Ерте жастағы балалардың сөзін ынталандыру

Амиргалиева Динара

Тақырыптың өзектілігі: Мектепке дейінгі педагогиканың теориялық және практикалық мақсаты – жас ұрпақтың ой – өрісін, сана сезімін кеңейте отырып, өмірге қажетті білім – дағдыларға үйрету. Өйткені, баланың айналадағы өмірді танып, білудегі басты жәрдемшісі – тіл болып табылады. Ал тілдің дамуы оның сана – сезімін, ой – өрісін жетіле түсуіне негіз болады. Сөйлеу тілі мен сөздік қоры молая бастаған сайын бала айналадағы адамдармен, құрбылас балалармен белсенді түрде сөздік қарым – қатынас жасайды.

Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда заманауи педагогикалық технологияларды қолдана отырып, ерте жастағы балалардың сөздерін анық дыбыстап, қоршаған ортаға байланысты сөздік қорларын дамытып, сөйлеу мәдениетін қалпына келтіру,  тілдік қатынасқа түсерде қиналмай анық дыбыстап, өз ойын айқын жеткізуге ынталандыру.

Міндеттері:                                       

  1. Ерте жастағы (1-3 жастағы) балалардың сөйлеу тілінің даму деңгейін тексеру әдістемелерін іріктеу, оларды өңдеу.
  2. Әдістемелерді өткізуге қажетті дидактикалық материалдарды жинақтау, дайындау.
  3. 2 жастан 3 жасқа дейінгі балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшелігін анықтау.

«Балбөбек» 1-ші кіші тобында жыл басы диагностика қорытындысы бойынша «Коммуникация» білім беру саласы бойынша төменгі деңгейде 75% көрсетті. Ал, қазір жыл ортасы диагностика қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 61%-ке азайды да, 14%. Бұл дегеніміз жыл басында 14 бала төмен дейгейді көрсетке, қазір тек 3 бала төмен деңгейді көрсетіп отыр. Олар: Әскербек Ерали, Сайаубек Асанали, Серік Ануар.

Жыл басында диагностика қорытындысынан кейін , біз балалардың тілін анықтап, сөзін дамыту үшін мынандай көркем әдебиеттер мен әдістемелерді талдап, жаттадық.

Мысалы: 1. Жанабергенова Г.Б. «Задержка речевого развития у детей» //Тілашар. Логопед. – 2010. – №2

  1. Логинова В. И. «Логопедическая помощь детям с нарушениями речи» 2005,
  2. Капитовская О.А. «Развитие диалогической речи у детей с речевыми нарушениями» – СПб., 2005,
    4. Богатырева А.Н. «Развитие речи у детей до трех лет» //Ваш ребенок от 0 до 3. – М., 2002,

Осы аталған авторлардың шығармаларын оқып, білімімізді толықтырып балалармен жұмысымызды бастадық. Қазіргі таңда мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамыту үшін әртүрлі модельдер жасайтын түрлі бағдарламалар мен технологиялар бар. Бала күнделікті таңертең балабақшаға кіргеннен бастап тілдік қатынасқа түсіп, айналасындағылармен сөйлеседі, дамиды. Сол үшін біз оларға жағдай жасауымыз керек.

1.Денсаулық сақтау технологиялары арқылы бала сөзін ынталандыу – бұл жаттығу ойындарын, саусақ жаттығулары, ұйқыдан кейінгі дамытушы жаттығуларды қамтиды. Бұл ойындардың барлығы балалар сөзін дамытуға бағытталған, себебі олардың кез келгені ережелерді үйренуді, мәтіндік сүйемелдеуді есте сақтауды және мәтін бойынша қозғалыстарды орындауды талап етеді.

Таңғы қабылдау мен таңғы жаттығу, түскі ұйқыдан ояту шаралары, серуен. Ең бірінші бала тілін ынталандыру таңғы қабылдаудан, таңғы  жаттығудан бастаймыз. Таңғы жаттығуда тәрбиеші түрлі іс – қимылдарды жасап,артынан сөзбен, тақпапен, өлеңмен жалғастырып отырады. Ал, балалар болса оны қайталайды. Тілдерін жаттықтырады. Бұл жерде тәрбиешінің әріптермен сөздерді дұрыс дыбыстауына үлкен назар аударамыз.

Ұйқыдан ояту шараларын орындау барысында да балалар тәрбиешінің айтқанын қайталайды, сол арылы баланың есте сақтау қабілеті арта түседі.

Келесі технология,

2.Мектепке дейінгі жастағы дифференциалды (жеке) оқыту технологиясы арқылы бала сөзін ынталандыру.

Бұл технология баланы зерттеуге және түсінуге негізделген. Тәрбиеші байқау(наблюдение)  көмегімен балалардың сипаттамаларын зерттейді, баланың жеке даму карталарының түрінде тиісті ескертулер жасайды.Бұл технологияны сүйене отырып, біз «Дамытушы ЛОТО» үстел үсті ойының мақсаты:  баланың ақыл-ой дамуын қадағалау, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, суреттегі бейненің атауын атап, сөзбен жеткізу. Тағы айта кететін болсақ, «Логическая мозаика», ЛОТО «Веселые зверята», «Лото для девочек» үстел үсті ойындарын ойнату арқылы баланың ойлау және есте сақтау қабілетін дамыта қоймай, суреттерді атауын атап, екі сөзді біріктіріп сөйлем құрастыруға үйреттік. 3.Ойын технологиялары арқылы бала тілін ынталандыру.Ойнату – дамыту – оқыту – тәрбиелеу.Ойындарды дамыта отырып, оқудың негізгі принциптерінің бірі – қарапайымнан күрделіге дейін. Ойынның дамуы әртүрлі мазмұнды және, сонымен бірге, олар мәжбүрлеуге жол бермейді және еркін және қуанышты шығармашылық атмосферасын қалыптастырады.Мысалы,  логикалық ойлауды, есте сақтауды, үстел үсті басып шығару ойындарын, сюжеттік-дидактикалық ойындарды, қойылымды, театрлық және құмар ойындарды, саусақ театрын дамыту.Бұл технология балабақшада кеңінен таралған көп қолданылатын технологияның бірі. Ұйымдастырылған оқу қызметінде өтпелі тақырыпқа байланысты дидактикалы ойындар ойнатамыз. Мысалы: «Балабақшаны сипатта», «Менің досы кім?», «Отбасы мүшелері», «Қандай киім киемін», «Жыл мезгілдері», «Үй жануарлары», «Төлдерін ата», «Мынау қандай гүл?» осы ойындардың барлығының мақсаты бір: Ол балалардың тілін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, сөздерді анық айтып, әріптерді дұрыс дыбыстату,1-2 сөзден құралған толық сөйлеммен сөйлеу. ҰОҚ-нен бөлек күнделікті бос уақытта, күннің екінші жартысында, жеке баламен жұмыс атқарар барысында біз үстел үсті, саусақ, қол театры, көлеңке театры, қимылды, дәстүрлі ойындарды, сюжетті –рөлді ойындард ойнатып, балалардың бір – бірімен тілдік қатынасқа оңай түсулеріне жағдай жасаймыз. Мысалы: «Асхана», «Шаштараз», «Дәрігер», «Ұстаған балықтың түсін ата», «Қандай геометриялық пішін?», көркем – әдеби ертегілерге келсек, «Бауырсақ», «Шалқан», «Шұбар тауық»  бұл ертегілерді біз саусақ қол театрымен қатар үстел үстінде және көлеңке театры қылып балаларға ұсынамыз. Бұлардың барлығының мақсаты бір: балаларды татулыққа, бауырмашылдыққа, достыққа итермелеу арқылы олардың сөйлеу әдебін қалыптастыру.4.Көрнекі модельдеу әдісі арқылы бала тілін ынталандыру.Көрнекі модельдеу әдістері мнемотехниканы қамтиды.Мнемоника – бұл есте сақтау процесін жеңілдететін ережелер мен әдістер жиынтығы. Модель балаларға ақпаратты есте сақтауға және практикада қолдануға мүмкіндік береді.Мнемотехника –  әңгімелерді жазып, өлеңдерді есте сақтау кезінде әсіресе тиімді. Қорытындылай келе балатілін ынталандыру үшінмектепке дейінгі білім беруді дамыту, оны жаңа сапалы деңгейге көшіру, мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыс істеуде инновациялық технологияларды қолданбасақ жүзеге асырыла алмаймыз.

Осы аталған технологтялардың арқасында біздің топтың балаларының сөздік қорлары едәуір арта түсті. Тілдері анық шықпаған балалардың дыбыстарды анық айтып, сөздерді анық жеткізе білулеріне жағдай жасады. 1-2 немесе одан да көп сөздерден құралған сөйлемдерді айта алуларына себебін тигізді. Қазір, топта тек 3 баланың тілі анық шыпады. Олармен біз үлкен жұмыстар жоспарлап отырмыз, және де жыл соңына дейін ол балалардың тілдері анық шығатынына нық сенімдіміз.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *