы туралы әңгімелесу. |
Ата аналармен балалардың бүгінгі іс-әрекеттері туралы әңгімелесу. |
Ата аналармен алдағы желтоқсан мерекесі туралы әңгімелесу. |
Ата аналармен балалардың тәртібі туралы әңгімелесу. |
Ата аналармен балалардың тазалығы туралы әңгімелесу. |
|||||||||||||