Жарық көрген ниет

Бір байдың сарайына кедей кісі қайыр сұрап келеді. Бай «не істер екен?» деп оның қолына бұзылған тамақ толған себет ұстата салады. Әлгі кедей үйіне барып ішін ашса жеуге жарамсыз тамақ қалдықтарын көреді. Байдың ісіне жымиып күледі. Сосын себетті тазалап, ішін алуан түрлі, жұпар иістері аңқыған гүлдермен толтырады да байдың сарайына қарай беттейді. Қайта келмес деген кедейдің себет толы гүлмен келгенін көрген бай қатты таңырқайды. Сосын: «Бұл не үшін?» – деп сұрайды. Сонда әлгі кедей: «Әркім өз жүрегінде не жатқанын ісімен көрсетеді» – деп сарайдан шығып кетіпті.

Ақпарат көзі: http://asylarna.kz:81/maqala/maqalainfo/76
© «Асыл арна» рухани-ағартушылық телеарнасы

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *