Циклограмма Бір аптаға (30.10-03.11. 2017 жыл) «Балапан» 2-кіші топ.

                                                                                           Циклограмма

Бір аптаға (30.10-03.11. 2017 жыл)

«Балапан» 2-кіші топ.                                                                                                                                                                     

Өтпелі тақырып «Тірі және өлі табиғат»    

Күн тәртібі

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

 

Бейсенбі

 

Жұма

 

Балаларды қабылдау

Ата-аналармен әңгімелесу

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойындар (үстел үсті, саусақ және т.б. )

Балаларды қабылдау.

 

Ата-аналармен амандасу.

Балаларды тазалығын тексеру.

Балалардың қарым қатынасын дамыту.

 

Жуылған ойыншықтарды жинап ретке келтіру.

 

Үстел үсті ойындары  Мазайка құрастыру

 

Балаларды қабылдау.  

Ата-аналармен амандасу.

Жуылған ойыншықтарды жинап ретке келтіру.

Дидактикалық  ойын: « «Қай  ойыншық  тығулы  тұр?»   

Мақсаты:  Балалардың  зейінін, есте  сақтау  қабілеттерін  дамыту.

Балаларды қабылдау.

Ата-аналармен амандасу.

Денсаулығы, көңіл- күйі туралы білу.

Топқа көтеріңкі көңіл- күймен келуге жағдай тудыру.                              

Саусақ ойыны:

Саусағымда сақина

Санап көрші кәнеки

1,2,3 Бір, екі үш

Демалайық жинап күш.

Балаларды қабылдау.

Ата-аналармен амандасу.

Ата-аналармен әңгімелесу.

Әдеп туралы сөйлесу

Мақсаты: жақсы тәртіп әдеттерін қалыптастыру

Балаларды қабылдау.

Ата-аналармен амандасу.

 

Құрылыс ойындары:   «Балабақша» құрастырып ойнау, тату ойнауға үйрету.

 

 

Таңертеңгі гимнастика (8мин)

Музыка әуенімен таңертеңгілік жаттығулар

Таңертеңгі жаттығу (Қараша айы 1-апта)  Сылдырмақпен жаттығу             Мақсаты:Қимыл- қозғалыс жаттығуларды күн сайын жасауға тәрбиелеу

Музыка әуенімен таңертеңгілік жаттығулар

Таңертеңгі жаттығу (Қараша айы 1-апта)  Сылдырмақпен жаттығу             Мақсаты:Қимыл- қозғалыс жаттығуларды күн сайын жасауға тәрбиелеу

Таңертеңгі жаттығу (Қараша айы 1-апта)  Сылдырмақпен жаттығу             Мақсаты:Қимыл- қозғалыс жаттығуларды күн сайын жасауға тәрбиелеу

Таңғы ас

Ас мәзірімен таныстыру.Түзеу дұрыс отыруын қадағалау.Қасықты оң қолға, нанды сол қолға ұстауды үйрету.

Тамақ үстінде жан жағына қарамай дұрыс және сөйлемей отыруғызуға үйрету.Рахмет айтуға үйрету

Ойындар, Ұйымдастырылған оқу қызметіне (ҰОҚ) дайындық

Дидактикалық ойын                           «Жыл мезгілдері» Мақсаты:Балалардың жыл мезгідері туралы білімдерін бекіту,мезгілдерді атауларын үйрету

Ддидактикалық ойын:

«Ойыншықтар дүкені»

Мақсаты:  Ойыншықтармен ойнау барысында  балалар салыстыруды үйренеді. Заттардың ұқсастығы мен айырмашылығын белгілейді.

Дидактикалық ойын:

«Төртінші артық»

Мақсаты:Жиһаздарды ажырата білуге үйрету.

Ойын: « Кім тапқыр»Ойынның шарты: Үй құстары мен дала құстарының аттарын айту.

 

Дидактикалық ойын:             «Заттық фриздер»Мақсаты:Заттарды көріп сипаттау арқылы балалардың сезімталдығын дамыту, қоршаған орта жайлы танымдарын кеңейту,сөздік қорын дамыту.Көрнекіліктер: (көкөністер мен жемістер)муляж, қоржын.

Мектепке дейінгі ұйым кестесі  бойынша  ұйымдастырылған оқу қызметтері

1.Жаратылыстану.

Тақырыбы:  Табиғи оркестр

Мақсаты:  Табиғат дыбысын, яғни судың сылдырын, желдің , жаңбырдың дыбысын және жануарлардың  дауыстарын ести білуді үйрету.Табиғат құбылысының  болу себептері туралы түсінгендерін қорытындылай білу біліктерін  дамыту. Табиғатта өзін – өзі ұстау  мәдениеті дағдыларын  қалыптастыру.Табиғатқа деген сүйіспекшіліктерін арттыру және оған қамқор  болуға баулу.

Әдіс-тәсілі:әңгімелесу, саяхат, түсіндіру, сұрақ- жауап

1. Кіріспе:

— -Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

 

-Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

2.Тосын сәт:                               Топқа қонжық көңілсіз, жылап келеді.

Анасынан адасып қалған.

3.Сұрақ жауап.

Олай болса балалар, орманға барып қонжықтың анасын тауып берейік.

4.Жаңбырдың дыбысын тыңдайды.

Орманда өзімізді қалай ұстауымыз керек?

5.Сарқыраған судың дыбысын тыңдайды.                             –Балалар, жақын жерде өзен бар сияқты.

Түлкі шығады.

Түлкіден қонжықтың анасын сұрайды.

Желдің дыбысын тыңдайды.                           Теректердің артынан қоян секіріп шығады.

Қояннан қонжықтың анасын сұрайды.

Қоян: Ендеше маған күз туралы тақпақ айтып беріңдер.

Анасына кездеседі.

5.Дидактикалық ойын.
«Жаңбыр мен бұршақ» ойынын ойнау арқылы                               –Мен жаңбыр дегенде үстелді саусақтарыңмен тырсылдатып ұрасыңдар, ал бұршақ дегенде шапалақтаймыз.

6.Қорытынды

Балаларды мадақтау.

 

2.Музыка.                        Ән үйрету:

Тақырыбы:

«Торғай»  ( 1шумақ)

(А.Райымқұлова)

Мақсаты: Би қимылдарын еркін орындауға,түрлі сипаттағы әуенді қабылдауға баулу,дыбыс ұзақтығы,тембрі туралы ұғымын қалыптастыру.

Ән тыңдату:

«Орман шуы»

(Қ.Қуатбаев)

Қимылдық ойын:

«Мысық пен торғайлар»

Шарты: Бір баланы мысық, қалған балалар торғайлар болады.

Мысық ортада ұйықтап жатады. Ал торғайлар қасында ұшып жүреді.

 Мысық ұйқыдан тұрып, торғайларды қуа жөнеледі. Торғайлар жан-жаққа ұшып кетеді. Ойын жалғаса береді.

Көрнекілік: Торғай суреті  немесе ойыншық торғай,құс қясы,бала санына қарай торқайдың атрибуттары.

 

 

 

1.Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: Табиғатты аялайық!

Мақсаты: Қоршаған орта, табиғат пен тіршілік арасындағы байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту. Ойлау есте сақтау және зерделеуін дамыту, сөздерді анық айтуға машықтау және сөйлеу мәдениетін қалыптастыру табиғатқа сүйіспеншілікке тәрбиелеу, жаратылыстың әрбір заты мен мүшесін құрметтеуге, қоршаған ортаны қорғауға, сақтауға үйрету. Сүйіспеншілік, мейірімділік қасиеттерін дамыту.

Әдіс-тәсілі:  түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ – жауап.

1.Тосын сәт.    

Қуыршақ келеді.

Балалардан табиғатты қалай аялайсыңдар деп сұрақ қояды.

Балалардың жауабы.

«Ия, жоқ» ойыны: қойылған сұраққа жауап беру ия.жоқ деп

Мен табиғатты сүйемін, оны қорғап таза ұстаймын. (ия)

Ағаш отырғызамын…

Орманды өртеймін…

Құстарға жем шашамын…

Құстың ұясын бұзамын…

Суды ластаймын..

Құстарға ұя саламын..

Орманда айқайлаймын…

Орманда қалдық заттарды қалдырамын…

Өсімдіктерді жұламын…

2.- Күн, ауа, жер, су, тас, тау – бұлар өлі табиғат.
Бүкіл адамдар, жануарлар, өсімдіктер қоршап тұрған табиғат тірі табиғат.
Өлі табиғат – өспейді, өнбейді, өзгермейді.3 Қуыршақпен қоштасу.
4.Қорытынды.

2. Құрастыру. Тақырыбы: Қоянға үй.

Мақсаты: Құрастырмалы материалдардан үй құрастыра білуге үйрету. Қол моторикасын дамыту. Ойлау қабілеттерін арттыру. Ептілікке баулу. Жан-жануарларға деген жанашырлық сезімдерін ояту.

Әдіс-тәсілі:    түсіндіру1.Тосын сәт.                                 Қоян келеді.Балалардан көмек сұрайды.                      2.сұрақ жауап                            Үйді жасау үшін қандай құрылыс материалдары керек ?

3.Үйді құрастыру жолдарын көрсету.Үйге төрт текше,екі үшбұрыш керек және оны қалай қою керек екенін түсіндіру

5.Сергіту сәті:
Қояным,қояным,
Орныңнан тұра ғой.
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы.
Бетіңді жушы,
Орныңда секірші!
Секір,секір,секір. 

6.Қоянмен қоштасу Балабақшааға оралу.

Қорытынды.

3.Дене шынықтыру.

Кім мықты

Мақсаты: жүруді  жүгірумен кезектестіріп, тоқтап, бағытты өзгертіп жүру, жүгіруге дағдыландыру,

құм салынған кішкене қапшықты тура бағытта алысқа лақтыру. Дене шынықтыруға деген қызығушылықтарын арттыру, ептілікке,

 1. Педогог төмендегі тапсырмаларды орындатады:

2. Жаттығудың жасалу ретін түсіндіріп тұрып көрсетеді.Балаларға орындатады.Балалардың дұрыс орындауларын қадағалайды.

“Сылдырмаққа үрлейік” тыныс алу жаттығуы.

3. Негізгі қимыл қозғалыс жаттығулары:

-Тура жолмен жүру және жүгіру.

Бір-біріне доп домалату

4.Ойын.

1Мүсіндеу

Тақырыбы:  “Күн мен бұлт”

Мақсаты: мүсіндеу жұмысында қолданылатын материалдармен, құралдармен таныстыру; мүсіндеудің негізгі: жұмсарту, созу, құрастыру, жаю, тегістеу, жалпақтау, домалақтау тәсілдерімен таныстыру; қатырмақағазға бедерлеу тәсілін орындау дағдыларын қалыптастыру.

Әдіс-тәсілі:                             

1.Жұмбақ жасыру.

Жұрттың бәрі сүйеді,

Бірақ қарай алмайды.

(күн)

Көзі жасты,

Тұра қашты.

(бұлт)

3.Әдіс тәсілдерін көрсету,түсіндіру.

1.Дайын көк түсті қатырмақағазда күн мен бұлттың суреті.

2.Ақ және сары түсті ермексаздың кесегін жұмсартамыз.

3.Түстеріне қарай қатырмағазға жабыстыра бастырамыз.

3 Өз беттерімен жұмыс істейді (көмегімді қажет еткен балаға көмектесемін)

4. Сергіту сәті:Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

5.Балаларды мадақтау.

 

2.Музыка.                        Ән үйрету:

Тақырыбы:

«Торғай»  ( 2шумақ)

(А.Райымқұлова)

 

Мақсаты: Би қимылдарын еркін орындауға,түрлі сипаттағы әуенді қабылдауға баулу,дыбыс ұзақтығы,тембрі туралы ұғымын қалыптастыру.Муз ырғақтық қимыл:«Шөжелерім»

(Г.Гусейнли)Қимылдық ойын: « Құстар мен мысық»Шарты: Тәрбеші шеңбер сызады ия болмаса жіппен шеңбер жасайды. Ортада мысық отырады. Қалған балалар әр түрлі құстар болады. Мысық ұйықтап жатады, ал құстар ұшып, жем жейді. Мысық оянғанда, құстар ұяларына қонады. Ұстап алған құстарды шеңбер ішіне алып барады. Көрнекілік: мысық, әр түрлі құстар атрибуттары.

 

.

1.Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.

Тақырыбы:Үшбұрыш

Мақсаты: Геометриялық пішін үшбұрышпен таныстыру, түйсіну және көру арқылы пішін түрлерін зерттеу  Дөңгелек  пен үшбұрышты атауға және ажырата білуге үйрету.

Әдіс-тәсілі:

көрсету,түсіндіру.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Жыл мезгіілін сұраймын.       2. -Балалар қандай геометриялық фигураларды білесіңдер?

3.Үшбұрышпен таныстыру.

4Үлестірмелі жұмыс:                           Үлкен үшбұрышты қызыл қарындашпен, кішкентай үшбұрышты көк қарындашпен бастырып сызу .                                    5.Сергіту сәті.

Бір дегенде-тік тұрамыз.

Екі дегенде-екі рет айналамыз.

Үш дегенде-үш рет секіреміз.

Төрт дегенде-отырамыз.

 

6.Қорытындылау.

2.Дене шынықтыру. Кім мықты (таза ауада)Мақсаты: жүруді  жүгірумен кезектестіріп, тоқтап, бағытты өзгертіп жүру, жүгіруге дағдыландыру,құм салынған кішкене қапшықты тура бағытта алысқа лақтыру. Дене шынықтыруға деген қызығушылықтарын арттыру, ептілікке тәрбиелеу.   1. Педогог төмендегі тапсырмаларды орындатады:2.Доппен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары.Шеңбер бойы тұрғызылып,жалпы дамыту жаттығуларын орындайды.3. Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары -Тура жолмен  жүру және жүгіру

-Бір-біріне доп домалату4.Ойын.

3.Сурет салу.              Тақырыбы: Бұлт күнді жапты.

Мақсат. Балаларды күзгі табиғат құбылыстары ерекшеліктеріне бақылау жасауға үйрету. Күннің бетін аспанда қалқып жүрген бұлттардың қалқалаған суретін дөңгелек және сопақша пішінде сала білуге дағдыландыру.

Әдіс-тәсілі:көрсету, түсіндіру, сурақ-жауап, сергету сәті, мадақтау, корытындылау.1.Балаларды ұйымдастыру.

2.Сұрақ қою.

 Балалар ұйқыдан оянғанда даладан нені көресіңдер?
– Күннің нұрын көргенде қалай қуанасыңдар?
– Далаға шыққанда жоғарыдан нені көреміз?

3.күн мен бұлттың суретін салуды үйрету.

4.Үлгі көрсету,түсіндіру.

5.Сергіту сәті.

6.Жеке көмек.

7.Қорытындылау.

1.Сиқырлы саусақтар.                 Тақырыбы: Күн мен бұлт

 Дайын пішіндерден заттар бейнесін жасауға үйрету.Күн, бұлт туралы түсінік беру. Жапсыру реттілігін түсіндіру және жапсыру дағдыларын қалыптасрыу, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі:(Көрнекі-құралдар: дайын күн,бұлт ,желім)

Ұйымдастыру.

Балалар қазір қандай мезгіл?                                    Ауа –райы қандай?                                                    Күзде қандай өзгерістер болады?  

 1.тосын сәт

Қуыршақ келеді.

Тапсырма бергенін айтады.балалардан көмек сұрайды.

2.Үлгі көрсету,түсіндіру.

3.Сергіту сәті.                       Тік ұста бойыңды,

Жоғары соз қолыңды.

Соз қолыңды тағы да,

Жеткіз жираф мойына.                               4.жеке көмек.

.                      

5.Қорытынды.

Балалардың жұмысын қорытындылау,мадақтау.

 

2.Дене шынықтыру.   Балапандарға қонаққа барамыз

Мақсаты: бір орыннан тұрып қос аяқпен “доптарша ” секіруге үйрету.Орында тұрып жеңіл секіру және еденге жұмсақ қону,жаттығуды орындау сәтінде дұрыс тыныс алу дағдыларын жетілдіру.Сап-тізбекке тұруға жаттықтыру .Мойын,иық және қолдың бұлшықеттерін дамыту.Қимылды музыка ырғағына сәйкес орындау.Балаларды көңілді,пысық,ширақ балапандарды бейнелей білуге талпындыру.Белгіге көңіл аудару,Сезіне білуге дағдыландыру.Дене бітімінің дұрыс дамуын қадағалау.

1 Саңырауқұлақтармен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары

2. Шеңбер бойы тұрғызып,жалпы дамыту жаттығуларын орындатады.Жаттығудың жасалу ретін түсіндіріп тұрып көрсетеді.Балаларға орындатады.Балалардың дұрыс орындауларын қадағалайды.

3.Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары:

Заттардың арсынан”ирелеңдеп”жүру

Тоқтап және тапсырманы орындай жүгіру,текшенің үстінде тепе-теңдік сақтап тұру.

-Қос аяқтап алға жылжи секіру(тиінге дейін арақашықтығы 3 м)

4. Ойын.

 

Серуенге дайындық

Киіну: Серуенге шығу, балаларды біртіндеп киіндіру, киімдерінің дұрыс киілуін қадағалау, қатармен жүруге дағдыландыру.

Серуен:

 

Жаңбырды бақылау.

Мақсаты: күз мезгілінде жаңбырдың көп жауатынын байқату. Балаларға жаңбырдың неден болатынын түсіндіру, жаңбырдың қандай түрлері болатыны туралы түсіндіру (жылы, суық). Жаңбырдан кейін күн салқындайтынын, шалшықтар ақырын кеуіп кетінін атап айту. Табиғаттағы маусымдық өзгерістерді есте сақтауға үйрету.

Қимылды ойын: «Күн мен жаңбыр»

Мақсаты: : Балаларды шапшаң, жылдам болуға тәрбиелеу.

Еңбек :Топтағы гүлдерге су құю.

Мақсаты: Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері.

Ойын барысында жұбымен бірге бірлесіп,ойын нәтижесін бөлісе білуге үйрету.

Күзгі ауа-райындағы өзгерістерді бақылау.

Мақсаты:Балаларға күз мезгілі туралы әңгімелеу. Күзгі ауа-райын жазғы ауа-райымен салыстыру,күздегі өзгерістерді айтқызу.

Балалармен  жұмыс:                           « Алтын күз » тақырыбына сурет бойынша әңгімелесу

Мақсаты: Балаларды сурет бойынша әңгіме құрауға дағдыландыру; тілдің грамматикалық құралуын одан әрі дамыту және сөздік қорын молайту.

Қимылды ойын: Сұр қоян жуынады.

Мақсаты: Қимыл қозғалыс қабілеттерін арттыру, тілдерін дамыту, ептілікке тәрбиелеу. Еңбек: Топтағы гүлдерге су құю.

Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері.

Әр балаға оны қызықтыратын ісімен айналысуға мүмкіншілік беру.

                                                                                                                            Жерге түскен жапырақтарды бақылау.

Мақсаты: Балаларға жапырақтар неліктен жерге түскендігі туралы әңгімелеп айту. Олардың түстерін атау. күзгі табиғат әсемдігін қабылдауға үйрету.

Балалармен жеке жұмыс:                             Балаларға жұмбақ жасыру.

Жазда тұрып жоғары, Күзде жерге қонады (жапырақ)

Аспай піскен, Қайнамай піскен (жеміс)

Жер бетінде шашы бар Жер астында басы бар (сәбіз)

Қимылды ойын: «Мені қуып жет»

Мақсаты: Бір-біріне қақтығысып қалмай жүгіруге үйрету. 

ЕңбекӨз өзіне қызмет.

Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері

                                                                                                                      «Құстарды бақылау»

Мақсаты:Балалармен қайтқан құстарды бақылау.Олардың атын ататқызып,дауыстарын тыңдату. Олардың топ болып ұшуына назар аударту.

Құстар туралы жұмбақтар жасыру.

1. Құйқылжытып дала күйін,                                                    Үй ішіне салады үйін. (қарлығаш)

2. Күндіз соқыр не деген

Түнде қандай көреген. (үкі)

Қимылды ойын:  «Құстар мен мысық»

Мақсаты. Балаларды шапшаң, жылдам болуға тәрбиелеу.

Еңбек . Ойнаған ойыншықтарын жинау.

Мақсаты: Еңбек сүйгіштіке тәрбиелеу.

Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері

Балаларды таңдап алған тақырып бойынша әр түрлі көмекші заттардың көмегімен құрастыруды, ойыншықтарды ауыстырып ойнауды,ойын барысында қолдана білуге үйрету;балалардың өздері жасаған ойыншықтарды пайдалану.

                                                                                                  Ағаштардан желмен ұшып түсіп жатқан жапырақтарды бақылау.

Мақсаты: Жапырақтардың ағаштардан қалай түскенін бақылап, әдемі жапырақтардың айналаға қалай сән беріп тұрғанын әңгімелету.

Қимылды ойын:«Қарға мен ит»

Мақсаты:белгі бойынша шапшаң әрекет етуге үйрету

Еңбек: Ойыншықтарын жинау.

Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері

Әр балаға оны қызықтыратын ісімен айналысуға мүмкіншілік беру.

Серуеннен  оралу

Балалардың реттілікпен киімдерін шешуі, өз сөрелерін  тауып көрсетуге үйрету.  Гигиеналық шараларын ұйымдастыру.

Түскі асқа дайындық.

Түскі ас

Астарыңыз дәмді болсын! Нан қиқымын жерге түсірмеуге тәрбиелеу. Үстелге дұрыс отырып,тамақтандыруға үйрету .

Ұйқы

Балалалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай орнату.

Ертегі айтып беру.

Біртіндеп ұйқыдан ояту, шынықтыру шаралары.

Демалу жаттығулары

Мяууу мяууу мяуууу

Фррр фрррр фрррр

Салқын сумен қолымызды бетімізді жуамыз

   Ойын- жаттығу :         Сырттан келіп үнемі,

                                                                                        Сабынмен қол жуамыз,

                                                                                        Таза болды мұнтаздай,

                                                                                        Тағамға қол созамыз.

Бесін ас

Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға баулу Астарңыз дәмді болсын! 

Ойындар, дербес әрекет

 

Баланың жеке даму картасына сәйкес жеке жұмыс

Үстел ойындары:

«Түрлі-түсті пирамидалар»

Мақсаты: балаларды

бөлшектерді құрастыруға үйрету.

Жеке  баламен жұмыс.

Ермексазды жұлып бірнеше бөлікке бөлуге үйрету- түстерді ажырату, есте сақтауға үйрету 

 

Қауіпсіздік туралы әңгімелесу

Мақсаты: қарапайым сұрақтарға жауап беру

Жеке баламен  жұмыс.

Д.Амирхан,Нұрсезімге”р” дыбысын дұрыс айтқызу жұмыстары жүргізу.

Дидактикалық ойын: «Менің айтуым бойынша».
Мақсаты: Суреттеп айтқан баланы табу Жеке баламен жұмыс.

Сөйлеуді  дамытудан М.София,  Адилямен

Мақсаты:  тілдің  грамматикалық  құрылымы бойынша   қарапайым  сұрақтарға  жауап беруге үйрету.

 

Дидактикалық  ойын:

«Ертегі  кейіпкерлерін тауып, олардың  жүрісін  сал»

Ойын шарты: ертегі кейіпкерлерінің  жүрісін  салады.

Жеке жұмыс.

Б.Камила,Нұрсезімге”р” дыбысын дұрыс айтқызу жұмыстары жүргізу.

Дидактикалық ойын

«Ғажайып  қапшық»

 Мақсаты: баланың сөздік қорын  ойыншықтардың атауларын білдіретін сөздермен байыту. 

Жеке баламен жұмыс:                            Кириллге 5-ке  дейін санауды бекіту. Геометриялық пішіндерді дұрыс атап, ажырата білуге үйрету

 

Серуенге дайындық

Балаларды киімдерін дұрыс киіну ретін үйретуді жалғастыру.

Серуен

Балалардың еркін ойындары

Мақсаты:Ұқыптылыққа,жина-қылыққа тәрбиелеу.

Серуенге шығу.Күзгі жапырақтарды бақылау.          Мақсаты:Балаларды күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру.

Өз еріктері бойынша ойын әрекеті.

Серуенге шығу.Серуен кезіндегі күндізгі іс-әрекетін қайталау, толықтыру.

Серуенге шығу.

Жапырақтардың сарғаюын бақылату.

Тыныш ойындар

Балалардың қалаулары бойынша ойындар ойнату, теледидардан қазақ ертегілерін, мутфильмдерін көрсету.

Балалардың үйге қайтуы

Ертеңгілік жаттығуға балаларды үлгертіп әкелулерін ата-аналарға түсіндіру.

Балалардың тәрбиешіден сұранып үйге қайтуы.

Кирилдің ата-анасына үйде баласымен қарандашпен жұмыс жасауларына кеңес беру

Балалардың тәрбиешіден сұранып үйге қайтуы.

Ата-аналарға балалардың жеке бас гигиенасына назар аудару керектігін ескерту.Балалардың тәрбиешіден сұранып үйге қайтуы.

Ата-аналарға балабақшаға төлейтін төлем ақысын уақытылы керектігін ескертті.

Балалардың тәрбиешіден сұранып үйге қайтуы.

Ата-аналарға оқу  қызметі бойынша кеңестер.                   Сәтті демалыс күндерін тілеп,балаларды шығарып салу.

Балалардың тәрбиешіден сұранып үйге қайтуы.

 

 

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *