Көктем ханшайымы келді бізге қонаққа

Бостанова Калдыкыз Таубаевна

Білім беру саласы: Қатынас .Тіл дамыту.Сенсорика.

Сабақтың тақырыбы: «Көктем ханшайымы бізге  қонаққа келді».

Сабақтың мақсаты: Өткен білімдерін пысықтау. Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Үй жануарлары және олардың төлдері туралы  білгендерін жетілдіру. Заттардың түсі, пішіні, көлемін ажырату арқылы сенсорикалық білімдерін жетілдіру.

Көрекіліктер: Суреттер үй жануарлар, жемістер муляждары , әр түрлі жалаушалар ,  музыкалық әуендер жазылған үнтаспалар.

Билигвальный компонент-Қос тілділік: көктем- весна,жемістер- фрукты, алма яблоко,сиыр- корова.

Сабақтың барысы:

Балалар  қане,орнымыздан тұрып бір бірімізге алақан жылуын сыйлай отырып шаттық шеңберін айтайықшы:

Мына сұлу әлемде

Адам өмір сүреді.

Үлкенменен кішіге

Күн сәулесін төгеді.

Ал,балалар енді қонақтармен амандасайық.(сәлеметсіздерме! здраствуйте!)

Балалар бүгін біздің сабағымыз ерекше болмақ, себебі бізге көп қонақтар келді.

-Ой,балалар тыңдаңдаршы,біреу есікті қағатын сияқты .Қәне, есікті ашайық.

Оо,балалар  бізге тағыда бір қонақ келді!

Қараңдаршы балалар ,бізге «Көктем ханшайымы» қонаққа келді.

-Ал, көктем аруы, бізге  қонаққа келген екенсің, бұйымтайыңды айта отыр.

 

-Балалар,   сендер көп нәрсе біледі екенсіңдер соны сендерден білгім келеді.

-Көктем ханшайымына  білетіндерімізді айтып беремізбе?

(Балалардың жауабы: ия)

Олай болса балалар қәне, айтайықшы :

-Қәзір жылдың қай мезгілі?(көктем)

-Көктем, орыс тілінде қалай айтылады?(весна)

– Көктем мезгілінің  айларын  атап бере аласыңдарма?

(Наурыз, сәуір, мамыр)

-Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?(күн жылынады, қар ериді,жаңбыр жауады, құстар ұшып келеді, гүлдер шығады.)

-Балалар біз көктемде қандай мерекелерді тойладық? (Аналар мерекесі, наурыз мерекесі, халықтар достығы мерекесі, жеңіс күні)

-Балалар, көктем ханшайымы бізге бірнеше суреттер ала келіпті, сол суреттерді қарап көрейікші.

-Ой балалар, мұнда үй жануарлары мен олардың төлдерінің суреттері бар екен.

-Бұл не екен балалар?

-Сиыр (орыс тілінде, корова)

-Сиырдың төлін қалай атаймыз?

-Бұзау.

-Мынау не?

-Жылқы

-Жылқының төлін қалай атаймыз?

-Құлыншақ.

Құлыншақ туралы қандай тақпақ білеміз?

Құлыншағым құндызым,

Құлдырайды шабады.

Жылтылдаған жұлдызым,

Құстай қанат қағады.

 

-Бұл не?

-Қой

-Қойдың төлін қалай атаймыз?

-Қошақан.

-Қошақан туралы қандай тақпақ білесіңдер? Кәне, Санжар айтады екен.

Кіп кішкене момақан

Қошақанды ұнатам.

Сүйеді апам қозым деп.

Қошақаным өзің деп.

Ал, балалар, мынау не екен?

-Ешкі.

-Ешкінің төлін қалай атайды екенбіз?

-Лақ.

-Көктем ханшайымы! Лақ туралы біздің   Айғанымымыз керемет тақпақ біледі .

Көктем ханшайымы : кәне, тыңдап көрейін.

Айғаным:

Менің ерке лағым,

Өзім баққан шұнағым,

Жайқалған жасыл бау баққа

Күнде әкеліп тұрамын.

Бау бақшада адассаң

Тауып аламын, лағым.

 

(Сиыр мен бұзаудың, жылқы мен құлынның муляждары қатар қойылып, балалар қайсы үлкен, қайсысы кішкентай екенін көрсетеді).

 

-Балалар , сендер шаршаған боларсыңдар қіне, көктем ханшайымымен бірге тұрып сергіп алайықшы.

(Сергіту сәті)

 

-Жақсы балалар ,қәне,отырайық.

Ханшайым : балалар, мен мынадай жемістердің муляжын алып келдім. Сендерден осы жемістерді атап және түсін , пішінін, дәмі туралы айтып берулеріңді сұраймын.

Әр балаға жемістердің муляждары таратылып беріліді. Балалар қолдарындағы жемістердің атын, түсін, пішіні, дәмі туралы айтып береді.

 

Ойын: «Өз түсіңді тап»сенсорлық дидактикалық ойыны. (балаларға әртүрлі жалаушалар таратылып беріледі, және үш шеңбер қойылып, әр шеңберге бір жалаудан қойылады, жасыл, қызыл,сары.)

Ойынның шарты : белгі бойынша балалар, өз қолдарындағы жалаушамен сәйкес келетін шеңберге барып тұрады. Келесі кезекте балалардың қолындаңы жалаушалар ауыстырылып, ойын қайталанады.

Ханшайым: жарайсыңдар, балалар! Ойын өте қызықты болды.

 

-Ханшайым, біздің балаларымыз қандай тапқыр, көрдің бе?

-Жақсы, балалар, сендер бәрін жақсы біледі екенсіңдер. Мен сендерден көп нәрсе білдім. Сендерге көп рахмет, мен енді қайтайын .

-Олай болса балалар ,көктем ханшайыммен қоштасайық(сау бол ).

Қортындылау: Балалар , бүгінгі сабағымыз сендерге ұнадыма?Көктем ханшайымы жылдың қай мезгілінде болады? Ол сендерге қандай суреттермен, муляждар алып келді?

Сабаққа жақсы қатысқан балалады  мақтап марапаттау. Келген қоноқтармен қоштасу.

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *