Бақыт сыры

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Мектеп Ғ. Мәсәлімов орта мектебі

Мерзiм 12.14.17 ж. Мұғалiм Рахметова Батима

Сынып 11  Оқушылар саны 10 Тақырып   Бақыт сыры      

 Құндылық  Ішкі тыныштық
 Қасиеттер ризашылық, жақсылық, қадірлеу.

 

 

Сабақ мақсаты: «Бақыт» ұғымының мағанасын түсіндіре  отырып,«Ішкі тыныштық» құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:  

             оқушыларға адам өміріндегі әр сәттерге риза болуға, айналасын жақсы көре білуге үйрету;

              бақытты сезіне білуге,біреуге бақыт сыйлай білуге және  әр істі жақсы оймен бастап, жақсылыққа ұмтыла білуге дағдыландыру;

          –   бақытты болуға, өмірдің  бүгінгі сәтін қадірлей білуге тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Кітап, дәптер, үнтаспа, нақыл сөздер, слайд, құралдар,мәліметтер,оқулық, дәптер, ақ қағаз, маркер «Бақыт туралы ой»  аудио,  «Бақыт  керуені» қоржын

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру  кезеңi.

   Сәлематсыздер ме, менің сүйікті оқушыларым! Керемет көңіл-күймен қауышып отырғаныма қуаныштымын.

Оқушылардың назарын  сабаққа аудару .Оқу құралдарын түгендеу

 «Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі-ниет керек, одан соң –күш, одан соң-тәртіп керек»-деп ұлы жазушы М.Әуезов айтқан екен.

  Олай болса тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулықты сақтай отырып сабағымызды бастайық.

Тыныштық сәтi. Тыныс алуға зейін қою.

 Баяу музыка қойылады.

   Сіздерден аяқ-қолдарыңызды айқастырмай, түзу отыруларыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз тынышталады. Тыныс алған кезде тыныштық пен ризашылық қабылдаймыз. Тынысты шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз…, арқамызды тік ұстаймыз…, қолдарыңызды тізелеріңіздің үстіне қоюға болады…

Тыныс аламыз… , тынысты шығарамыз (9-10 рет жайлап).

Үй тапсырмасын тексеру

Оқулықтың 28-бетіндегі 6-сабақта берілген Әбу Насыр әл-Фараби «Бақыт жолын сілтеу» үзіндісін оқып келу.
 Сұрақтар:
•  «Адам бақыт үшін жаралған» деген пікірмен келісесіңдер ме? Неліктен?
•  Адамның әрқашан бақытты болуы мүмкін бе?

•  Неліктен бақытты құсқа теңейді?
•  Бақытты сәттеріңіз жиі болып тұрады ма?
•  Жер бетіндегі барлық адамдарға ортақ бақыт болуы мүмкін бе? 

     Данышпан ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби «Бақыт жолын сілтеу» үзіндісін оқиық. 

Оның философиялық астарына үңілейік.

   Игіліктердің ішінде бақыт ең үлкен игілік екендігі және қалаулы заттардың ішінде адам талпынатын ең жетілген мақсат екендігі айқын..

… Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде-бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады, қасиеттер дегенде біз әрбір нәрсенің  игілікті жағы, соның өзінің және оның әрекеттерінің абзалдығында және жетілгендігінде деген мағанада айтамыз. Егер осы екеуі (жақсы мінез-құлық пен ақыл күші) бірдей болып келсе, біз өз бойымыздан  және өз әрекеттерімізден абзалдық пен жетілгендікті табамыз және осы екеуінің арқасында біз, игілікті және қайырымды адам боламыз, бақытқа қол жеткіземіз.

          Бұл мәтінен не түйдіңдер?(оқушы ойын тыңдау)

   Түйін:

Әл-Фарабидің пікірінше, кейбір адам байлықты бақыт десе, кейбіреулері басқа нәрсені бақыт деп түсінеді. Сондықтан игіліктер ішінде бақыттың орнын жоғары бағалай отырып, соған жетуді қалайтын адамнан оны игерудің әдісі мен амалын табуын талап етеуі керектігіне мән береді.

Бақытқа жету жолы.
Әбунасыр айтуынша, адамдардың өзі көздеген мақсатына жетуі оның өзіне ғана байланысты. Адам рухани жағынан үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруға тиіс, адам тек ақиқатты, айналадағы дүниені танып білу арқылы жетіледі және адамның басына қонған бақтың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты»-деп түйіндеген. Ал,адам өзінің мінез-құлқын жетілдіре түсу үшін, ең алдымен, ол өзіне-өзі мейлінше адал болу керек.

     Ол: «Адам бақытқа жету үшін кез-келген нәрсені ойлап, соған жету барысында саналылықпен әрекет жасаса ғана, бүкіл өмірінде нені қалай жасау қажеттігін, және қалай ажырату керектігін біліп отыратын ақыл-парасатты болса ғана бақытқа жетеді»,-  дейді.     

    Ол жас ұрпағымыздың бойында болуға тиісті саналылық, ақыл-парасаттылық қасиеттер бақытқа жетудің бір жолы деп көрсетеді.

Ескерту

Дәйексөз.

  «Бақыт дегенің қалағаныңды істеу емес, сол істі жан- 

                            тәніңмен қалауың»

                                                                Л. Толстой

          Дәйексөзді ұлдарға айтқызу.

          Қыздарға айтқызу.

          Хормен оқу

          Л. Толстойдың  қанатты  сөзін қалай түсінесіңдер?

          Дәптерге көшіріп жазу.

   Түйін: Өмірдің әр сәтінен бір жақсылық көріп, соған риза болу, өзіңнен бір әдемілік көру, өзгенің бойынан, қоршаған әлемнен жақсылық көруге талпыну. Өмірден қуаныш табуға талпыну- міне, бақытты келтірудің бір тимді жолы.

 

Оқиғаларды әңгiмелеу (сұхбат)

 Мұғалім сыйы.

           Бақыт туралы ой. 2мин аудио тыңдау

Сұрақтар:

          Сіз үшін  бақыт не ? Әрқайсымыздың бұл туралы айтар өз ойымыз бар ғой. Бақыт туралы ойым… әркім өзі меңзейтін бақыт туралы ойыңды білдір. /оқушы ойын тыңдау/

Түйін:                                           

                                               Бақыт

   Құдай балшықтан Адамды мүсіндеп шыққанда, әлі де біршама балшық артып қалды.

                –  Енді не жасап берейін саған,-деп сұрады құдай адамнан.

                –  Маған бақыт мүсіндеп беріңізші,-деп қиылды Адам.

Құдай үндеместен қалған балшықты оның алақанына салып берді.

Бақытың өз қолыңда, өзіңе байланысты.

  Түйін: Бақытты болу өз қолыңда. Бұл – ақиқат, шындық. Мен үшін «Бәріңде бақыттысыңдар, өйткені  сендер өздеріңді, өз мүмкіндіктеріңді, бақытты болу жолдарын білесіңдер. Сендер өздеріңе, өз болашақтарыңа сеніммен қарағауға тиіссіңдер. Өмірдің мәні   бақытты етіп  өткізу.  Бақытты болуға әркім де лайық.

 

Шығармашылықіс-әрекет, топтық жұмыс.

              1-топ: «Мен бақыттымын» өлең жаз.

              2-топ Бақытты әжейдің өмірін суреттеу.

              3 -топ Шын бақыт  /сахналық қойлым көрсету/

 

Топпен ән айту.

Бақыт сыры

                        Сөзі  Қ.Жүнісовтікі    Әні Б.Жолдасқызынікі

Балғын  дәурен,  балауса  кезің  қандай,

Гүл  бағында  балқиды  сезім  балдай.

Құрбым, осы  бақытты  сезіне  алмай,

Кейін  налып  жүрмейік, кезіге  алмай.

 

Қайырмаасы

Жүрегімде  махаббат  ән  тербейтін,

Бағалайық  бақытты, жан  тербейтін.

Мұңға  батып  қалмасын, көңіл  бекер,

Оралмайды, жан  құрбым, өмір  кетер.

 

Арманның  мекені  алыстап  кетеді,

Жастығың  өтеді  қас  қағымда…

Бақ  нұры  таймасын, көңілің  сайрасын,

Өмірің  жайнасын  жас  шағында.

 

 – Оқушылар,  бүгін біздің ауылымыздың маңынан «Бақыт  керуені» өтіп барады екен. Олар бақыт іздеп ұзақ сапардан келе жатса керек. Біз сабақтан «бақыт» дегеніміз не екенін ұғындық  қой.  Керуендегі түйенің біріне, «Бақыт дегеніміз не?» деген сұраққа жауап болатындай бір-бір сөз жазып, оқып

қоржынына салуды тапсырамын.

Түйін:В.Н.Терешкова:«Меніңше, адамның ең бір үлкен бақыты – күресе білу, қуана білу, жұмыс істей білу  және  басқалардан қалыспай, өмірге ілесе білу»  деген екен.                                                                                                                              

  Бақыт деген-бұл шексіз жол. Бақытты болу үшін дәл осы кезден артық уақыт жоқ. Осы шақта қуанып өмір сүре біл!

   Балалар, менде сендермен  дәл осы сәтте мән-мағынасы терең, керемет сабақ өткізгеніме бақыттымын.

Үй тапсырмасы.

1.       Оқулықтың 7 – 8 сабақтағы  30 беттегі «Шаян»  өсиет әңгімесін оқып келу.

 

Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

       Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмады.(жай дуыспен)

 Балалар ішкі тыныштығызды жүрегімізде  орнатып, сабақтан алған әсерлеріңізді жақсы қасиеттерді жүрегіңізге  сақтап алыңыздар.

             Тыныштық, тыныштық. тыныштық бар жерде,

         Тынышытық,тынышытық, тынышытық, бүкіл әлемде!

                       Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *