Мен- қазіргі заман педагогімін

Дубербаева Жанар

Мен ұстаз болғаныма мақтанамын. Өйткені ұстаз – мақтан тұтар мамандық. Менің ойымша, ұстаз бойындағы білім мен сауаттылықты үйлестіре отырып, әрбір шәкіртіне жеке тұлға деп қарап, адал жүрегін ұсынса, өз ісін жан тәнімен сүйіп істесе, нағыз ұстаз болмақ. Жақсы ұстаз – бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интелектуалдық, шығармашылық деңгейі мол тұлға. Ұстаз шәкірттерге оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық мамандықтардың бірі деп есептеймін және солай болмақ.

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген сөз де орынды айтылған. Баланың бойындағы шынайы білім, біліктілік дағдылары, мінез-қалыпты, шарапаттылығы жақсы ұстаздан қалыптасатын әдет деп есептеймін. Бүгінгі күні ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оларды дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға тәрбиелеуі тиіс. Мұғалім әлемдік білім беру жүйесінен мол ақпарат алып отырса, оның шәкіртке берген білімі нәрлі болады, кәсіби  деңгейі өседі, әлеуметтік деңгейі артады. Демек, оқушының санасына кәсіби даярлығы мол мұғалімнің ілімі ғұмырлық сақталады.Өзім әр сабағымда шәкірттеріме әсерлі үнмен, асықпай, мәнерлі сөйлеп, сөзіммен әрбір оқушыға деген қамқорлығымды, аналық сезімімді дана ойымды ыстық лебізімді сезіндіргім келеді. Сонымен қатар шәкірттің жан дүниесін түсініп, оларды ренжітпей, өздерінің қателігін сездіре білу – бұл шеберлі ұстазға тән қасиет деп санаймын.

Қазіргі заманда білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналып отыр. Адамның болашағы оның қазіргі алған білімінің сапасына, көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты. Мұғалімнің кәсіби деңгейі мен әлеуметтік беделі оқушы жүрегіне жол таба білуімен мөлшерленеді. Ұстаз шәкірттің білім алуға деген құлшынысын тудыра алмаса, оның ынтасы, пәнге қызығуы қалыптаспайды. Өйткені мұғалім тақырыпты бастан-аяқ талдап,өзі түсіндіріп, тек аз уақыт оқушының жаттығу орындауына ғана көніл бөледі. Ал қазіргі жаңа технологияға байланысты оқушы білім алуды өзі ізденіп, жаңа тақырыпты оқып, түсініп, пәнге байланысты әдебиеттер мен жұмыс жасап, жолдастарымен ой бөлісіп, өз білгенің көпшілікке жүйелі түрде жеткізе алса, онда ұстаз нәтижеге қол жеткізеді. Мен өзімнің әрбір шәкіртімнің пікірін тыңдап,оны түсінуге тырысамын, егер олардан ұяндық байқасам, оның шешімін табуға көмектесемін. Әрбір сабағымды қызу еңбекке құрамын. Оқушыларды тыңдаушы дәрежесінен еңбек етуші, білімді өз еңбегімен және қасындағы достарының ықпалы мен білім алу дәрежесіне көтеруді мақсат тұтамын. Сыни тұрғыда ойлануға қалыптасқан менің шәкірттерім білім негіздерімен толығып, болашақты болжауға құлшыныс алады.

Қорыта айтқанда, жаңа мектептің жаңашыл ұстазы, бұл – өзінің ізденгіштігі арқасында шығармашылыққа бой ұрып оқушыны да өзінде сыни ойлауға, ой тұжырым жасауға, өзгерістер жасауға алып келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Педагогикалық қызмет туралы талдау есебі

(кәсіптік қызметіне талдау)

 

Дубербаева Жанар Касымовна

«Абай атындағы орта мектеп-бақша» КММ-нің

қазақ  тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

Қоғамымыздағы қазіргі басты мәселе- мектептегі білім беру жүйесін жаңа технологияландыру мәселесі қолға алынуда. Оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, білім беру мекемелерінің тәжірибесіне енуде. Әсіресе, қазіргі таңда жаңа технологияларды меңгерту -мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, инновациялық, рухани көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізуде. Сол жаңа технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтижелер беруде.

«Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын ояту» тақырыбын таңдап алдым. Себебі сыни тұрғыда  ойлау технологиясы сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасауынакөп септігін тигізетінін аңғардым. Менің ойымша, сыни тұрғыда ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама  екеніне көзім жетті. Бұл жерде Оқушы — ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші болса, Мұғалім — әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.Шығармашылық тақырыбымды жоғарыда  атап өткендей, қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарындағы сыни тұрғыда ойлау әдісінің қолданылу жолдарына тоқталмақпын.  Біріншіден, бұрын өткізіп жүрген дәстүрлі сабақтарым мен бүгінгі жаңа оқыту технологиясы негізінде өткізіп жүрген сабақтарыма салыстырмалы шолу жасағым келеді.Оқушы мен мұғалімнің дәстүрлі сабақтағы іс-әрекеті мынадай:

Жаңа тақырыпты түсіндіреді.

Әдебиет сабағында кейіпкерлер образын ашады.

Қазақ тілі сабағында ережелерді түсіндіреді.

Мұғалім көп сөйлеп, оқушы аз сөйлейді.

«Сыни тұрғыда ойлау» әдісі бойынша өткізілген сабақтар үрдісіндегі өзгерістер және нәтижесі.

1.Жаңа тақырып бойынша оқушы өзі іздене отырып меңгереді. Мазмұнын айтып береді.

2.Жеке кейіпкерлерді талдайды, олардың іс-әрекетін зерттейді.

Кейіпкерлерге мінездеме береді, көркемдегіш құралдарды табады, рөлдік белсенділікке енеді. Қазақ тілі пәні бойынша ережені айтады, жаттығу орындайды.

4.Тақырып  бойынша мұғалімнің түсіндіргенімен байланыстырып айтады. 5.Эссе жазады. Постер қорғау арқылы өз ойларын жан-жақты жеткізеді.

Сыни тұрғыда ойлана отырып,ой қорытып, тұжырымдама жасап,

оны қағаз бетіне түсіреді.

Мұғалім тек бағыттаушы рөлінде болса, оқушы өз ойын еркін жеткізуші рөлінде болмақ.

Сабақта сыни тұрғыда ойлау модулін пайдаланғанымда,  оқушының жан-жақты білім алып, әр түрлі тапсырмаларды орындау(Т кестесі, семантикалық картамен жұмыс, ББҮ кестесі, тірек сөздер, фишбоун әдісі, автор орындығы әдісі т.б) арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын байқадым. Нәтижесінде осы әдіс оқушылардың ойлау қабілетінің жылдамдығын арттыруға, оқушылардың өз шешімін қабылдауға, өзін-өзі реттей отырып, тәртіптілікке дағдыланатынын байқадым. Менің өткізілген сабақтарымда оқушылардың осындай іс-әрекеттерін көре отырып, бұл тәсілдің бізге қажет екендігін түсіндім. Берілген тапсырмаларды оқушылар  жұптасып, топтасып, ауызбіршілікпен орындап отырғаны, мені қатты қуантты. Оқушылар сабақ барысында сұрақтарға сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап бере алды.  Оқушылар әрбір берілген тапсырмаларды шапшаңдықпен, қызығушылықпен, сыни тұрғыдан ойлана отырып  орындады. Әсіресе топтың спикерлері постерлерін қорғауға шыққан кезде, мен күтпеген жауаптар мен сөздерді айтқанда, олардың тіл байлығы мен ойлау қабілеті ересектерден кем емес екенін байқадым.  Психолог  Жан  Пиаже  когнитивті  дамуды зерттеген кезде, бала өз бетінше айналадағы заттарды зерттеу арқылы дамитынын айтқан. Яғни, бала зерттеу жұмыстарын өз бетінше көбірек жүргізсе, өзінің іздеп тапқан материалы есінде мәңгі сақталатынына көзім жетті.

Оқушылардың өз бетімен ізденіп, өзін-өзі реттей отырып диалогтік қарым-қатынас арқылы білімдерін арттырып, сандық технологияларды пайдалана білетін белсенді, білімді, саналы азаматтарды тәрбиелейтін әдіс деп білемін. Тақырыпты таңдаудағы мақсатым-оқушыларды қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында сыни тұрғыдан ойлауға үйрету жолдарын анықтау болды. Міндетім-сыни тұрғыдан жан-жақты ойлана алатын тұлғаны қалыптастыру болды.  Күтілетін нәтижем: Білім алуға өзі жауапты екенін сезінеді; өзінің және оқушылардың айтқан жауаптарымен салыстыра отырып ойлана білу қабілеті дамиды;
өз пікірін білдіріп оны қорғай білуге үйренеді.

Жеке тұлғаға  сыни тұрғыда ойлауды меңгеру үшін мынадай қасиеттер болуы шарт:
*жоспарлауға дайын болуы;
* бейімделгіштігі (басқалардың идеяларын қабылдай алуы);

* жете түсінуі (өзінің және басқа адамдардың пікірін қадағалау);
Жеке тұлғаны сыни тұрғыда ойландыруға  дамыту шарттары:
*сын тұрғысынан ойлауда тәжірибе жинау үшін уақыт және мүмкіндік беру;
*оқушылардың ойлауына жағдай туғызу;
*әртүрлі идеялар мен пікірлердің тууына мүмкіндік жасау.

Нәтижесінде оқушыларым шығармашылық қабілеттерін дамыта бастады. Өз беттерімен жас ақын ретінде өлеңдер шығара бастады, шағын нақыл сөздер жаза бастады.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *