Күзгі табиғат
Килыбаева Сандугаш
Мақсаты : балалар өз бақшасы туралы түсініктерін қалыптастыру .олардың тілін дамыту ,сөйлеуге үйрету .Шыдамдылыққа тәрбиелеу .
Көрнекіліктер : Күз мезгілінің суреті, үлестірме материалдар,бүктеме қағазы, құм .Лэпбук кітапшасы
Билингвалды сөздер :Күз осень, Алма – яблока , алмұрт- груша , кызанак- помидор,
Әрекет кезеңі.
Тәрбиешінің әрекеті .
Баланың әрекеті :
Балалар қимылмен қайталайды .
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз .
Үйге қонақ келгенде ,
«Сәлеметсіз бе !»,- деп,
Амандасып аламыз .
– Балалар ыдыстан не көріп тұрсыңдар ?
– Ыдыстан құмды көріп тұрмыз .
– Балалар құмның арасынан белгісіз заттар бар екен, бәріміз құмнан не табылады екенін табайықшы.
Балалар құмның арасынан сары жапырақтар тауып алады .
-Балалар мына жапырақтар қай мезгілде болады ?
– Күз мезгілінде болады .
-Балалар , мына суреттен нені көріп тұрсындар ?
-Ағаштар мен сарғайған жапырақтар , сары алмаларды көріп тұрмыз .
-Дұрыс айтасындар балалар ? Бұл көрініс күз мезгілінде болады екен .
Ағаштар, сарғайған жапырақтар туралы әңгіме айту .
Суретке дәлел:
-Ия балалар дұрыс айтасындар суретте күз мезгілі бейнеленген.
-Балалар қазір кай мезгіл ?
-Күз мезгілі
-Ал балалар күз мезгілі кай айдан басталады?
-Күз айлары кыркүйек , казан , караша.
-Күз айларында канша ай бар екен ?
-Үш ай бар екен .
-Дұрыс айтасындар балалар ,талаптарыңа нұр жаусын .
Тәрбиеші балаларға дайын үлгідегі суреттерді береді.
Онда балалар күз мезгіліндегі жапырақтардың түстерін ажыратып суретті салады .
Күз туралы жаттауды жаттату .
Күздің салқын самалы ,
Аймалайды маңдайды.
Алып қашып барады ,
Жапырақтарды сарғайған.
Лэпбукпен жұмыс :
Іздену –ұйымдастырушы:
-Өте жаксы балалар күз мезгілі ең бір жақсы – кезеңдердің бірі . Себебі , күзде астық піседі , жемістермен көкөністер піседі , дихандар астық жинайды .
– Балалар жемістер қайда өседі ?
– Жемістер ағашта өседі.
-Көкөністер қайда өседі ?
– Көкөністер жерде өседі .
-Балалар жемістер мен көкөністерді бір- бірінен ажырату арқылы сіздермен ойын ойнаймыз . ( бәрі ат салысады ) .
Балалар ойын ойнайды.
Ойын: « Кім жылдам » Балалар седепке жемістермен көкөністерді бөлек жинайды бір – бірінен ажыратады .
Тәрбиеші .
Нан қоқымын шашпаңдар ,
Жерде жатса баспаңдар .
Теріп алып қастерлеп ,
Торғайларға тастаңдар .
Балаларға өлеңді жаттатып қасиетін айтады.
Сергіту сәті : ( Балалар өлеңге іс- қимыл жасайды )
Тербеледі ағаштар ,
Алдымнан жел еседі .
Кіп –кішкентай ағаштар ,
Үп-үлкен болып өседі .
Үй құсын тап ойыны :
Ойын : Жемістермен көкөністерді жаңылмай аттарын айту .
Рефлекциялық түзетушілік .
Сабақ соңында күз мезгіліндегі ағаштарды бақылау . Мадақтау .
Күтілетін нәтижелер
Күз мезгілінің ерекшелігін – күннің суытып , жапырақтардың сарғайып түсуін біледі :
Балалар күн суытқанда жылы киіну керек екенін игерді:
Табиғатты аялауды меңгерді :